Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
348 материал табылды

Қазақстан • 25 Сәуір, 2022

Көліктік бақылау саласында былық көп

Былтыр күзде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының 11 қызметкері топтасып пара алғаны үшін ұсталғанын хабарлағанда, осы салаға да сыбайлас жемқорлықтың тереңдеп енгеніне қынжылып қалған едік.

Қоғам • 20 Сәуір, 2022

Петиция жазып жатырмыз...

Қазіргі кезде әлеуметтік желіні ашып қарасаңыз, көзіңізге петиция түс­пей қоймайды. Әртүрлі ұсынысты жақ­тау­шылар мен жақтамаушылар өзара жа­рысқа түскендей әсер қалдырады. Алайда олар «Онлайн петиция деген не өзі? Оны әзірлеу және қарау тәртібі қа­лай? Жалпы, осы әрекетімізден нендей нәтиже шығады?..», деген сауалға аса бас қатырып жатқан жоқ сияқты.

Экономика • 17 Сәуір, 2022

Субсидия кімнің «сауын сиыры»?..

«Шөлмек мың күн сынбайды, бір күні сынады» демекші, ауыл шаруашылығы саласына құзыреті жүріп тұрған шенеуніктердің «майшелпегіне» айналған субсидияны жымқырушы жемқорлардың бірсыпырасы әшкереленіп, жауапқа тартылып жатыр.

Қазақстан • 14 Сәуір, 2022

Еске алу күні – Аза тұту күні емес пе?

Жыл сайын 31 мамырда елімізде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құр­бандарын еске алу күні атап өтіледі. Шын мәнінде, оның Аза тұту күні еке­нін ата-бабалары репрессияға ұшы­раған адамдар болмаса, басқалар онша сезінбейтін сияқты. Бар болғаны – басшы­ларымыз бастап, басқаларымыз қос­­тап, нәубет құрбандарына арналған ескерт­­кіштер мен мемориалдық тақ­та­ларға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіз тұрып қайтатынымыз рас.

ANTIKOR • 13 Сәуір, 2022

Парақорлық әлі үдеп тұр...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасында мемлекеттігіміздің мықты іргетасы – әділдік, ал оған әкелетін маңызды басымдықтардың бірі – жемқорлықты түп-тамырымен жою екенін мәлімдеген болатын. Осы бағытта Мемлекет басшысының бастамасымен бірқатар пәрменді шара қабылданып, қоғамдық өмірдің қай саласына болсын дендеп енген қылмысты құбылыстан құтылуға күш салынып отыр.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2022

Орал әуежайының жаңа терминалы

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы Орал қаласындағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалы 2022 жылғы 7 сәуірде пайдалануға берілгенін хабарлады. Ал биылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының Үкі­меті Орал халықаралық әуежайына Батыс Қазақстан облы­сы­ның тумасы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы қаулыға қол қойған болатын.

Қазақстан • 10 Сәуір, 2022

Басым міндет – газдың ресурстық базасын ұлғайту

«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының жуырда тағайындалған төрағасы Санжар Жар­кешов компаниялар тобы­ның өндірістік объек­ті­лері орналасқан өңір­лер­ге жұмыс сапарларын бас­тады. Негізгі мақсат – еліміздің газ тасымалдау жүйесі мен магистралдық газ құбырларының жағ­дайымен танысу.

Қазақстан • 06 Сәуір, 2022

Қоныс аударушылардың баспана «жыры»

Қазіргі алмағайып заманда көршілес алпауыт елдің кең-байтақ жеріміздің солтүстік бөлігіне көз алартқан кей­бір саясаткерсымақтарының «сан­ды­рақ­та­рын» естіген сайын теріскей жақтан ызғар ескендей ытырынып, қазекемнің баяғыда-ақ сақтық қыла айтқан «Бос жатқан жер жау шақырады» деген нақыл сөзі еріксіз еске түседі.

Қоғам • 03 Сәуір, 2022

Қоғамдық кеңестердің қадірін кетірмейік

«Сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді қазекем. Сол сынды түзеуші – жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасындағы «алтын көпір» рөлін атқарады деген ниетпен құрылған қоғамдық кеңестер болуға тиіс. 2015 жылы қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң, міне, осы мақсатты көздейді. Содан бергі уақытта осы қоғамдық институт өзіне жүктелген маңызды міндетті ойдағыдай атқарып, көпшілік көңілінен шыға алды ма?

Қазақстан • 28 Наурыз, 2022

«ҚазМұнайГаз» және америкалық компания Атырауда жаңа зертхана ашты

Жыл басы – Наурыз «мұнайлы астанаға» жағымды жаңалығы­мен келді. Өткен жұма күні Атырауда мұнай өнімдері өндірісінде қолданылатын катализаторларды тестілеуден өткізетін Қазақстандағы алғашқы арнайы зертхана ашылды.