Қаржы • 05 Мамыр, 2022
Қазақстанда банктердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) бекітудің жаңа тәртібі енгізілмек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушылардың борыш жүктемесін төмендету мақсатында осындай шешім қабылдауға ниетті. Тиісті қаулы жобасы әзірленіп, талқылауға ұсынылды («Ашық НҚА» порталында жарияланған).
Экономика • 28 Сәуір, 2022
Бірер күн бұрын ғана «Банк ЦентрКредит» ресейлік еншілес банк «Альфа-банкті» сатып алғанын ресми мәлімдеді. БЦК акциялардың 100 пайызын сатып алу арқылы «Альфа-банктің» жаңа акционері атанып отыр. «Альфа-банк» АҚ акционерлер құрамынан толық шығып, директорлар кеңесінің құрамынан өзінің өкілдерін шақыртып алады.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2022
Көңілді алаң етіп, көп күмәнді ойға жетелеген «Каспий құбыр желісі консорциумының» зақым тиген айлақтары қайта іске қосылды. N3 айлақтық құрылғысы танкерлерге мұнай тиеуге дайын.
Қаржы • 27 Сәуір, 2022
Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені 0,5 пайыздық тармаққа дейін жоғарылатып (13,50-ден), 14 пайыз деңгейінде белгіледі. Осылайша, көпшілік күткен төмендеу жүзеге асқан жоқ. Ұлттық банк ақша-несие саясатын әрі қарай қатаңдатуға көшкенін көрсетті. Ақша-несие саясаты жөніндегі комитеттің хабарлауынша, әлемде инфляциялық қысымның күшеюі, Қазақстанның сауда серіктес елдеріндегі баға қымбатшылығы базалық ставканың көтерілуіне негіз болған. Биыл наурызда жылдық инфляция 12 пайызға дейін жетіп, рекорд жаңартқан болатын.
Қаржы • 26 Сәуір, 2022
Сақтандыру секторының табысы өсті
Биыл жыл басынан бері отандық сақтандыру компанияларының табысы 158,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл – 2021 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 42,9 пайызға жоғары нәтиже. Ал он жыл бұрынғы көрсеткіштен 10 есе көп.
Қаржы • 26 Сәуір, 2022
Банктердің тәуекел рейтингтері расталды
Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Kaspi Bank, Forte Bank және Қазақстанның даму банкі бойынша ұзақ мерзімді рейтингті растады. Мәселен, Kaspi Bank бойынша ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингі және тәуекелдің ұзақ мерзімді рейтингі «Ва1» деңгейінде расталды. «Тұрақты» болжамы банктердің алдағы уақыттағы орнықты дамуына қатысты пікірін білдіреді.
Қаржы • 22 Сәуір, 2022
Көлеңкелі несие көбеюі ықтимал
Соңғы кезде әлеуеті күшейіп, танымалдылығы артқан микроқаржы ұйымдары үшін жақын арада маңызды өзгеріс күшіне енбек. 2022 жылдың шілдесінен бастап МҚҰ қарыз алушылары борыш жүктемесі коэффициентінің шекті мәні мен есептеу ережесі басқаша есептеле бастайды. Бұл өз кезегінде көлеңкелі несиелеу нарығының көбеюіне алып келеді дейді сарапшылар.
Әлем • 22 Сәуір, 2022
Әлемдік экономиканың өрісі тарылады
Халықаралық валюта қорының болжауынша, 2022 жылы инфляция күшейіп, жаһандық экономикалық өсім күрт баяулайды. Бұл туралы ХВҚ «Әлемдік экономика перспективасы» атты кезекті зерттеуінде жария етті. Қордың мәлімдеуінше, жаһан экономикасының тұсаулануына басты себеп – Украинадағы ахуал.
Қаржы • 21 Сәуір, 2022
Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау және қарыз алушының несие тарихын жақсарту мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекеттік несие бюросы және Бірінші несие бюросымен біріге отырып, қашықтан басқару процесін іске қосты. Несие тарихындағы ақпаратқа қатысты күмән келтіру процесін fingramota.kz медиапорталында іске асыруға болады.
Экономика • 20 Сәуір, 2022
Қазақстан мұнайын экспорттаудың басты маршруты – Каспий құбыр желісі консорциумының жөндеу жұмыстарына жабылуы ел экономикасына үлкен тәуекел тудырып отыр. Ресей Қара теңізде тұрған дауыл салдарынан құбыр жарылды деп мәлімдеді. Бәлки басқа да себептері бар болар деп біздің ойымыз сан-саққа жүгіреді.