Экономика • 15 Наурыз, 2022
Қазақ мұнайы балама жол іздейді
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс салдарынан туындап жатқан мың сан мәселенің қатарында, қатарында дейміз ау, тіпті ең басында мұнай тұр. Әуелі барреліне 130 долларға дейін шарықтап өсті. Бірер күн бұрын 108 долларға дейін қайта құлдырады. Бұл құлдыраудың өзі пандемия кезіндегі 40-50 доллардан тәуір. Тамақ асырап отырған бірден бір экспорттық өнім осы болған соң биржадағы саудаға елеңдеп отырамыз. Жақсы, сауда саудасымен, ел-жұрттың бәрі Ресей мұнайынан ат-тонын ала қаша бастады. Тіпті қазақ мұнайын да қажетсінбейміз деген әңгіме желдей есті. Әлбетте, бізді алаңдататыны нағыз осы проблема. Баға көбейер, азаяр, ал экспортқа жол жабылса не болмақ?
Экономика • 14 Наурыз, 2022
Украина шиеленісі: Қазақстан экономикасына ықпалы қандай?
Украинадағы әскери қақтығысты «бөтен үйдің үрейі» деп қабылдаудың орайы жоқ. Ресей Федерациясымен ортада 7 мың шақырым шекара бар. Енді сол шекараның да «пайдасы тиер» кез келген сыңайлы. Атыстың алғашқы күндерінде рубльмен қол ұстасқан теңгенің күйі қиын болғаны белгілі. Ұлттық банк миллиондаған доллар «жаға» отырып, теңге бағамын тұрақтандыра ала ма? Көресіні Ресейден арзан импорт ағылғанда, халқы шетелдік тауар алмақ болғанда, екі қолға бір күрек таппақ болып елімізге жөңкілгенде көрмейміз бе деген күдік те жоқ емес көңілде...
Қаржы • 09 Наурыз, 2022
Жеке тұлға банкроттығы: Сарапшылар қай талапты қолдайды?
Үш жыл шетелге шыға алмайсыз. Бес жыл бойы бірде-бір банктен несие рәсімдемейсіз. Тағы да толып жатқан шектеулері бар жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң қызу талқыға түсіп жатыр. Егер сіздің несие қарызыңыз 1 600 АЕК-тен асып кетсе, банкроттық заңына жүгінуге болады.
Сұхбат • 07 Наурыз, 2022
Майрагүл Махмудханқызы, кәсіпкер: Атакәсіпті өркендету – басты мақсатым
Бизнестің бір ғана мақсаты бар, ол – пайда табу. Бірақ сол мақсат жолында ұлттық құндылық өріс тауып, кәсіп иесіне – ақша, тұтынушыға – өніммен бірге ұлттық рух бұйырып жатса, онда бұл бизнес аясының кеңейгенінен хабар береді. Ұлттық кәсіпті меңгеру, соны өркендету жолында тер төгіп жүрген жанның бірі – Майрагүл Махмудханқызы.
Қаржы • 06 Наурыз, 2022
Қаржылық сауаттылық қай деңгейде?
Қаржылық қызметтерге деген сұраныстың өсуі азаматтардың бұл саладағы жауапкершілігі мен сауатын да арттырып жатыр. Цифрға шақсақ, қазір елдегі қаржылық сауаттылық деңгейі 39,52 пайызға жеткен. Жақында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы бағыттағы жыл сайынғы әлеуметтанушылық зерттеуін жариялады.
Экономика • 04 Наурыз, 2022
7 банк SWIFT-тен ажыратылды: Мұның қарапайым адамға қандай қаупі бар
Еуроодақ жеті ресейлік банкті SWIFT (Society for Worldwide Interbank Financial Telecommunications – дүниежүзілік банк аралық қаржылық телекоммуникация қоғамдастығы) жүйесінен ажырату туралы шешім қабылдады.
Экономика • 04 Наурыз, 2022
Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылы ел экономикасындағы импорт үлесі экспорттан 5,7 млрд долларға басым болған. 2020 жылмен салыстырғанда айырмашылық 12,7 пайызға немесе 800 млн долларға қысқарыпты.
Экономика • 02 Наурыз, 2022
Қазақстан мұнайына да санкция салына ма?
S&P Global Commodity Insights басылымы үндістандық ірі мұнай-газ компаниясы Indian Oil Corporation-ның сақтандыру тәуекеліне байланысты ресейлік және қазақстандық мұнайды саудадан алып тастағанын жария етті. Корпорация кез келген төлем және сақтандыру тәуекеліне ұшырамас үшін өз жеткізушілерінен ресейлік және қазақстандық мұнайды ұсынбауды сұраған.
Экономика • 01 Наурыз, 2022
Рубльдің «салқыны» теңгеге тимейді
Ресейдегі қаржы ахуалдың нашар боларын жексенбінің кешінде, әлемнің көптеген мемлекеті оларды оқшаулай бастағаннан-ақ (Орталық банк активтерінің бұғатталуы, Еуроодақ санкциялары) байқаған едік. Айтқандай, жаңа апта рубль үшін аса ауыр соққы болды. Ресей валютасы тарихында болмаған құлдырауға ұшырап, 1 доллар 100 рубльден асып кетті.
Экономика • 01 Наурыз, 2022
Күмәнді аударым қалай анықталады?
Қазақстандық банктерге тағы бір міндет жүктелуі мүмкін. Ол – кәсіпкерлік қызмет түрінен түскен табысқа ұқсайтын жеке тұлғалар аударымдары жайлы мемлекеттік кірістер комитетіне хабарлап отыру. Осы мәселені негіз еткен құжат «Ашық үкімет порталында» жария етілді. Қоғамдық талқылау 2 наурызға дейін жалғасады.