Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Спорт • 16 Маусым, 2021

Испания мен Польша әзірше фаворит емес

Италияда шымылдығы түрілген биылғы Еуропа чемпионатының бірінші тур ойындары өз мәресіне жетті. D тобында өнер көрсететін 1996 жылғы кәрі құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері Чехия алғашқы турда Патрик Шиктің дублінің арқасында Шотландияны жеңсе, E тобының үздіктері саналған Испания мен Швеция бір-бірінің қақпасына гол соға алмай, тең тарқасты. Ал Польша ойда-жоқта Словакиядан ұтылып қалды.

Футбол • 14 Маусым, 2021

Ардагер футболшылар атой салған күн

Соңғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Хорватия Еуропа чемпио­натын жеңіліспен бастады. Осыдан үш жыл бұрын Ресейде ұйымдастырылған әлемдік доп додасында атой салып, финалға дейін жеткен «Шақпақ жейделі елдің» құрамасы биылғы Еуроның тұсаукесер кездесуінде Англиядан жеңіліп қалды.

Спорт • 13 Маусым, 2021

Доп додасы тосын оқиғалармен басталды

Жұмадан сенбіге қараған түні Италия астанасы – Римде футболдан 16-шы Еуропа чемпионатының шымылдығы түрілді. Кәрі құрлық біріншілігі «ә» дегеннен күтпеген оқиғалармен бас­талды. Чемпионаттың алғашқы голын Түркия құрамасының футболшысы өз қақпасына соғып алса, Дания-Финляндия арасындағы матчтың бірін­ші таймында дат футболшысы Кристиан Эриксен есінен танып, стадионға жи­налған және ойынды теледидар арқылы тамашалаған миллиондаған жанкүйерді уайымға салып қойды.

Спорт • 13 Маусым, 2021

Теннисшілердің тарихи жетістігі

Теннистен «Үлкен дулыға» санатына енетін биылғы Франция ашық чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін өте табысты аяқталды. Жекелей сында спортшыларымыз жартылай финалға дейін жетсе, ерлер арасындағы жұптық сында өнер көрсеткен Александр Бублик пен Андрей Голубев тұңғыш рет Ролан Гаррос турнирінің финалында бақ сынады. Қазақстан теннисі тарихында мұндай ірі доданың финалында ойнау бақыты бұрын-соңды ешбір теннисшіге бұйырмаған болатын.

Футбол • 11 Маусым, 2021

Еуропада футбол тойы басталды

Бүгін футболдан кезекті Еуропа чемпионатының жалауы желбірейді.

Хоккей • 09 Маусым, 2021

«Барыс» екі қорғаушысымен қоштасты

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» маусымаралық үзілісте тағы екі қор­ғаушысымен қоштасты.

Жеңіл атлетика • 09 Маусым, 2021

Жеңіл атлеттердің бесінші жолдамасы

Қазақстандық жеңіл атлет Мария Ов­­чин­никова Токиода жалауы желбі­рей­тін жазғы Олимпия ойындарына жолдама жеңіп алды.

Теннис • 09 Маусым, 2021

Жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев Ролан Гар­рос турнирінің жұптық бәсекесінде жартылай финалға жолдама алды.

Теннис • 08 Маусым, 2021

Ролан Гаррос: Бублик пен Голубев жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев Франция астанасы – Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің жұптық бәсекесінде жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 08 Маусым, 2021

Әлем кубогының жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшылар Ита­лияның Брешиа қаласында өтіп жат­қан батуттағы гимнастикадан кезекті Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды.