Референдум • 05 Маусым, 2022
Әбдіжаппар Бекматов: ел тұрғындарының белсенділігі қуантты
Бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум басталды. Халықаралық ақпарат орталығына Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әбдіжаппар Бекматов келіп, брифинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 01 Маусым, 2022
Қазіргі геосаяси жағдай Қазақстан мен Ресей арасын бұрынғыдан да жақындата түсті. Ресейліктердің ішінара Қазақстанға қоныс аудара бастауы, елімізде жұмыс істейтін еншілес банктердің ауыр дағдарысқа ұшырауы, еларалық сауда қатынасының құбылмалы ауа райындай күрт өзгеруі (экспорт пен импорттың шектелуі) және Ресей билігінің Еуразиялық одаққа ортақ қаржы жүйесін құруды ұсынуы осыны байқатады.
Экономика • 26 Мамыр, 2022
Мемлекеттік сатып алуда ашықтық орнайды
Мемлекеттік сатып алу мәселесі – мемлекеттік реттеудің ең бір күрделі салаларының бірі. Арагідік зерттеушілер, журналистер бұл саладағы былықтың бетін ашып отыратыны да бар. Тапсырыс берушілер көп жағдайда бармақ басты, көз қыстыға жол беріп, бір көзден сатып алуды майшелпекке айналдырғаны да қашан.
Қаржы • 25 Мамыр, 2022
Санкция қысымына ұшырап, соның салдарынан нарықтағы қызметін тоқтатуға мәжбүр болып жатқан үш ресейлік еншілес банк клиенттерінің дәл қазір көңілі күпті екені белгілі. Өйткені жекелеген шетелдік банктер үш банктің – «Сбербанк Қазақстан», «Альфа-Банк» және «ВТБ Қазақстанның» шетелдік валютадағы корреспонденттік шоттарын бұғаттаған. Шоттардағы қозғалыссыз жатқан қаржы көлемі 9,2 млрд теңге көлемінде.
Қаржы • 24 Мамыр, 2022
Ақша-несие саясаты қатаңдауы керек пе?
Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы аналитикалық орталығы қаржы нарығы кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалдамасының қорытындысын жариялады. Сауалдама аясында монетарлық саясат қатаңдауы қажет пе деген сауалға да жауап айтылды.
Экономика • 23 Мамыр, 2022
Тауарды онлайн сатып алу көбейе түсті
Елімізде цифрландырудың дамуы, соның нәтижесінде сауда-саттықтың да онлайн платформалар арқылы жүре бастауы отандық экономиканың даму барысына да өзгеріс әкелді. Онлайн сауда бізде ғана емес, әлемде де экономиканың драйверіне айналып келе жатыр. Қазір онлайн платформаларға смартфон арқылы кіру мүмкіндігі кез келген азаматта бар.
Қаржы • 23 Мамыр, 2022
Тұрғындар қандай депозитке көбірек сенеді?
Ұлттық банк мәліметінше, жыл басынан бері банктердегі депозит көлемі 312 млрд теңгеге төмендеген. 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша депозиттерде 13,4 трлн теңге жатса, 1 сәуірде оның көлемі 13,1 трлн теңгеге дейін азайған.
Қаржы • 19 Мамыр, 2022
Биыл наурыз айында екінші деңгейлі банктердің қарыз портфелі 0,7 пайызға артып, 20,45 трлн теңгеге жеткен. Сарапшылардың айтуынша, банктер жеке және заңды тұлғаларға белсенді несие көмегін жасап жатыр. Бөлшек сегментте кепілсіз несие алу процесі толықтай автоматтандырылған. Клиенттер тұтынушылық несиелердің 50 пайызын мобильді қосымша арқылы алуға машықтанған.
Экономика • 18 Мамыр, 2022
Қазіргі геосаяси түсініксіздік және қор нарығындағы құбылмалылық жағдайында, сонымен қатар валюта курсының күн сайын өзгеруіне орай инвестициялаудың балама құралдарына деген сұраныс жедел өсіп жатыр. Бұл ретте ең сенімді альтернативті құрал ретінде алтын аталады.
Қаржы • 18 Мамыр, 2022
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Отандық банк секторында бірнеше қаржы институтының жұмысын тоқтатқаны белгілі. Клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындай алмаған 9 банк бар. Олар – «Валют-транзит банк», «Казинвестбанк», Delta Bank, «Эксимбанк Қазақстан», «Астана Банкі», Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan.