Қаржы • 06 Желтоқсан, 2021
Бізге – сақтық, сақтандырушыға – ақша
Жылдың басынан бері қыркүйекке дейінгі аралықта сақтандыру сыйақысының көлемі 47 пайызға өсіп, 604,95 млрд теңгеге жетті. Ұлттық банктің хабарлауынша, өсім сақтандыру нарығының барлық сегментінде байқалады. Әсіресе, өмірін сақтандырғысы келетін азаматтар саны еселеп өскен. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша 9 айда сақтандыру компанияларымен келісім жасаушылар саны 2020 жыл көрсеткішінен 34,4 пайызға асып түскен.
Қаржы • 06 Желтоқсан, 2021
Мобильді аударымды аңду бизнесті көлеңкеден шығара ма?
Халық өмірін біршама жеңілдетіп берген мобильді аударымдардың басына қайтадан бұлт үйірілді. Мемлекет бизнестің салығын бақылаймыз дегелі бері. Осы жолы Үкімет шындап кіріскен секілді. Олардың айтуынша, тауар және ұсынылған қызмет үшін төлемді мобильді аударым арқылы қабылдау – бизнес иелерінің салықтан жалтарып кетуіне жол береді.
Экономика • 29 Қараша, 2021
Экономиканың нақты секторының соңғы жартыжылдық мерзімінде өсім көрсете бастағаны белгілі. Үкіметтің ресми дерегіне сүйенсек, 2021 жылдағы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 3,4 пайызға ілгерілеген. Нақты сектордағы өсім 3,5 пайызды құраған.
Экономика • 29 Қараша, 2021
Ауылға салынған инвестиция қысқарды
Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпке бұрынғыдай аста-төк инвестиция құю қазір азайған. Биыл 9 айдағы көрсеткішті зерделер болсақ осыған көз жеткіземіз. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі аралықта ауылдық жерлердегі негізгі капиталға 3,9 трлн теңге инвестиция салыныпты. Бұл бір жыл бұрынғы деректен 12,4 пайызға төмен.
Бизнес • 28 Қараша, 2021
Ұлттық банктің бизнеске араласпағаны жөн
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қарашаның 4-і мен 17-сі аралығында Қазақстанда кезекті консультациялық раунд жүргізіп, соның қорытындысына арналған брифинг өткізді. Жиын барысында қор миссиясының басшысы Николя Бланше Ұлттық банктің 2023 жылдан бастап бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардан шыға бастауын құптайтынын аңғартты. Сондай-ақ қор өкілдері кәсіпорындардың жекешеленуі, бәсекелестікті қолдауға бағытталған тәуелсіз агенттік құру мәселесіне орай да пікір білдірді.
Экономика • 22 Қараша, 2021
Банк секторы бәсекеге түскен үш онжылдық
Тәуелсіздік алған соң Қазақстан дербес банк жүйесіне көңіл бөлді. Ел – егемен, төл валюта – теңгемен, енді бәрін де жаңадан бастау керек еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл қолдауы, сын сағаттарда Ұлттық қордан триллиондаған қаржы бөліп, банк секторын аман сақтап қана қалмай, артық табыс табуға жол ашып беруінің арқасында отандық банк секторы еңсесін тіктеді. Қазір біздің банк жүйесін халықаралық агенттіктер тәуір бағалайды. Активтері де жыл санап өсіп жатыр. Жаппай цифрлану олардың қызметін бұрынғыдан да қолайлы ете түсті. 2008-2009 жылғы дүниежүзілік дағдарыс сәтінде мемлекет қаншама банкті тікелей жетелеп, сауықтырды. Кейін оларға қатаң талап қойып сілкілеп те алды. Қазіргі банк жүйесін талай сын-қатерлерді көріп пісіп-шыныққан, алды-артын бажайлай алатын, клиент үшін тиімді саясат ұстануға құштар қаржы институттары құрап тұр.
Қоғам • 21 Қараша, 2021
Елордада алғаш рет шаруалар құрылтайы өтті. Shopan ata ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы ұйымдастырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен мал шаруашылығын кәсіп еткен азаматтар қатысты. Әрқайсысының соңында аманат айтқан ел, соған орай құшақ-құшақ шағымы бар.
Экономика • 15 Қараша, 2021
Биыл экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне банктердегі депозиттік базалардың 3,5 трлн теңгеге дейін өсім көрсетуі де әсер еткен. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының хабарлауынша, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 14,9 трлн теңге жаңа займ берілген. Бұл былтырмен салыстырғанда 4,7 трлн теңгеге көп.
Қаржы • 14 Қараша, 2021
Ұлттық банктің алғашқы төрағасы: Теңге бағамын анықтайтын формуланы өзгертетін уақыт келді
Ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға енгеніне биыл 28 жыл толды. 90-жылдардың бас кезіндегі ауыр экономикалық дағдарыстан суырылып шығу, өліара кезеңде заман ағымын тап басып тани алу, соған орай экономикалық саясат қалыптастыру әсте оңай шаруа емес. Теңгені енгізу кезінде осындай ауыр проблемалар қордаланып тұрған еді. Сол түйіндерді рет-ретімен тарқатқан, төл ақшамыз керек екенін дәлелдеп, теңге жолында тер төккен бір шоғыр топтың биігінде тұрған Ұлттық банктің алғашқы төрағасы, қаржыгер, экономист Ғалым БАЙНАЗАРОВПЕН әңгіме барысында теңгенің туу тарихына, оның атқарар міндетіне және валютаның бүгінгі ахуалына кеңінен тоқталдық.
Қаржы • 14 Қараша, 2021
Алғашқы ақшамызды Ұлыбританияда бастырып, елге тасығанымызды дүйім жұрт біледі. Ал қазір Қазақстан теңге сарайын соғып, банкнот фабрикасын қалыптастырған іргелі мемлекетке айналды. Банкнот басып шығару саласында білім мен білігі биік мамандар шоғыры қалыптасты. Соның арқасында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы тек теңгені ғана емес, тұрмысқа қажетті қаншама құжаттар мен өзге ел валюталарын да басып шығарып отыр.