Қоғам • 14 Тамыз, 2022
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 16 наурызда жариялаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының саны үшеуден аспауы керектігін, ерекше жағдайда ғана төртіншісіне рұқсат берілетінін атап айтты. Арада өткен бес айға жуық уақыт ішінде Президент тапсырмасының орындалу барысын білу үшін өңірлер әкімдіктерінің ресми сайттарына үңілдік.
Қоғам • 11 Тамыз, 2022
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы өтпелі кезеңде тап болған экономикалық қиындықтарды еңсерген тұста – 2000 жылы болашақ ұрпақ игілігіне арналған Ұлттық қор құрылғаны мәлім. Қор 2008 жылы басталған дүниежүзілік қаржы дағдарысы кезінде және коронавирус пандемиясы қай мемлекеттің болсын экономикасына ауыр соққы болып тиген кейінгі жылдары егемен еліміздің қуатты қаржылық тірегіне айналды.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2022
Қанат Әлмағамбетов: «Алып темір жол механизмінің жұмысында іркіліс болмауға тиіс»
Биыл «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өзінің 25 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде ұлттық тасымалдаушы өндірістік көрсеткіштерін жыл сайын арттыра және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыра отырып, өзгерістердің ұзақ жолын артта қалдырды. Темір жол Қазақстанның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие. Бүгінде компания жаңа реформалар қарсаңында тұр. Осыған орай, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов «Egemen Qazaqstan»-ға сұхбат беріп, қол жеткізілген нәтижелерге тоқталып, алдағы өзгерістер мен жоспарлар жайлы әңгімеледі.
Қазақстан • 04 Тамыз, 2022
Орынды жаңашылдықтар, ойланарлық жайлар
Әділет министрлігі әзірлеген «Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында талқылау аяқталды. Осы маңызды құжат арқылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу көзделген. Соның ішінде сайлау заңнамасын жетілдіруге қатысты түзетулер ерекше қызығушылық туғызып отыр.
Қоғам • 03 Тамыз, 2022
Жосықсыз кәсіпкерлер жұқтырған «дерт»
Отбасылардың ажырасуы бойынша Қазақстан әлемдегі алғашқы ондыққа кіргені мәлім. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, елімізде өткен жылы 140,3 мың неке тіркелсе, 48,2 мың отбасы заң жүзінде ажырасқан. Бұл ретте қазіргі қоғамда «Жас отбасылар жиі ажырасады» деген пікір қалыптасқанымен, статистикалық көрсеткіштер басқаша «сөйлейді».
Қоғам • 31 Шілде, 2022
«Көгілдір отын» – көптен күткен игілік
Ел тұрғындарын газбен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы назар аударып отырған басым бағыттардың бірі. Халық игілігіне айналатын бұл маңызды жоба республика бойынша жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Әсіресе бас шаһарды газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде астананың 4 мыңнан астам тұрғын үйі газ желісіне қосылған.
Қазақстан • 31 Шілде, 2022
«Баяғыда бұндайды бюролап тастайтын...»
Таяуда менің Көкшетау қаласында біраз уақыт еңбек еткенімді ескерген ескі танысым Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне сілтеме жасалған бір сыни ақпаратты мессенджер арқылы жолдады. Ә дегенде «Ақмола облысы басшылығының беделін түсіруді көздеген фейк болар...» деген ой келіп, жалма-жан аталған мемлекеттік органның ресми сайтын ашып қарадым. Сонда жарияланған ресми мәліметтен бәрі де рас екеніне, яғни астана маңындағы өңірде бірсыпыра былық-шылықтың беті ашылғанына көзім жетіп, басымды шайқамасқа амалым қалмады...
Қоғам • 28 Шілде, 2022
Директорларды ротациялау дұрыс па?
Жаңа оқу жылы қарсаңында қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселенің бірі – мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын, соның ішінде мектеп директорларын ротациялау. Биылдан бастап енгізіліп отырған осы жаңашылдыққа қатысты жұртшылық пікірі екіге жарылып тұр.
Қаржы • 27 Шілде, 2022
«Көгілдір отын» үшін қарыз көбейіп барады
Еліміздің газ қызметінің мамандары қазақстандықтар мен жекелеген кәсіпорындардың «көгілдір отынға» қарызы ұлғайып бара жатқанын алаңдаушылықпен айтып, дабыл қағып жатыр. Әрбір тұрғын үй мен басқа да ғимараттарды газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін оның ақысын уақтылы төлеу қажет.
Қоғам • 21 Шілде, 2022
Мұнайлы өңірлердің бірінен Солтүстік Қазақстан облысына қызмет бабымен көшіп келген сыйлас азамат бірде: «Кеше бір тойға барғанымда аңғарғаным – бұл жақта «Джип» мінгендер сирек екен. Астыққа бай өлкенің тұрғындары кедей тұрады деп ойламап едім...» дегені есімде сақталып қалыпты. Әрине, кедейшіліктің өлшемшарты тұрғындардың «Джип» көлігін мінуі болмағанымен, оның айтқан сөзінде шындық бары рас.