Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
192 материал табылды

Туризм • 02 Қараша, 2022

«Жібекті түте алмаған жүн етеді» деген сын туризм саласындағы ахуалға айтылғандай...

Бабаларымыз қилы замандарда әлемдегі тоғызыншы территорияны иемденіп, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап өтті.

Қоғам • 31 Қазан, 2022

Заңды білмейтіндер зар илеп жүр

Кейінгі жылдары теңгенің құн­сыздануына байланысты халықтың тұр­мысы төмендеп, көптеген азамат екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан қыруар кредит алып, қарызға белшеден батқаны мәлім. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 26 маусымда «Қазақстан Рес­публикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойып, бұрын-соңды болмаған əлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған еді.

Қоғам • 20 Қазан, 2022

Діндарлығымыздан даңғойлығымыз басым-ау...

Солтүстік Қазақстан облысының қысы қатал екені мәлім. Соны ескерген «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің басшылығы осыдан он шақты жыл бұрын Петропавл қаласының мұсылмандар зиратында дүниеден озған адамдарды ақтық сапарға шығару кезінде діндарлардың жарыса Құран оқуын тоқтатқан болатын. Тек мешіт өкілі қысқа аят бағыштап, «Осымен тәмам!» деуге көшкен-ді.

Саясат • 17 Қазан, 2022

Қазақстандағы референдум қорытындылары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар барысын халықаралық қоғамдастық жіті қадағалап, Әділетті Қазақстан орнату жолындағы батыл қадамдарға қолдау білдіріп, үлкен үміт артып отыр.

Қоғам • 16 Қазан, 2022

«Орден алдым, мінекей!..»

Хакім Абай бабамыз ұлтымызға ұлағат ретінде сақтандыра айтып кеткен бес дұшпанның бірі – мақтаншақтық. Ұлы ойшыл: «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» дегенімен, халқымыз бойына сіңіп кеткен кеселден әлі толық арыла алған жоқ. Тіпті «Өзіңді өзің мақтамасаң, ешкім сені мақтамайды» деген сөз шығарып, бүгінде жиі айтылатын нақылға айналдырып алған сияқтымыз.

Қоғам • 12 Қазан, 2022

Шеткері ауылдарға шекеден қарамайық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында қазіргі кезде еліміздегі 650 ауылдық елді мекенде емдеу мекемесі болмағандықтан, 1 млн-нан астам адамның бастапқы медициналық-санитарлық көмек алу мүмкіндігі жоқтығын айтып, Үкіметке алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салып, оларды қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етуді тапсырды.

Қоғам • 11 Қазан, 2022

Ономастика ойландырады...

Еліміз тәуелсіздік алған соң елді мекендер мен көшелердің жаңа заман талабына сай келмейтін атауларын өзгерту ісі қолға алынып, бірталай іс тындырылды. Соның ішінде кеңес заманында коммунистік идеология ерекше екпінмен жүргізілген солтүстік өңірлерде де. Мәселен, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар ауда­ны мен қаласының комму­нис­тік атаулары ауыстырылды. Алайда көптеген елді мекеннің патшалық отарлау және кеңестік тың көтеру кезінде берілген ескі атауларының көбі әлі күнге сақталып қалып отыр.

Саясат • 09 Қазан, 2022

Жұртшылықпен жұмыстың бағыттары айқын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзін қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында сөйлеген сөзінде айтқан ұлтымызды ұйыстыратын 7 қағида – орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің және жүрегі «Елім!» деп соғатын зиялы қауым өкілдерінің алдағы уақытта халықпен жүргізетін идеологиялық жұмыстарының темірқазығы деп білеміз.

Қоғам • 04 Қазан, 2022

Жеті атадан жаңылмау жолы

Қазақтың саны көп болмаса да, қазір күллі әлем назарына ілініп жүрген аса дарын­ды ұл-қызымыз аз емес. Әсіресе өнер мен спорт саласында. Дүние ­жү­­­­зін­­­дегі то­ғызыншы территорияны ием­­­­деніп, ақ найзаның ұшымен, ақ бі­лек­­­тің кү­ші­мен сақтап қалған батыр ба­ба­ла­ры­мыздың өршіл рухы бүгінгі ұр­па­ғы­­ның бойында атойлап оянып, Мағжан Жұмабаев жазғандай, Алаш атын аспанға шы­ғаратын шақ туғанын аңғартып тұр­ғандай.

Әлем • 02 Қазан, 2022

Рим Папасы: Қазақстан – өркениет пен өрліктің өнегесі

21 қыркүйек күні таңертең Папа Франциск дәстүрлі жалпы аудиенциясын өзінің Қазақстан Республикасына барған апостолдық сапарының қорытындыларына арнады.