Қаржы • 09 Қыркүйек, 2021
Халықаралық қаржыландыруға мұқтажбыз ба?
Халықаралық даму банктерінің Орталық Азия елдерін қаржыландыруы бір жыл ішінде бір жарым есе өскен. Бүкіл қаржыландырудың 85 пайызы Өзбекстан мен Қазақстанға тиесілі. Ал екеуара бәсекеге салар болсақ, көрші ел халықаралық банктер қаржысын көбірек иеленген.
Қаржы • 09 Қыркүйек, 2021
Тұтынушылық мақсаттағы несиелеу ұлғайды
Биыл екінші тоқсанда отандық банктер капиталының орташа табыстылық көрсеткіші 37 пайыз, яғни рекордтық деңгейге жеткен. Несие бойынша резервтік шығындардың төмендеуінен және несиелеудің жылдам қарқынмен өсуі осыған себеп болған.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2021
Баспаналы болуға бастайтын тағы бір қадам
Баспана – біздің елдегі ең басты, аса өзекті мәселелердің бірі. Әрбір отбасының берекелі, баянды тіршілігінің бастауы баспаналы болудан басталатынын айтып жатудың өзі артық. Сондықтан мемлекет осы мәселені ұдайы назарда ұстап, түрлі бағдарлама арқылы шешімін табуға тырысып келеді. Бұл орайдағы нәтижелі қадамдардың бірі, сөз жоқ, Президенттің бастамасымен зейнетақы қорындағы қаражатты баспана алу, ипотекалық несиені жабу үшін пайдалануға рұқсат беру болғаны анық.
Технология • 03 Қыркүйек, 2021
«Цифрлы теңге» енгізіле бастады
Қазақстан Ұлттық банкі «Цифрлы теңге» қанатқақты жобасының жүзеге асырылу барысын талқылау үшін қаржы нарығына қатысушы тараптармен кезекті кездесуін өткізді. Пікірталасқа Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, екінші деңгейлі банк өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Экономика • 03 Қыркүйек, 2021
Ұлттық банк экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар арасында сауалдама жүргізіп, екінші тоқсандағы негізгі көрсеткіштерді анықтаған. Оның нәтижесі бойынша, тау-кен өнеркәсібінен және көлік пен қоймада сақтау саласынан бөлек барлық салада дайын өнімге деген сұраныс біршама нашарлап кеткен. Сауалдамаға барлығы 2,6 мыңнан астам өндіруші мен өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қойма ұстаушы кәсіпорындар қатысқан.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2021
Дүниедегі игілік пен өнертабыс атаулының бәрі мұқтаждықтан, қажеттіліктен туындаған. Былтыр індеттің тырнағы қатты батып еді, қашықтан қызмет көрсету функциясы дамып, түрленіп шыға келді. Тамақ пен киімге онлайн тапсырыс береміз деп ойламаған жұрт, айналдырған алты айда бұл үрдіске қалай қосылып кеткенін де аңғарған жоқ. 2020 жылы бөлшек сауда бірден 4,1 пайыз минусқа кірген. Есесіне электронды сауда e-trading алға шықты. Елімізде онлайн сауда-саттық 57 пайызға ұлғайып, ақша айналымы 1,1 трлн теңгеге жеткен.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2021
Қалаған уақытта қалаған биігіне шығып алатын бағаға әлсін-әлсін құрық лақтырған боламыз, бірақ асау баға ырық берер емес. Арқаға аяздай батқан баға саясатына Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында назар аударды. Қ.Тоқаев «Инфляцияның бақылаусыз өсу проблемасымен бетпе-бет келдік. Үкімет пен Ұлттық банк бәрін әлемдік үрдіске жауып, инфляцияның алдында қауқарсыздық танытып отыр» деген сөзі арқылы бүтін елдің экономикасын жусатып өргізуге тиіс қос құрылымды ашық айыптады.
Қазақстан • 31 Тамыз, 2021
Нарықты монополистерден арылту мүмкін бе?
Елімізде монополистер туралы бұған дейін де аз айтылған жоқ-ты. Нарықтың жекелеген бөліктерін қол астына алып, жалпыға ортақ заңдылықтарды белден басып отырған «жеке батырларға» тойтарыс беру жайы жиі сөз болады. Монополизмнің тамыр жаюы кәсіпкерлер жұмысына кедергі болып отыр. Әрі-беріден соң бұл кәсіпкерлікке деген ынта-ықыласты да жоятын қауіпті құбылысқа айналып барады.
Экономика • 27 Тамыз, 2021
Шағын және орта бизнес несие алғысы келеді
Ұлттық банк өкілдерінің хабарлауынша, 2021 жылдың екінші тоқсанында шағын бизнес тарапынан несиеге деген сұраныс біршама өскен. Несие өтінімдерінің басым бөлігі жеке кәсіпкерлер тарапынан көбіне мемлекеттік бағдарламаларға қатыспайтын банктерге келіп түсіпті.
Экономика • 27 Тамыз, 2021
Қазір банк біткен сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін барын салып жұмыс істеуде. Соңғы бір айда төленбей тұрғанына 90 күннен асқан несие көлемі (NPL 90+) 400,4 млрд теңгеге қысқарған.