Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 05 Маусым, 2018

Сенат төрағасы менингит жайлы: Денсаулық сақтау министрлігі жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі менигитке қатысты жағдайға пікір білдірді.

Бокс • 05 Маусым, 2018

«Хабар» арнасы Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін көрсетеді

6 маусым күні Лондон қаласындағы Йорк-холл орталығында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Боксердің қарсыласы әзірге белгісіз.

Аймақтар • 05 Маусым, 2018

Иманжүсіптің ұрпағы Әулиеатаға келді

Қазақ тарихында қара түспен жазылатын отыз жетінің ойраны ұрпақтар жадынан ұмытылмақ емес. Елдің талай игі жақсыларын итжеккенге айдап, тектілерін түрмеге тоғытып, алыптарын оққа байлаған қанды қырғынның салқыны ел есінде. Еліміз егемендік алып, өшкеніміз бен өлгенімізді түгендеген сәтте ұлт рухын көтерген, алайда сол үшін жазықсыз жапа шеккен арыстарымыз ортамызға қайта оралды.

Қазақстан • 05 Маусым, 2018

Ахметжан Ашири. Сексен ғасыр және сексен жыл

Алпыс жыл бойы қалам тербеп, шығармашылықтың ащы-тұщы дәмін тата жүріп, жазушылықтың игілігіне де молынан кенелген Ахметжан Ашири осы келіп жеткен 80 жасында 8 ғасырды қамтыған әдеби көркем картинаны оқырмандарына ұсынған жапакеш жазушы.  

Әдебиет • 05 Маусым, 2018

Солженицынның Мойынқұмдағы күндері

«Солженицын... Тіксініп қалдыңыз, ә? Әрине, тіксініп қалдыңыз. Нобель сыйлығы тұрмақ, одан да өткен бір сыйлық шығып, соның да лауреаты бол­ғанның өзінде дәл біздің дәл осы адамды әспеттейтіндей жөніміз жоғы рас. Бас­қасын былай қойғанда, ана бір жылдары «Қайткенде Ресейдің көсегесін көгер­теміз?» атты трактат типтес салақұлаш уағыз жазғанында Қазақстанның сол­түстіктегі өңірлері ежелден орыс жері еді деп сандырақтағанын ұмыт­пайтынымыз анық». 

Аймақтар • 05 Маусым, 2018

Бұрын­ғы кәсіпкерді сергелдеңге түсірген не?

Демек, осы заңға сәйкес жеке сот орындаушы Бәсенова заңсыз қолданған Қос­танай қалалық сотының 2008 жылдың 4 қыркүйегіндегі шеші­мімен шыққан атқару қағазының күші жойылуы тиіс еді. Бірақ оны істі қараған №2 Қостанай қалалық сотының судьясы Мұрат Адам ескермеген бе, қалай? Егер еліміздің заңдарымен қорғана алмайтын болсам онда оның қа­жеті қанша еді? – деп налиды Жа­рылқасын Желдірбаев. 

Қазақстан • 05 Маусым, 2018

Сот шешімінсіз жүргізушілік куәліктен айыру мүмкін бе?

Соңғы кездері түрлі әлеуметтік желіде көлік жүргізушісі белгілі бір жол ережесін бұзса, жол-патрульдік полиция өкілі сот шешімінсіз-ақ жүргізуші куәлігінен айыра алады екен деген сыңайда түрлі ақпараттар пайда болды. Соған орай редакциямызға бұл ақпараттың қаншалықты шынайылығы туралы сұраған хаттар да түсе бастады. 

Қазақстан • 05 Маусым, 2018

Батыс Қазақстанда IT-технология кеңінен қолданылады

Батыс Қазақстан облыстық сотында сот жүйесінде қолданыла бастаған ақпараттық технологияларды таныстыру шарасы өтті. Соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов өңірдегі көптеген мемлекеттік басқарма өкілдеріне жаңалықты таныстырып шықты. 

Қазақстан • 05 Маусым, 2018

Латыншамыз сауатты болсын десек

Өткен жылдың сәуір айында бас басылым «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев таяудағы он жылда қазақстандықтардың өмір салты түбегейлі өзгеретіндігін айта келіп, қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылым-білім процестерінің ерекшеліктеріне байланысты латыншаға көшудің терең логикасы барын ұлт азаматтарының санасына салған болса, ғаламдық даму керуеніне кешеуілдеп ілескен Қазақ елін шаң қаптырмай алға шығаруды көздеген Елбасының сөзінде үлкен мән бар. 

Аймақтар • 05 Маусым, 2018

Қарағандыда айрықша аллеялар ашылды

Халықаралық балаларды қор­ғау күніне орай Қара­ған­ды­ның орталық саяба­ғын­да Отбасы және Махаббат пен адал­­дық аллеялары ашылды.

Яндекс.Метрика