
Әдебиет • 22 Тамыз, 2022
Қазақта сөз ұстап, өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған ірі ақындардың бірі – Шәңгерей Бөкеев. ХІХ ғасырдың соңғы жартыжылдығы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ақынның елді өнер-білімге үндеген туындылары, философиялық толғаулары, махаббат лирикасы, табиғатты суреттей жазған шығармалары қазақ жұртының рухани қазынасына қосылған үлкен үлес болды.
Кино • 22 Тамыз, 2022
Ашаршылық қасіреті туралы фильм
Қазіргі таңда еліміздің кино саласын дамытуда шетелдіктермен әріптестік орнату ісі жолға қойылып келеді. Мұның бір мысалы ретінде «Қазақфильм» киностудиясында ашаршылық туралы «Өліара» атты толықметражды көркем фильмнің түсірілуін атап көрсетуге болады. Өйткені бұл көркем фильмнің қоюшы режиссері – Мажарстан Республикасының тумасы Тамаш Тот.
Өнер • 21 Тамыз, 2022
Junior Eurovision байқауына кім барады?
Ақтөбеде Baqytty Bala вокалдық байқауы аяқталды. Онда фестиваль жеңімпаздары марапатталып, Junior Eurovision байқауына қатысатын қазақстандық жас өнерпаздың есімі белгілі болды.
Қоғам • 16 Тамыз, 2022
Қоғам өміріне көңіл терезесінен қарап, кездескен кейбір жағдайлардың күнгейі мен көлеңке жағын ой елегінен өткізіп жүресің. Осындайда бір көріністерге таңырқай қарап, санаңда қорыта алмай, әрі-сәрі күй кешіп, тіпті есеңгіреп қалатын кезің де болады.
Қоғам • 10 Тамыз, 2022
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қазіргі таңда өзін өзі жұмыспен қамтып, ешкімге телмірмей, тіршілігінің арбасын өлермендікпен сүйреп жүрген отандастарымыздың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Жұрттың бәріне табысы әжептәуір жұмыс табыла бермейтін бүгінгі заманда олардың еңбегін бағалау әрі қолдау мәселесіне назар аудару қажет-ақ.
Абай • 10 Тамыз, 2022
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Бүгін – Абай күні. Хакімнің туған күніне орай елімізде түрлі іс-шара, атап айтсақ, көрмелер, конференциялар, шығармашылық кештер ұйымдастырылуда.
Қоғам • 08 Тамыз, 2022
Халықаралық байқауда бас жүлде алды
Грузияда өткен Халықаралық байқауда қарағандылық 14 жасар Айбек Қасымханов бас жүлдені жеңіп алды.
Руханият • 07 Тамыз, 2022
Жаңылыспасам, 1994 жылдың қаңтары болу керек. Әлдебір шаруамен аудан орталығына жолға шықтым. Үлкен жолдың бойында көлік күтіп тұрмын. Қақаған қыс. Ары-бері өтіп жатқан көлікті емге таппайсың. Ұзақ күттім. Ілуде бір кездескен техникаларды қол көтеріп тоқтатқаныммен, аудан орталығына бармайтын, жай ғана ауыл арасында өз шаруасымен жүргендер болып шығады. Бір кезде, үміт үзіліп, күте-күте төзім таусыла бергенде көз ұшында бір көліктің қарасы көрінді.
Қазақстан • 07 Тамыз, 2022
Алдағы уақытта Францияда Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай көрме ұйымдастырылмақ. Міне, осы іс-шараға қазақтың атақты суретшісі Кәріпбек Күйіковтің қатысуы үшін ел азаматтары, қамқор жандар қаржылай көмек қолын созып отыр.
Қоғам • 01 Тамыз, 2022
Адами капиталды дамытудың негізгі көзі – сапалы білім, тәрбие беру жалпыұлттық басымдыққа ие. Бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында» атап көрсетілген.