Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1211 материал табылды

Қаржы • 29 Наурыз, 2022

Коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталы көбейді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сыртқы коммуникациялар басқармасы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының 10 млн теңге сомасындағы ең төмен мөлшері енгізілгенін хабарлады.

Қаржы • 28 Наурыз, 2022

Онлайн төлем көлемі артты

Қазір ішкі нарықта қолма-қол төлем жасау үрдісінің азайғаны кәдімгідей байқалады. Көпшілік қызмет пен тауар құнын не картамен, не смартфонмен төлеуге әдеттене бастады. Соңғы бес жылда банк картасы санының 3,5 есе көбейгені де сөзімізге анық дәлел.

Қаржы • 28 Наурыз, 2022

ЕАЭО елдері қалай есеп айырысады?

Бұрын да айтылатын әңгіменің шеті жуырда тағы көтерілді. Бұл – Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников айтты делінетін ЕАЭО елдерінің өзара есептесуді рубль арқылы жүргізу мәселесі. Бірқатар ақпарат құралдары Решетниковтің сөзін алуан түрлі етіп таратқан. Бірінде министр «одақ елдері өзара есептесуді рубль арқылы жүргізеді» деп айтты десе, енді бірінде «мүше-мемлекеттер ұлттық валютадағы есеп айырысуға кезең-кезеңімен көшу туралы келісімге келді» деген сөзін келтіреді. Әрине, екі сөздің айырмашылығы бар екені белгілі. Бірақ ресейлік министр қалай айтса да, ортақ валюта тақырыбы тағы бір мәрте көтерілгені шындық.

Экономика • 28 Наурыз, 2022

Алтын-валюта қоры қомақты

Әлемдік геосаяси жағдайдың ушығуы Қазақстанға да салқынын тигізіп жатыр. Азық-түлік бағасының қымбаттауы, теңгенің әлсіреуі осыған дәлел.

Экономика • 24 Наурыз, 2022

Азық-түлік нарығына салмақ түсуі ықтимал

Азық-түлік бағасы өссе халықтың уайымы күшейеді. Басқа-басқа, Қазақстанда уайымның бұл түрі еселеп күш алады. Өйткені табыс төмен, ал инфляция болса ырыққа көнер емес. Ақпанда жылдық инфляция 8,7 пайызды (қаңтарда – 8,5 пайыз) құрап, жылдамдай түсті. Соның ішінде азық-түлік тауарлар бағасының өсу қарқыны 10 пайызға дейін (қаңтарда – 9,9 пайыз) ұлғайғанын Ұлттық банктің өзі де растайды.

Экономика • 24 Наурыз, 2022

Құбырдың істен шығуы Қазақстан экономикасына қалай ықпал етеді?

Біздің мұнайдың 80 пайызы экспортқа Ресей арқылы тасымалданатыны белгілі. Соның ішінде, Новороссийск портымен тасымалданады. Түнеукүні Краснодар өлкесінде қатты дауыл тұрып, құбыр желісіне елеулі зиян келтірген. Осыған байланыс­ты консорциум құбырдың зақым тиген бөлігін жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін оның жұмысын уақытша тоқтатқан. Бұл құбыр желісі арқылы экспортталатын мұнайдың төрттен бірі ғана Ресейдікі, қалғанының бәрі біздің мұнай (жылына 50 млн тоннадан астам). Магистральдың қуаттылығы жылына 67 млн тонна мұнай тасымалдауға жетеді.

Экономика • 24 Наурыз, 2022

Құбырдың істен шығуы Қазақстан экономикасын құлдырата ма?

Біздің мұнайдың 80 пайызы экспортқа Ресей арқылы тасымалдатыны белгілі. Соның ішінде, Новороссийск портымен. Түнеу күні Краснодар өлкесінде қатты дауыл тұрып, құбыр желісіне елеулі зиян келтірген.

Қаржы • 18 Наурыз, 2022

Қаржы секторындағы гендерлік теңдік

Әйелдердің қоғамдағы, экономикадағы рөлі туралы аз айтылып жүрген жоқ. Елімізде 2016 жылы Президенттің Отбасылық және гендерлік сая­сат­тың тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлығы шыққан. Жар­лық бойынша әйелдердің биліктің атқарушы, өкілдік және сот орган­да­рындағы, мемлекеттік және корпоративтік секторлардағы үлесі 2023 жылы – 25 пайыз, 2030-ға қарай – 30 пайызға жетуі керек. Осы мәсе­ле­ге орай Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова пікір білдірді. Әйелдердің экономикаға аз араласуы әлемдік экономиканың өсімін тежеуші факторға айналып келеді, мұны Халықаралық валюта қоры мен БҰҰ зерттеулері де растайды.

Қаржы • 16 Наурыз, 2022

Ресейлік банктердің Қазақстан нарығындағы үлесі

Ресей банкінің және оның еншілес ұйым­дарының АҚШ пен ЕО санкцияларына ұшы­рағаны белгілі. Ресейлік банк­тер біраздан бері Қазақстан нарығында да ор­ныққан және өзіндік аудиториясы қалыптасқан. Олар – Сбербанк, Альфа-банк және ВТБ банк.

Қаржы • 15 Наурыз, 2022

Микроқаржы нарығы жандана түсті

Микроқаржы нарығы белсенді даму жолына түсті. Дәл қазіргі кезде микроқаржылық ұйымдар қауымдастығы құрамына кіретін 65 ұйым ел аумағындағы бүкіл микронесиенің 87,4 пайызын ұсынып отыр.