Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Спорт • 26 Қазан, 2021

Чемпион соңғы турда анықталады

Футболдан Қазақстан чем­пионатының 25-тур ойындары аясында біріншіліктің бас жүлдесінен әлдеқашан үміт үзген Алматының «Қай­раты» мен биылғы чем­­пиондықтан басты үміт­кер елорданың «Ас­та­насы» кездесті. Біраз жыл­дан бері екі команда ара­­сындағы кездесу еліміз­дегі ең тартысты матч саналады. Жанкүйерлер тарапынан «Ел классикосы» деп айдар тағылған екі клуб ара­сындағы бұл жолғы те­кетірес те әдеттегідей тар­тыс­­ты өтті.

Ұлттық спорт • 25 Қазан, 2021

«Ақ бидай» ойындары аяқталды

Ақтауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған биылғы VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары өз мәресіне жетті.

Спорт • 22 Қазан, 2021

Спорт жаңалықтарына шолу

Спорт • 22 Қазан, 2021

Сәтін күткен саңлақтар немесе екінші болудың ерекшелігі

Қазіргі қазақ қоғамында шама-шарқы жетсін-жетпесін, әлеуеті келсін-келмесін әйтеуір бірінші болуға ұмтылатындардың, кез келген құрбан­дыққа бара отырып әп-сәтте биік белестерді ылдым-жылдым бағындыруға тырысатындардың қатары көбейіп тұр. Әрине, кез келген салада, өз ортаңда бірінші болғанға не жетсін. Бірақ, Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық басатындардың» да еңбегі далаға кетіп жатқан жоқ. Өзге салаларды былай қойғанда, спортта екінші болып жүріп-ақ талай табысқа жетуге, биік шыңдарды бағындыруға болатынын спортшыларымыз халықаралық жарыстарда сан мәрте дәлелдеп жүр. 24 қазан күні басталатын бокстан әлем чемпионаты қарсаңында осы тақырыпқа тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Спорт • 22 Қазан, 2021

Кімдерге үміт артамыз?

Алдағы жексенбі күні Сербия астанасы – Белградта бокстан ересектер арасындағы 21-ші әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Жаңа ережелер бойынша өтетін биылғы жаһандық біріншіліктің жа­ңалығы көп. Мәселен, Сер­биядағы додада былғары қол­ғап шеберлері тарихта тұң­ғыш рет 13 салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасатын болса, жеңімпаз бен жүлдегер атанған бокс­шы­ларға алғаш рет сыйақы тағайындалып отыр.

Спорт • 21 Қазан, 2021

Спорт жаңалықтарына шолу

Спорт • 21 Қазан, 2021

Қарсыластар анықталды

Нидерландтың Зейст қаласында футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы Италия, Словения және Финляндиямен бірге В тобында сынға түсетін болды. УЕФА рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы жеребе алдында Испания, Ресей және Португалия құрамаларымен бірге бірінші себетте орналасқан болатын.

Спорт • 20 Қазан, 2021

Спорт жаңалықтарына шолу

Футбол • 20 Қазан, 2021

«Қайрат» чемпиондықтан құр қалды

Өткен демалыс күндері футболдан ұлттық құрамалардың матчтарына байланысты екі аптаға үзіліс алған Қазақстан Премьер-лигасының ойындары қайта жалғасты. Еліміздің жеті қаласында өткен ойындардың алтауында жеңімпаз команда анықталса, бір кездесуде тең есеп тіркелді.

Спорт • 19 Қазан, 2021

Спорт жаңалықтарына шолу