Экономика • 17 Мамыр, 2022
«Жоқ, керек емес». Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Аграрлық банк қажет» деген депутаттық сауалға берген жауабында осылай депті. Елімізде еншілес компаниялары арқылы агроөнеркәсіп субъектілерін қаржыландыратын «Бәйтерек» холдингі бар. Сол себепті жеке аграрлық банк құрудың қисыны жоқ деп есептейді Премьер-Министр.
Экономика • 17 Мамыр, 2022
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, жыл басынан бері ел экономикасы 4,4 пайызға өскен. Ел экономикасының тең жартысынан астамын шикізат секторы, нақтырақ айтқанда мұнай өндірісі құрайтынын ескерсек, мұндай өсімге қуана қоюдың қажеті бар ма екен? Егер тіс пастасынан бастап, мүлік-мүкәммал, көйлек-көншекке дейін өзіміз өндіріп, балқытылып жатқан металл біткенді төске салып шыңдап, оны басқа дүниеге айналдырып, соны сатып пайда тапсақ, әңгіме басқа. Жығылғанға жұдырық – экономикамызды енді түрлендіреміз бе дегенде геосаяси дағдарыс келіп қосылды.
Қаржы • 15 Мамыр, 2022
«Сбербанк» пен ВТБ инвестор іздейді
«Сбербанк Қазақстан» еншілес банкі мен «ВТБ Қазақстан» ресми түрде сатылымға шығарылды. Қазақстан нарығында жұмыс істейтін ресейлік еншілес банктер өздеріне жаңа инвестор іздейді.
Бизнес • 13 Мамыр, 2022
2022 жылы елімізде жоғары білімі бар кәсіпкерлер үлесі 61,3 пайызды құрапты. Бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 12,7 пайызға төмен. Solva компаниясы жүргізген арнайы зерттеуге қатысқан кәсіпкерлердің көбі бизнес жүргізу үшін білім аса қажет емес деп ойлайтындарын айтқан.
Қаржы • 11 Мамыр, 2022
Наурыз айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 2 073 өтінішін қараған. Өтініштердің басым бөлігі банк секторының үлесіне тиесілі.
Қаржы • 11 Мамыр, 2022
Банк секторындағы көрсеткіш құбылып тұр
Қазір отандық банк секторы аса күрделі болмаса да, орта деңгейлі өзгеріс алдында тұр. Олай дейтініміз – бізде қызмет көрсететін ресейлік еншілес банктердің басынан бақ тая бастады. Жалпы, елімізде дәп қазір 22 банк жұмыс істесе, соның 14-і шетелдіктердің қатысуымен жұмыс істейді. Оның ішінде 11 банк – еншілес қаржы институттары.
Экономика • 06 Мамыр, 2022
Урбанизация: Үдере көшу жақсы үрдіс емес
Қазір қалалық болу үрдісі қатты жүріп жатыр. 2021 жылы елдегі 19 млн халықтың 11,2 млн-ы қалада қоныстанса, 7,8 млн-ы ауылда қалған. 2025 жылы шаһар тұрғындарының саны 13 млн-ға жетпек. Сөйтіп, ел тұрғындарының 65 пайызы қалалық болып шыға келеді. Урбандалудың жылдам жүруі халықтың қажеттілігін, олардың өмір сүру салтын өзгертеді. Бұл өз кезегінде құндылықтардың да түрленуіне жол ашады.
Экономика • 06 Мамыр, 2022
Наурызда 12 пайызға шығып, рекордтық меже орнатқан инфляция деңгейі сәуір айында жылдық мәнде 13,2 пайызға көтерілді. Соңғы бір жылда азық-түлік тауарлары – 17,9, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 11,1 және ақылы қызметтер 8,9 пайызға қымбаттаған. Әсіресе былтырғы сәуірмен салыстырғанда жаңа піскен көкөніс, құмшекер, картоп пен құс етінің бағасы аспандай түсіпті.
Қаржы • 05 Мамыр, 2022
Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандық банктерде жинақталған салым көлемі 26,61 трлн теңгеге жеткен. Бір ай ішінде салымдар 1,07 трлн теңгеге, бір жылда 4,5 трлн теңгеге көбейіпті. Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты геосаяси ахуалдың нашарлағаны және бұл жағымсыз жағдайдың қаржы секторына да оңай тимегені белгілі. Соған қарамастан қазақстандық банктер табысты күйде қалып отыр дейді сарапшылар.
Қаржы • 05 Мамыр, 2022
Жақында Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының 2022 жылдың I тоқсанындағы шоғырландырылған бюджетке (республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Ұлттық қорға бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры – ред.) жасаған шолуы жарияланды.