Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Спорт • 09 Тамыз, 2022

Үшінші орынға көтерілді

Шахматтан Қазақстан әйелдер құра­масы Үндістанда өтіп жатқан дүние­жүзілік олимпиаданың кезекті тур ойынында Болгарияны жеңіп, әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді.

Теннис • 09 Тамыз, 2022

Үздік төрттіктің қатарында

Чехияның Простеев қаласында өткен теннистен 14 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетіп, Қазақстан жасөспірімдері үздік төрт құраманың қатарынан көрінді.

Спорт • 08 Тамыз, 2022

Байрақты бәсеке жалауын көтереді

Бүгін Түркияның Конья қала­сында V Ислам ынтымақ­тас­тығы ойындарының жалауы желбірейді. Бұл жарыста әлемнің 54 мемлекетінен келген төрт мыңнан аса спортшы бақ сынап, спорттың 23 түрінен барлығы 380 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Бауырластар бәсекесінде Қазақстан құрамасы сапынан 125 спортшы өнер көрсетеді. Олар спорттың 16 түрі бойынша жүлделерге таласады.

Спорт • 08 Тамыз, 2022

Ұлттық құрамада қалады

Осыдан бірер күн бұрын қа­зақстандық және ресейлік БАҚ беттерінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресейдің «Урал» командасының бас бапкері болуы мүмкін деген ақпарат тарап, қазақстандық жанкүйерлерді алаңдатып қойған еді.

Спорт • 08 Тамыз, 2022

17 жылдан кейінгі жүлде

Бұл күндері Канадада байдарка мен каноэде есу бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлемнің ең үздік спортшылары бас қосқан жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары да өнер көрсетуде.

Спорт • 08 Тамыз, 2022

Асаубаева – Азияның үздік шахматшысы

Жылдам шахматтан (блиц) былтырғы әлем чемпионы Бибісара Асаубаева 2021 жылдың қорытындысы бойынша Азияның ең үздік шахматшысы атанды.

Спорт • 07 Тамыз, 2022

Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?

УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңдерінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық «Тобыл» мен «Қызылжар» клубтары өткен аптада үшінші айналымдағы алғашқы ойындарын өткізіп, екеуі де сырт алаңда бір доп айырмасымен жеңіліп қалды.

Спорт • 07 Тамыз, 2022

Жалғыз алтынды қанағат тұттық

Елорда төрінде жалауы жел­бі­­ре­ген дзюдодан кезекті Азия чем­пио­­наты өз мәресіне жетті. Сары құрлықтың ең үздік балуандары төрт күн бойы Жақсылық Үшкемпіров атын­дағы «Жекпе-жек» спорт ке­ше­нін дүбірге бөлеп, түрлі-түсті жүлделерді са­рапқа салды. Азияның 19 елі­нен келген 200-ден аса балуан бақ сынаған жарыста Қа­зақ­стан­­ның 18 спортшысы өнер көрсетіп, бір алтын, екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Дегенмен жерлестерімізде өз же­рімізде өткен құрлық дода­сын­­да уыс­тап медаль алатын мүм­­кіндік болған еді.

Спорт • 05 Тамыз, 2022

Софияда жүлделі болды

Бұл күндері Болгарияның бас шаһары – Софияда таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл сында Қазақстанның ерлер және қыздар құрамасы да өнер көрсетуде.

Спорт • 05 Тамыз, 2022

Жігіттер жеңіп, қыздар сүрінді

Үндістандағы дүниежүзілік шахмат олим­­пиа­­дасының алтыншы күнінде бір­қатар тосын нәтиже тіркелді. Қазақ­станның ерлер құрамасы бұл турда Чехиядан басым түссе, қыздар құрамасы Әзер­байжан шахматшыларына жол берді.