Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
192 материал табылды

Пікір • 10 Мамыр, 2023

Мемлекеттік деңгейдегі парадокс

Таяуда Қызылжар өңіріндегі бір аудандық мәслихат өзінің интернет-сайтында жергілікті депутатқа ағасының «кенеттен жоғалғанына» байланысты көңіл айту жариялады. «Бұл не қылған «жоғалу?» деп таңғалып, көңіл айтудың орыс тіліндегі мәтініне көз жүгіртсек, онда «с внезапной утратой» деп жазылған екен. Осы өрескел қателік әлеуметтік желіде өткір сыналған соң ғана түзетілді.

Қоғам • 05 Мамыр, 2023

Чемпион – металлургтер арасында

Әлем және Азия чемпионы, ITTF Халықаралық федерациясының нұсқасындағы Hopes Wee континенттік және әлемдік турнирлерінің қорытындысы бойынша 2019 жылдың үздік жас теннисшісі болып танылған Алан Құрманғалиев пен үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Эльмира Әлиева «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургтері арасында өткізілген үстел теннисінен чемпионаттың құрметті қонақтары болды. 

Тұлға • 26 Сәуір, 2023

«Бір вагон жігітке тұратын азамат»

«Жақсыда жаттық жоқ», дейді халқымыз. Жақының болмаса да, жақсы ісімен жан-жүрегіңді баурап, жарқын бейнесі көз алдыңнан өшпейтін ардақты адамдар болады екен өмірде. Қызылжар өңірінде бірнеше жыл бірге қызмет атқарған Қуат Есімханов ағамыз сондай біртуар азамат еді.

Қоғам • 07 Сәуір, 2023

Шавқат шойын сынамасын алды

WMMAA бойынша әлем чемпионы Шавқат Рахмонов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында мейман болды.

Сұхбат • 05 Сәуір, 2023

Теміртаудың экологиясы қашан түзеледі?

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинаты өткен ғасырдың ортасында салынған. Сол кездегі техникалық шешімдер қазіргі замандағыдан технологиялық үдерістер, энергия тиімділігі және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша ерекшеленеді. Компания өз басымдықтарын айқындай отырып, металлургия комбинатының өндірістік және экологиялық жабдықтарын жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қоғам • 04 Сәуір, 2023

Былтыр «АрселорМиттал Теміртау» 30 млрд теңгеге жуық төлем жасады

Бүгінгі таңда Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтары мен міндеттерін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік төлемдер, жеңілдіктер, көтермелеулер жүйесін реттейтін негізгі құралдың бірі болып саналады. Оған қол қойғандардың бәрі қабылданған шарттарды бұлжытпай орындауға міндетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2023

Петропавлдағы арандатушылық

Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы ат төбеліндей ғана арандатушы топтың «Петропавл қаласы еңбекшілерінің халық кеңесі» дейтін псевдо ұйымды құру туралы жасаған мәлімдемесінің бейнежазбасы өткен бейсенбіде әлеуметтік желілерде таратылып, қоғамды дүр сілкіндірді. Абырой болғанда, осы арандатушылық әрекетке құқық қорғау органдары дереу ден қойып, тиісті шараларды қолға алды.

Пікір • 30 Наурыз, 2023

Әлеуметтік әділдік талабы

Еліміздің солтүстік және шығыс өңір­ле­рінде халық саны жылдан-жылға аза­йып бара жатыр. Орынды алаңдау­шы­лық туғызып отырған осы теріс үрдісті тоқта­тып, келеңсіз демографиялық ахуал­ды жақсарту мақсатында Үкімет алты жыл­дан бері жұмыс күші артық өңір­лер­дің тұрғындарын жұмыс күші тапшы өңір­лерге ерікті түрде қоныс аударумен айналысып келеді. Қазір бұл бағдарлама «Қуат­ты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлт­тық жобасы аясында іске асырылып отыр.

Пікір • 26 Наурыз, 2023

Теріскей өңірлерге тіл басқармалары қажет

Кейінгі жылдары қоғамда өңірлердің Тілдерді дамыту басқармалары өз міндетін жөнді атқармай, әкімдіктердің аударма бөлімдеріне айналып кетті деген сын жиі айтылып келді. Мұның аяғы бірқатар өңірде аталған мемлекеттік органның жабылып, Ішкі саясат және Мәдениет басқармаларына шағын бөлімдер ретінде қосылуына әкелді. Алайда мұндай шешім еліміздің орыстілді тұрғындарының қатары қалың облыстарда­ қазақ тілінің іс жүзіндегі мәртебесін бұрынғыдан да төмендете түскенін арада өткен уақыт айғақтап берді.

Тұлға • 17 Ақпан, 2023

Байқалтау

Кеңес заманында Көкше өңіріне кеңінен танымал болып, таралымы 16 мың данадан асқан «Көкшетау» газетінің бас редакторы, белгілі журналист-жазушы Жанайдар Мусин өзі басқарған шығармашылық ұжымға кілең дарынды жастарды жинаған еді. Сондықтан да бүгінде өздерін «Мусин мектебінің шәкіртіміз» деп мақтанышпен атайтын әріптестеріміз аз емес. Солардың бірі һәм бірегейі – бүгінде «Егеменнің» Ақмола облысындағы меншікті тілшісі қызметін абыроймен атқарып жүрген Байқал Байәділ.