Аймақтар • 05 Маусым, 2018
Елшілер қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Қарағандының іргесіндегі Спасск мемориалында саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Ұлыбритания депутаттары Қазақстанның экономикалық жетістіктерін жоғары бағалады
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Ұлыбритания парламентіндегі Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпартиялық тобының мүшелерінен тұратын британдық депутаттар келді.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Елбасы 24 мамырда кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Заңмен 14 кодекс пен 109 заңға 1000 түзетулер енгізілген болатын.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Мемлекеттік рәміздер мәселесі қаралды
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда еліміздің мемлекеттік рәміздер бойынша нормативтік-құқықтық актілерін жетілдіру мәселелері қаралды. Отырысқа Парламент депутаттары, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев және белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.
Әлем • 05 Маусым, 2018
Қазақстан-Өзбекстан: Өзара ықпалдастық дами береді
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында Қазақстан Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің Өзбекстан Сенаты Олий Мәжілісінің Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар және туризм мәселелері комитетінің депутаттарымен кездесуі өтті.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Менингитке салғырттық танытпайық!
Соңғы күндері менингококк инфекциясынан көз жұмған адамдар саны арта түсті. Ресми дерек көзі бойынша, 12 адам аталған індеттің шеңгеліне іліккен. Алғашқы ошағы Алматыда басталған ауруды жұқтырғандар мен оның құрбаны болғандардың басқа өңірлерде де тіркеле бастауы қоғамды кәдуілгідей алаңдатып отыр. Ал қатерлі жұқпаға қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы қандай? Жауапты ведомство қандай алдын алу шараларын қолдануда?
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Жаңғырмалы энергияның жақсылығы неде?
Табиғи ресурстарға әлемдік сұраныс артып, энергетикалық революция қарқын алып, әлем баламалы энергияның қолданысын арттыруға бет бұрған бүгінгі кезеңде энергетикалық нарықтағы барлық ірі ойыншылар, яғни корпорациялар мен бизнес қауымдастық жаңа энергетикаға ауқымды инвестициялар салуға көшкен.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Азық-түлікпен қамту – үздіксіз үрдіс
Еліміздің бас қаласын сапалы да қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі Астана алғаш елорда мәртебесін иеленген жылдарда-ақ күн тәртібіне қойылған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сол кездің өзінде Үкіметтің, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қала әкімдігінің алдына «Астананың азық-түлік белдеуін құру» туралы кешенді міндет қойды. Ал 2008 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы стратегиялық тапсырмалар жүктеді. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі «Астана қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін құру жөніндегі» алғашқы бағдарламаны әзірледі.
Қазақстан • 04 Маусым, 2018
Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясының алдын алу және оның алғашқы белгілері жөніндегі жадынамаларды таратты.
Қазақстан • 04 Маусым, 2018
Жандарбек Мәлібеков: Мемлекеттік рәміздеріміз әлем бойынша танымал
Мемлекетіміздің басты нышандары Ту, Елтаңба, Әнұранға биыл 26 жыл толды. Бүгін Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай салтанатты іс-шара өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.