Қоғам • 07 Маусым, 2022
Онлайн кредиттеу опа бермей тұр...
Ақпараттық технологиялар ғасырының адам игілігіне арналған ғаламат жаңашылдықтарын меңгеруде Қазақстан ешбір елден кем қалмауға тырысып-ақ жатыр. Алайда «Аттыға еріп жаяудың таңы айырылыпты» демекші, заң үстемдік құрып, құқықтық тәртіп мықтап орныққан озық мемлекеттер ойдағыдай пайдаланып отырған кейбір ноу-хау біздің елдің даму деңгейінің ерекшелігі ескерілмей енгізілсе, оң нәтиже беруі екіталай екені байқалып отыр. Онлайн кредиттеу – соның айғағы.
Қоғам • 01 Маусым, 2022
Қазақстан • 23 Мамыр, 2022
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне қарағанда, биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны былтырғы жылмен сәйкес кезеңдегіден 21,1 пайызға ұлғайған, яғни 639-дан 774-ке дейін көбейген. Осы дерекке сүйенген бұқаралық ақпарат құралдары «Қазақстанда жемқорлық көбейіп барады», деген біржақты тұжырым жасап, дабыл қағып жатыр. Бірақ ол шындыққа жанаса ма?
Қоғам • 18 Мамыр, 2022
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кейінгі кезде «қара алтынымен» ғана емес, бірінен соң бірі тура жолдан тайып тұтылып жатқан басшы қызметкерлерімен де аты шығып тұрған Атырау облысында тағы екі шенеунікке жүйелі түрде пара алды деген айып тағылып, тергеуге алынғанын хабарлады.
Қоғам • 16 Мамыр, 2022
Солтүстік Қазақстанды газдандыру – созбаққа салар іс емес
«Елге ел қосылса – құт, елден ел ажыраса – жұт» дейді қазақ. Ешқандай жұтқа ұшырамаса да, ауылдарының жұрты үдере көшіп кетіп, қаңырап бос қалған үйлері көп облыс – Солтүстік Қазақстан. Осыған орай, кейінгі жылдары Үкімет тарапынан Қызылжар өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, кінәратты демографиялық ахуалын жақсартуға бағытталған бірқатар шара қолданылып жатқанына қарамастан, мұнда әлі де әртүрлі себеппен көшіп кетушілер қатары қоныс аударып келушілерге қарағанда әлдеқайда қалың болып, көші-қонның теріс сальдосы сақталып отыр.
Қоғам • 16 Мамыр, 2022
Президент саябағына сакура егілді
Нұр-Сұлтан қаласындағы Президент саябағы аумағында енді Eurasian Resources Group-тің (ERG) аллеясы жапырақ жайып, жайқалып тұратын болады. Кеше астанада жыл сайынғы «Ұлттық ағаш егу күні» экологиялық науқанын қолдау аясында «Орнықты даму» жер қорымен бірлесіп ағаш егу іс-шарасы өткізілді.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел билігінің тізгінін өз қолына алысымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынып, қарапайым адамдарды толғандырған талай көкейкесті мәселенің оң шешілуіне ұйытқы болып келеді. Бұл Мемлекет басшысының өз қызметін, Конституциямызда жазылғанындай, «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген басты қағидатқа сүйене атқарып отырғанын айғақтайды.
Пікір • 03 Мамыр, 2022
Саяжай да баспанаға айналды...
Бұдан бірер жыл бұрын Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясының астанадағы орталық қоғамдық қабылдауына кішкентай баласын ертіп келген бір әйел өздерінің Қарағанды облысынан қоныс аударып, таныстарының қала іргесіндегі саяжайында тұрып жатқандарын, мемлекеттен ешқандай әлеуметтік көмек ала алмай жүргендерін айтып шағынғаны жадымда.
Экономика • 29 Сәуір, 2022
Жаңартылған жабдықтар – сенімді энергия кепілі
Энергетиктер үшін қысқы маусым – нағыз сыни кезең. Себебі нақ осы кезде энергия нысандарының экстремалды жағдайда жұмыс істеуге дайындығының сапасы, сондай-ақ персоналдың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі жан-жақты тексеріледі. Энергетиктердің өткен күзгі-қысқы кезеңдегі қиындықтарды қалай еңсергені жөнінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бақытхан ЖАЗЫҚБАЕВ әңгімелеп берді.
Қазақстан • 26 Сәуір, 2022
Бұрынғының ұраны әлі де өзекті
Халқымыз үшін ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпағына мирас еткен, Алаш арыстары мемлекеттік шекарасын айқындап алған, Жұмабек Тәшенов сынды арыстан жүректі ер басын бәйгеге тігіп, араша түскен туған жерімізден қасиетті де қымбат ештеңе жоқ.