Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Футбол • 06 Маусым, 2022

Жеңіспен бастады

Футболдан Қазақстан құрамасы екінші жыл қатарынан Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын жеңіспен бастады. Жерлестеріміз 2020/2021 жылғы доданың тұсаукесер кездесуінде сырт алаңда Латвияны 2:0 есебімен жеңген болса, өткен аптада жалауы желбіреген аталған турнирдің үшінші маусымындағы алғашқы матчта Әзербайжан құрамасын да дәл осындай есеппен тізе бүктірді. Бұл – жуырда ғана ұлттық құрама тізгінін ұстаған жаттықтырушы Магомед Адиевтің бас командадағы алғашқы матчы болды.

Спорт • 03 Маусым, 2022

Екінші жүлде қоржында

Бұл күндері Әзербайжанның астанасы – Бакуде нысана көздеуден әлем кубогы жолындағы бәсекелер өтіп жат­қаны белгілі. Жарыстың кезекті күнін­де ел қоржынына тағы бір жүлде түсті.

Футбол • 03 Маусым, 2022

Аргентина – Финалиссима чемпионы

Футболдан екі құрлық біріншілігінің жеңімпаздары – Италия (Еуропа) мен Аргентина (Оңтүстік Америка) Англияда Финалиссима-2022 кубогын сарапқа салды.

Теннис • 03 Маусым, 2022

Үздік ондықтың қатарында

Теннистен Қазақстан әйелдер құра­масы әлемдік рейтинг тарихында тұң­ғыш рет ең үздік он құраманың қата­рына қосылды. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 03 Маусым, 2022

Ұлттық құрама көшбасшыларымен ойнады

Халықаралық балаларды қорғау күніне және Қазақстандағы Балалар жылына орай елордада футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары болашақ жас чемпиондармен «Достық матчын» өткізді. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған жолдастық ойын Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайына жиналған көрермендерге нағыз мерекелік көңіл күй сыйлады.

Спорт • 02 Маусым, 2022

Шартты құрам жарияланды

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) өзінің ресми интернет ба­сылымында биылғы Чемпиондар ли­гасының шартты құрамын жария­лады.

Бокс • 02 Маусым, 2022

Бәрі де АҚШ-та жұдырықтасады

Қазақстандық Suleimen Promotions компаниясының боксшылары Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов, Бек Нұрмағанбет және Евгений Павлов 4 маусымда АҚШ-тың Миннеаполис (Миннесота штаты) қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады.

Спорт • 02 Маусым, 2022

Таэквондошылар табысы

Аустрияның Инсбрук қаласында таэквондодан халықаралық Austrian Open турнирі мәресіне жетті. Жарыстың алғашқы күнінде даянгқа шыққан Қазақ­станның жасөспірімдер мен жас­тар құрамалары үздік нәтиже көр­сетті.

Спорт • 01 Маусым, 2022

Адиевтің алғашқы қадамы

Кеше футболдан УЕФА Ұлттар лигасының үшінші маусым ойындары бас­талды. «С» лигасының төртінші тобында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа маусымдағы алғашқы ойынын Әзербайжан құрамасымен өткізеді. Ұлттық құрамаға жаңадан тағайындалған бас бапкер Могамед Адиев үшін бұл алғашқы сынақ болмақ. Матч 3 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Маңызды кездесу қарсаңында оқырмандар назарына Қазақстан футбол федерациясының ақпараты бойынша дайындалған кездесулер тарихы мен қарсылас құрама туралы қызықты мәліметтерді ұсынамыз.

Спорт • 01 Маусым, 2022

Испанияда үздік шықты

Испанияның Мадрид қаласында джиу-джитсудан халықаралық турнир өз мәресіне жетті.