Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1211 материал табылды

Қоғам • 10 Ақпан, 2022

Қаржы хакерінен сақтану әдістері

Цифрлы технологиялардың дамуымен бірге алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып жатыр. Тіпті алуан түрлі айласын көріп, естіп жағаңды ұстайсың және осынау әбжілдік пен өнер­тап­қыштықты адал іске бағыттаса қандай цифрлы революция туды­рар еді-ау деп таңырқайсың.

Қаржы • 09 Ақпан, 2022

Fitch: Қазақстанның жағдайы тұрақты

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі кезекті рейтингін жариялап, онда Қазақстанның жағдайын ВВВ деңгейінде, яғни тұрақты деп бағалады.

Экономика • 09 Ақпан, 2022

Сәнді көліктің салығы да көп

Сән-салтанат салығын енгізу мәселесінің көтерілгеніне он жылдан асты. Сонау 2012 жылдың өзінде мәжілісмендер бұл тақырыпты арагідік көтерген болатын. Әріге бармай-ақ берідегі депутаттардың ұсынысынан бастай берейік. Былтыр жыл соңында Мұрат Бақтиярұлы сән-салтанат салығын енгізейік, көп елде бұл тәжірибе бар деп дәйек келтірген. Оған Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев бас изеп, құптаған.

Президент • 08 Ақпан, 2022

Азаматтар табысын арттыру – басты міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында елдің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы баяндалып, биылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылды. Жиынды ашқан Президент былтыр ел экономикасының 4 пайызға өскенін, бірақ қаңтар оқиғасы біздің өмірімізді түбегейлі басқа арнаға бұрып жібергенін айтты.

Экономика • 08 Ақпан, 2022

Бюджет тапшылығы өсті

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының хабарлауынша, салық түсімдерінің өсуіне және мұнайдың қымбаттауына қарамастан Қазақстан бюджетінің тапшылығы бір жыл ішінде 1 трлн теңгеге жақындай түскен.  

Қоғам • 04 Ақпан, 2022

Жолдағы жағдай: Зардап шеккенге қор көмектеседі

Жолда көлікпен жүру – үлкен тәуекел. Жеңіл-жел­пі жол-көлік оқиғалары да болмай тұрмайды. Он­дай кезде өз құқығыңды білу, сол құқық аясын­да әрекет ету аса маңызды. Осы ретте Қаржы на­ры­ғын реттеу және дамыту агенттігі егер кінәлі аза­мат оқиға орнынан ізін жасырса, сақтандыру тө­ле­мін қалай алуға болады деген сауалға жауап береді.

Экономика • 03 Ақпан, 2022

Стрестік активтер жыры: Мемлекет пен мүдделі топтар арасындағы тартыста кім жеңеді?

Президенттің айтқан сөздерін бажайласақ та, соңғы күндері болып жатқан өзгерістерге қарасақ та, қаржы нарығында көп ұзамай елеулі өзгерістер болатынын байқаймыз. Қаржы институттарының нарықта халықпен бетпе-бет қалатын күні де алыс емес секілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың банкирлерге мемлекет көмектеспеуі керек деген сөзі көп нәрсені меңзейді.

Қазақстан • 01 Ақпан, 2022

Қаржы пирамидалары қайта бас көтерді

Ұрлық-зорлықсыз-ақ халықтың адал нәпақасын еншілеп алатын бір топ болса, бұл – қаржы пирамидасының өкілдері. Осыған дейін қаншама пирамиданың жолы кесілді, бірақ тау­сылар түрі көрінбейді. Аз уақыт бой тасалап, қайта бас көтереді. Олардың ә дегенде алаяқ екенін аңғару да қиын. Бағалы қағаз сатамыз, инвесторлыққа үйретеміз, зергерлік бұйым, криптовалюта саудалаймыз, туристік жолдама ұйымдастырамыз, түрлі тауар мен қызмет ұсынамыз деп бас айналдырады. Әрі осының бәрі заңды екеніне де сендіреді.

Қоғам • 01 Ақпан, 2022

Жалға алу құны неге өсті?

Қазақстан пәтерді жалға беру бағасының қымбаттауы жөнінен 107 елдің ішінде 82-орынға тұрақтаған. Еліміздегі аренда бағасы 303,85 долларды құрады. Бұл туралы energyprom хабарлайды.

Экономика • 31 Қаңтар, 2022

Экономикаға несие беру азаяды

«Мемлекет экономикаға араласпауы керек» деген ұстаным Қазақстанда бірте-бірте орындала бастады. 2020 жылға дейін де мемлекеттік бағдарламалар экономикада елеулі рөлге ие болып келген еді. Екі жыл бұрын басталған COVID-19 пандемиясы нарыққа ауыр тиді де, мемлекет экономикаға тіпті белсенді араласуға мәжбүр болды. Бизнес пен азаматтардың экономикалық белсенділігі құлдырап, бірнеше кәсіпорын уақытша жабылды, ал біразы жұмысын біржола тоқтатты.