Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Спорт • 18 Қазан, 2021

Спорт жаңалықтарына шолу

Спорт • 18 Қазан, 2021

Данқты балуанның ескерткіші ашылды

Биыл қазақтың әйгілі балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына – 150 жыл. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен жыл басынан бері еліміздің барлық аймағында батыр бабамыздың есімін ел жадында жаңғырту мақсатында көптеген мәдени, спорттық-бұқаралық, ақпараттық-имидждік іс-шаралар өткізіліп келеді.

Футбол • 13 Қазан, 2021

Қазақ футболына серпіліс қажет

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының үш буыны (19 жасқа дейінгі, 21 жасқа дейінгі және ересектер) сейсенбі күні әлем және Еуропа чемпионат­тарының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойындарын өткізіп, барлығы да қазақ жанкүйерлерін жерге қаратты.

Спорт • 12 Қазан, 2021

Атауын ауыстырған «Астана»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғыЖолдауында кәсіби спорт клубтарын мемлекетесебінен ұстаудың орынсыз екенін атап көрсеткенненкейін қазақстандық Astana Pro Team кәсіби велоклубыканадалық демеуші тауып, атауын Astana-PremierTech деп өзгерткен еді. Арада бір жыл өтпей жатыпқазақстандық команда атауын қайта ауыстырып, ендігі жарыстарға Astana Qazaqstan Team дегенатаумен қатысатын болды. Бұл – команданыңқұрылған уақыттан бергі үшінші атауы.

Спорт • 12 Қазан, 2021

Трилогияның нүктесін нокаутпен қойды

Өткен демалыс күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында орналасқан T-Mobile аренасында аса ауыр салмақтағы WBC белбеуінің иегері, 33 жастағы британиялық боксшы Тайсон Фьюри (32-0-1, 22 КО) мен әлемнің экс-чемпионы (WBC), 35 жастағы америкалық Деонтей Уайлдер (42-2-1, 41 КО) үшінші реванш жекпе-жегін өткізді.

Футбол • 10 Қазан, 2021

Қазақстан құрамасының ойыны қарын ашыра бастады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында елордада Босния және Гер­цеговина футболшыларын қабылдады. «Астана Аренаға» жиналған 12 мыңнан аса жанкүйердің қолдауымен өткен ойында жерлестеріміз 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Спорт • 10 Қазан, 2021

«Алтай» – Азия чемпионы

Волейболдан Өскеменнің «Алтай» әйелдер клубы Таиландта өткен клубтар арасындағы Сары құрлық біріншілігінде жеңімпаз атанды. Бұл – Өскемендік клубтың алғашқы ірі жетістігі.

Футбол • 07 Қыркүйек, 2021

УЕФА үкілеген өрен

Кейінгі жылдары еліміздің талантты һәм та­лап­ты жастары әлемнің алдыңғы қатарлы ком­панияларында, іргелі ұйымдарда қыз­мет ете бастады. Күн сайын болмаса да жиі-жиі осындай сүйінші хабарды естіп, қуанып қалатынымыз белгілі. Сон­дай шетелдік ұйымда еңбек етіп жүрген жас­тарымыздың бірі – Дәулет Ұранхаев. Елі­міздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­та­масымен қолға алынған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 2021 жылғы же­ңім­­пазы атанған кейіпкеріміз бүгінде Еуропалық футбол қа­уым­дас­тық­та­ры­ның одағында (УЕФА) жұмыс істейді.

Футбол • 06 Қыркүйек, 2021

Қосалқы құрамды шығарғаны несі екен?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы кезекті тур ойынын Хельсинкиде өткізіп, жергілікті Финляндия футболшыларынан жеңіліп қалды.

Спорт • 05 Қыркүйек, 2021

Алдыңғы жетістігімізді жақсартқан Паралимпиада

Жапонияның бас шаһары Токиода өткен XVI жазғы Паралимпия ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстандық параспортшылар ел тарихында алтыншы Паралимпиадаға қатысып, Токио төрінен елге табысты оралды. Паралимпиада тарихында тұңғыш рет елімізден 26 спортшы аттанып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Яғни Қазақстан құрамасының спортшылары бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Ал медаль жиынтығы бойынша жалпыкомандалық есепте 51-орыннан көрінді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, жерлестеріміз бес жыл бұрын Рио Паралимпиадасында 58-орынға табан тіреген еді.