Спорт • 02 Қыркүйек, 2021
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Қатар астанасы – Дохада өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы 4-тур ойынын елордадағы «Астана Аренада» өткізіп, Украина құрамасымен тең түсті.
TOKYO2020 • 01 Қыркүйек, 2021
Жапонияда өтіп жатқан XVI жазғы Паралимпия ойындарының кезекті күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына қола жүлде түсті. Жүзу спортыбойынша сынға түскен Нұрдәулет Жұмағали үшінші нәтиже көрсетті.
Бокс • 01 Қыркүйек, 2021
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста Қазақстанның ұлдар және қыздар құрамасы барлық салмақ дәрежелері бойынша бақ сынады. Нәтижесінде, 51 салмақ бойынша жұдырықтасқан боксшыларымыз жалпы саны 47 медаль жеңіп алды (19 алтын, 15 күміс және 13 қола). Оның ішіндегі 11 алтын, 6 күміс пен 5 қола жастар, қалғаны жасөспірімдер құрамасына тиесілі.
Теннис • 01 Қыркүйек, 2021
Путинцева мен Диас Astana Open WTA 250 турниріне қатысады
Әлемдік рейтингте 33-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева мен рейтингте 110-сатыға жайғасқан Зарина Диас 25 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Astana Open WTA 250 турниріне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Тамыз, 2021
Құрама қоржыны тағы үш медальмен толықты
Жапонияның бас шаһары – Токиода өтіп жатқан XVI жазғы Паралимпия ойындарының алғашқы аптасы аяқталмай жатып, қазақстандық параспортшылар ел қоржынына төрт жүлде салып үлгерді. Бұл – Қазақстанның Паралимпиада тарихындағы рекордтық нәтиже.
Спорт • 29 Тамыз, 2021
Тұңғыш рет топтық кезеңде ойнайды
Өткен аптада биылғы Еурокубок ойындарының іріктеу кезеңі аяқталып, негізгі үш турнирдің (Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасы) топтық кезеңіне шыққан командалар белгілі болды. Қазақстандық командалар арасында Алматының «Қайраты» іріктеу бәсекелерінен сүрінбей өтіп, Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін 32 клубтың қатарына қосылды.
Теннис • 24 Тамыз, 2021
Елордадағы Ұлттық теннис орталығының корттарында 19-26 қыркүйек аралығында теннистен Astana Open ATP 250 халықаралық турнирі өтеді. Осылайша, Қазақстан астанасы екінші жыл қатарынан кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) әлемдегі ең беделді турнирлерінің бірін өткізуге мүмкіндік алды.
Спорт • 23 Тамыз, 2021
Басты мақсат – ел үмітін ақтау
Ертең Жапонияның бас шаһары – Токиода XVI жазғы Паралимпия ойындарының жалауы желбірейді. Төртжылдықтың басты додасында еліміздің атынан 25 спортшы 7 спорт түрінен сынға түседі. Бұл – Қазақстанның Паралимпиада тарихында ең көп спортшы қатысатын ойыны болмақ. Еншіміздегі 25 жолдаманың алтауын пара дзюдошыларымыз жеңіп алған. Спорттың бұл түрімен көру қабілеті нашар немесе көзі көрмейтін спортшылар айналысады.
Спорт • 22 Тамыз, 2021
Еурокубок бәсекелеріне қатысып жатқан Қазақстанның екі командасы өткен аптада плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындарын өткізді. Биылғы Еуродода ойындарын Чемпиондар лигасынан бастап, үшінші деңгейлі жарыс саналатын Конференция лигасына дейін түсіп қалған Алматының «Қайраты» аталған турнирдің топтық кезеңіне біртабан жақындай түсті. Ал қазақстандық командалар арасында күні бүгінге дейін сенсация жасап келген Қарағандының «Шахтері» үшін күзгі маусымның ауылы алыстап кеткен сияқты.
Футбол • 20 Тамыз, 2021
Биылдан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының бастамасымен ұйымдастырылған жаңа форматтағы футболдан Қазақстан кубогы жарысының топтық кезеңдегі ойындары аяқталды. Бір жарым айға созылған бәсекеде әр топта үздік атанған екі команда ширек финалға жолдама алды.