Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Футбол • 14 Қараша, 2021

Іріктеудегі ең ірі жеңіліс

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңін өте сәтсіз аяқтады. Соңғы турда Францияға қонаққа барған жерлестеріміз алаң иелерінен ірі есеппен жеңіліп, Қазақстанның ғана емес, бүкіл жер-жаһанның жанкүйерлері алдында масқара болды. Париждегі Stade de France стадионында өткен ойында франциялықтар Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз сегіз гол (!) соқты. Бұл – қазақ футболы тарихындағы ұлттық құраманың ең ірі жеңілісі. Былайша айтқанда, антирекорд!

Футбол • 08 Қараша, 2021

Жауапты матчта жеңілді

Алматының «Қайраты» осыдан бірер апта бұрын футболдан УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңдегі кезекті тур ойынын түзде Әзербайжанның «Қарабах» ұжымымен өткізіп, Алматыға абыройсыз оралған болатын. Дегенмен оңтүстік астаналық клуб Бакуде кеткен есені Орталық стадиондағы ойында қайтарамыз деп өздерін де, жанкүйерлерін де сендіріп еді. Бірақ «Қайраттан» қайрат кете бастаған ба, әйтеуір еліміздің чемпионы былтырғы «Қарабахтан» тағы да жеңіліп, жанкүйерлерін жерге қаратты.

Футбол • 05 Қараша, 2021

Элиталы қарсыластар

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан биылғы Чемпиондар лига­сы­ның элиталы кезеңінде бақ сынайтын командалардың жеребесі тартылды.

Хоккей • 05 Қараша, 2021

Екпіні екі-ақ ойынға жетті

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барысы» кезекті тур ойынын елор­да­дағы «Барыс Аренада» Фин­лян­дия­ның «Йокеритімен» өткізді.

Спорт • 04 Қараша, 2021

Спорт жаңалықтарына шолу

Спорт • 04 Қараша, 2021

Онның жартысы – жартылай финалда

Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақ елінің бес былғары қолғап шебері жолдама алды. Бұл – биылғы әлем чемпионатында дәл осынша боксшымыз жүлдеге қол жеткізді деген сөз. Бірақ оның нешеуі алтын медаль болатынын алдағы жекпе-жектер анықтап береді. Өкінішке қарай, жартылай финалға жолдама беретін жекпе-жектерде тағы бес боксшымыз қарсыластарына есе жіберіп, жүлделі орындарға жете алмай қалды. Десе де жерлестеріміздің бәрі таза жеңілді деп айта алмаймыз. Төрешілердің кейбір жігіттерімізге қатысты төрелігі күмән туғызғаны рас.

Футбол • 03 Қараша, 2021

Легионерлер елдеріне қайтады

Футболдан Қазақстанның алты дүркін чемпиондары, елорданың «Астана» клубы жыл соңында бірқатар шетелдік легионерлермен қош айтыспақ.

Теннис • 03 Қараша, 2021

Бублик бабында

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Париж­де (Франция) өтіп жатқан ерлер ара­сындағы ATP 1000 турнирін жеңіспен бастады.

Бокс • 03 Қараша, 2021

Жарқын жеңістеріміз жалғасты болсын!

Бокстан Сербия астанасы – Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпио­натында қазақстандық боксшылар әзірше сәтті өнер көрсетуде. Жарыстың сегізінші күнінде Қайрат Сәтжанов басшылық ететін Қазақстан құрамасының алты бірдей өкілі 1/16 жекпе-жектерін өткізіп, барлығы да ширек финалға шықты. Сөйтіп, кеше 10 боксшымыз жартылай финалдың жолдамаларын сарапқа салды.

Теннис • 02 Қараша, 2021

Финалда есе жіберді

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Санкт-Петербургте өткен ATP 250 турнирінің жұптық бәсе­ке­сінде финалға шыққанымен, жарыста жеңіске жете алмады.