Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Әдемілікті жырлаған әріптес – Бақберген Амалбеков
Мен үшін Бақберген Амалбековтің жан дүниесін жақсы білмеу мүмкін емес. Өйткені курстасыммен абитуриент кезден таныспын. Сол 1970 жылы «Лениншіл жаста» «Абитуриенттер жырлайды» топтамасымен өлеңдеріміз бірге жарық көрген. Оның әлемге әдемі қарау қасиеті ұнаған. Сол қадамнан 43 жыл бойғы журналистік қызметінде бірде-бір рет ауытқымағаны да бір ғанибет.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Елордада экологиялық жәрмеңке өтті
Астанада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «ЭкоАсар» шарасы ұйымдастырылды. Онда қала әкімдігі мен өңдеушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторы қатты тұрмыстық қалдықтарды екі фракцияға (құрғақ және ылғалды) бөліп тастаудың пилоттық жобасымен таныстырды.
Аймақтар • 05 Маусым, 2018
Батыс Қазақстанда жаңа қазақы атаулар пайда болды
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен Орал қаласының №5 шағын ауданы – Қадыр Мырза Әли, осыған дейін «ТЖЖ-1», «ТЖЖ-2» аталып келген шағын аудандар – «Көкжиек», «Сарыарқа» шағын аудандары аталатын болды.
Аймақтар • 05 Маусым, 2018
Қарағандыда заманауи білім орталығы ашылды
«Нұр Отан» партиясы елімізде бірқатар жаңа жобаларын жүзеге асыра бастады. Солардың бірі «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» деп аталады. Осы жобаның аясында жақында Шахтинск қаласындағы Бұқар жырау атындағы кітапханада уақыт талабымен үндескен білім орталығы (Coworking center) ашылды.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Менингиттің қайдан таралғаны үш аптадан кейін белгілі болады
Менингит жұқпасының еліміздің аумағында таралуы себебін анықтауға үш апта уақыт керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Менингитке қарсы вакцинаның не себепті қымбаттағаны белгілі болды
«Бұл коммерциялық вакцина және ол үлкен және кіші қажылыққа баратындарға арналған еді. 4600 доза әкелініп, 22 500 теңгеден сатылған. Алайда, қажылық тамыз айында өтетін болғандықтан бұл вакцина нарыққа шығарылды», деді Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингтен кейін агенттік тілшісінің сауалына орай.
Ұлттық спорт • 05 Маусым, 2018
«Қазанат» атшабарында тоғыз мемлекеттің спортшылары бақ сынады
Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында қазақтың ұлттық спорты теңге ілуден екінші, аударыспақтан үшінші Азия чемпионаты аяқталды. Мәртебелі жарыста тоғыз мемлекеттің спортшылары бақ сынады.
Жекпе-жек • 05 Маусым, 2018
Отгонцецег Галбадрах Мадридте қола алды
Испанияның астанасы – Мадридте өткен Еуропаның ашық кубогында Қазақстанның бірнеше дзюдошысы бақ сынағанымен, солардың арасынан тек біреуіне ғана қола медаль бұйырды. Бұл жүлденің иегері – Отгонцецег Галбадрах.
Теннис • 05 Маусым, 2018
Теннис. Парижде кім қанша табыс тапты?
«Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің жүлделік қоры өте мол екені баршаға мәлім. Сол себепті де осы спорт түрін серік еткен саңлақтардың барлығы да айтулы жарыста барынша табысты өнер көрсетуді мақсат тұтады.