Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022
Сұйытылған газ бағасы тұрақталды ма?
Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде энергетика саласының штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Транспорттық шектеуге байланысты Теңіз кен орнында мұнай мен газ өндіру көлемі азайған. Десе де мұнай өндіру тоқтаған жоқ. Сонымен қатар елдегі үш мұнай өңдеу зауыты да қалыпты режимде жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Экономика • 08 Қаңтар, 2022
Терроршылар әрекетінен экономикаға қанша залал келді?
Елімізде, әсіресе Алматы қаласында болып жатқан жаппай тәртіпсіздік салдарынан мемлекетке және бизнеске аса ауқымды экономикалық шығын келді. Бұзақылардың басбұзарлық әрекетінен әлеуметтік маңызы бар нысандар, сауда орындары және бизнес субъектілері қатты зардап шекті. Алдын ала есептеу бойынша бүкіл ел аумағындағы шағын және орта бизнес нысандарына келген залал мөлшері 87 млрд теңгеге (200 млн доллар) бағаланады.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «2022 жыл Балалар жылы» деп жарияланды. Тәуелсіз ел болғалы балаларға арнайылап ден қойып, маңыз беріп жатқанымыз осы шығар. Біреуін ескереміз, біреуін ескермейміз, жыл сайын балаларға қатысты қаншама құқық бұзушылық, қылмыс, оқыс оқиғалар болып жатады. Шын мәнінде соның барлығы терең зерделеуді, тегеурінді тәртіпті қажет етеді. Бүгін балаға мән бермеу – еліңнің ертеңіне тоңтеріс қараумен бірдей.
Экономика • 01 Қаңтар, 2022
Баспана бағасы төмендемейді – дейді жылжымайтын мүлік нарығының тәуелсіз талдаушысы Анна Шацкая
Пандемия кезінде құрылыс секторы экономиканың негізгі драйверіне айналды. Рецессияға қарамастан алдыңғы жылы бірінші және екінші нарық үйлері 4,8 және 13,9 пайызға өсті. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, былтыр жыл басынан бері бірінші және екінші нарық үйлері 11,7 және 19,5 пайызға қымбаттаған. Қысқасы, баспана нарығы өз бетімен емін-еркін өсіп барады. Қай тұрғыдан да. Осы орайда тұрғын үй нарығының сарапшысы Анна Шацкая тұрғын үй бағасы, проблемалық құрылыстар және БЖЗҚ талаптарының пәтер бағасына әсері туралы айтып берді.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2021
2022 жылы Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?
Таяуда PwC Kazakhstan компаниясы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді анықтаған кезекті жетінші тоқсан аралық зерттеуін жариялады. Зерттеуге Brent мұнайының бағасы, валюта курсы, инфляция, базалық мөлшерлеме арқау болған. Сауалдамаға 11 сарапшы қатысқан. Алайда объективті пікір көрініс табуы үшін бірқатар сарапшылардың аты-жөні құпия қалдырылған.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2021
1 қаңтардан бастап не өзгереді?
2022 жылға да келіп жеттік. 2021 жыл – пандемия зардаптарымен күреске, сауда-саттықты реттеуге, теңге бағамымен арпалысуға жұмсалды. Үкімет жыл бойы инфляцияны уысынан шығарып алып, жыл соңына қарай бағаны иліктірді. Биыл нарықта біраз өзгерістер болады. Жаңа бастамалар мен заңдар күшіне енеді. Соның біршамасын қорытып өтелік.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2021
Жыл аяқталды. Қаржы нарығында атап айтарлықтай жаңалықтар баршылық. Оның бәріне бірдей тоқталмай, ең маңызды, ең өзекті деген жаңалықтар мен бастамалар тізбегін әр айға бөліп ұсынамыз.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2021
Сақтандыру секторын қандай өзгерістер күтіп тұр?
Сақтандыру компанияларына деген сұраныс артып келеді. Оған халықтың қаржылық сауаттылығының көтерілуі де себеп. Жақында қаржы секторы өкілдерімен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сектор алдында үлкен міндеттер тұрғанын, оны абыроймен атқару және халық сенімін аяқасты етпеу қажеттігіне арнайы тоқталған еді. Нарық активтері соңғы үш жылда 76 пайызға өсіп, 1,7 трлн теңгені немесе ішкі жалпы өнімнің 2,3 пайызын құраған. Жалпы, биыл сақтандыру компаниялары қанша табыс тапты? Тұтынушыларға қолайлы онлайн формат қалыптасты ма? Қандай сақтандыру өнімі қатты сұранысқа ие? Unit-linked инвестициялық құралы дегеніміз не? Оны қай компаниялар ұсынып жүр? Банк депозиті тиімді ме, әлде қаржыны сақтандыру компаниясына салып көбейткен жөн бе? Пандемия сектор жұмысына қалай әсер етті? Нарықтағы ең белсенді сақтандыру компанияларының (СК) басын қосып, осы және өзге де аса өзекті сауалдарға жауап алдық.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2021
2021 жыл салымшылар үшін жайлы болды ма?
Қазақстандық екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салым көлемі 12,6 трлн теңгеден асқан. Яғни бұл – депозитте жатқан қаржы көлемі. 2020 жылмен салыстырғанда жеке тұлғалардың салымы 20,6 пайызға көбейіпті. Айлық динамикада 0,7 пайызға артқан.
Сұхбат • 27 Желтоқсан, 2021
Салым сізден, сақтандыру бізден!
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры банк салымшыларының заңды мүдделерін қорғап қана қоймайды, сонымен қатар оларға ыңғайлы жағдай жасауға күш салады. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі мен Қордың қызметін дамыту және биылғы жылдың қорытындысы туралы аталған қаржы ұйымының төрағасы Әділ Өтембаевпен болған сұхбаттан оқып білесіздер.