Сұхбат • 26 Қараша, 2021
Ербол Өстеміров: Бизнесті қорғау «таза парақтан» басталады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында реттеушілік саясаттың базалық қағидаттарын өзгертіп, соның аясында бизнесті «таза парақтан» реттеуді тапсырды. Қазір осыған байланысты заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл құжатты кәсіпкерлер де күтіп жүргені анық. Өйткені заң ең бірінші солардың құқын қорғауға тиіс. Осы жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровке бірнеше сауал қойған едік.
Қоғам • 24 Қараша, 2021
Үйді оңай алудың онлайн тәсілі
Блокчейн технологиясы жылжымайтын мүлік саласына да келіп жетті. Соның арқасында қазақстандықтар ешқайда шықпай-ақ, онлайн режімде үй сатып алу мүмкіндігіне ие болмақ.
Қазақстан • 23 Қараша, 2021
Құрылыс материалдары арзандар емес
Құрылыс материалдары тоқтаусыз қымбаттап бара жатқаны талай айтылып жатыр. Елімізде олардың құны 28%-ға шарықтаған. Тиісті министрліктер, ведомство өкілдері қымбатшылықты тежеу шараларын жасап жатырмыз дегенімен, бір көтерілген бағаның түсетін түрі көрінбейді.
Экономика • 22 Қараша, 2021
Импорт: Қай өндіріске көбірек тәуелдіміз?
Экспорт ақша әкелсе, импорт шығын әкеледі. Көптеген елдің импорт пен экспорт көлемін теңестіруге тырысатыны да сондықтан. Бірақ бұл мүмкін емес. Себебі барлық қажетті тауар мен қызмет көрсету түрлері бір ғана мемлекеттен табылуы екіталай. Осылайша, дүние жүзіндегі елдер өзінде жоқ затты өзгеден алуға мәжбүр. Қазақстан да импортқа тәуелді. Бұрын бізде импорт өсімі аралық тауарлар мен өндіріс құралдарының есебінен болса, қазір халық тұтынатын тауарларды сырттан әкелу басым түскен.
Қазақстан • 15 Қараша, 2021
Біздің теңге – дизайны жағынан әлемдегі ең әдемі ақшалардың бірі. Айталық, әртүрлі мемлекеттің ақшаларына талдау жасаған британиялық The Telegraph газеті ең үздік 15 ұлттық валютаны іріктеген еді. Соның ішінде қазақтың теңгесі де бар. Халықаралық банкноталар бірлестігі де (IBNS) қазақстандық банкнотты «дизайн жағынан жылдың үздік валютасы» деп мойындаған.
Аймақтар • 11 Қараша, 2021
Балық шаруашылығындағы бәсекелестік
Балық шаруашылығы – ел экономикасының табыс көзі. Бұл сала қазір халықты жұмыспен қамту, экономиканың экспорттық әлеуетін арттыру және биологиялық әртүрлілікті көбейту жағынан да маңызды болып тұр.
Қазақстан • 10 Қараша, 2021
Көкжиекті кеңейткен автожолдар
Көлік жолдары елдің тұтас әлеуметтік-экономикалық бітім-болмысының көрінісі іспетті. Жолына қарап, сол елдің қаншалықты өркендегенін бағамдауға болады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз көлік байланысын дамытуды бірінші кезекке қойғаны да сондықтан. Осы отыз жыл ішінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 3 мың шақырымы салынып, 27 мың шақырымы жөндеуден өткен. Қазіргі таңда 400 мыңнан аса адам еңбек ететін салада бірталай ауқымды бағдарлама іске асырылды, көлік қызметтерін көрсететін қолайлы бәсекелестік орта қалыптасты, құқықтық негіздің іргесі қаланды.
Қазақстан • 09 Қараша, 2021
Қарапайым мамандықтарға сұраныс көп
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы электрондық еңбек биржасында өткен айда мамандықтарға сұраныс байқалғанын хабарлады. Орталықтың дерегі бойынша 2021 жылдың қазан айында 139,6 мың бос жұмыс орны және 49 мың түйіндеме орналастырылған. Өткен айда жарияланған бос жұмыс орындары аздап өссе, түйіндемелер саны 21%-ға азайып, еңбек нарығындағы үдерістердің баяулағанын көрсеткен.
Қоғам • 09 Қараша, 2021
Сапасыз өнім шығарғандар жазасыз қалмайды
Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті өнімге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейтіп, соған сәйкес нормативтік-құқықтық базаны да толыққанды айқындап алды. Қазірдің өзінде техрегламенттерге сәйкес келмейтін өнімді өндіргендерге 6,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.
Экономика • 07 Қараша, 2021
Банк таратылғанымен, кредит жойылмайды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тоғыз банк таратылады деген хабарлама таратуы мұң екен, Валют-транзит банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan банктеріне қаржысын салып қойған салымшылар «депозитіміз не болады?» деп алаңдаушылық білдіре бастады. Ал осы банктерде несиесі бар кей азаматтың «кредитіміз автоматты түрде жабылады екен» деген пікірі желіде желдей есіп жүр. Шынында солай ма?