• 10 Қараша, 2018
Мақтааралдың мерейтойы аясында өткен спартакиада өз мәресіне жетті
Мақтааралда ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында спорттың 5 түрінен өткен «Ұландар достығы ұлт бірлігіне ұласады» атты спартакиада ойындары өз мәресіне жетті. Аудандағы этномәдени орталықтарынан құралған командалар кіші футбол, волейбол, арқан тартыс, үстел теннисі, армрестлингтен жарысып, жеңімпаздар анықталды. Спартакиаданың марапаттау рәсіміне аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Мақтаарал аудан әкімінің баспасөз қызметі.
• 08 Қараша, 2018
Алматыда электронды қалдықтарға арналған контейнерлер орнатылды
Электронды қалдықтардың бей-берекет тасталуы қоршаған орта мен адам баласы үшін аса зиян. Ал мұндай қалдықтарды қайта өңдеу ел экономикасы үшін тиімді. Осы орайда Алматыда электронды қалдықтарды тастауға арналған 32 контейнер орнатылды.
• 08 Қараша, 2018
• 08 Қараша, 2018
Қараторы, өте бір өңді қыз екен. Жанары өткір. Бойынан қайсарлық байқалады. Өжет-ақ. Өкініштісі, бір аяғын сылтып, ақсаңдай басады екен. Бірақ, табиғат берген сұлулығы бәрін жеңіп тұрғандай, Жанэраға қарай бергің келеді.
• 08 Қараша, 2018
• 08 Қараша, 2018
Қазақ даласына боксшылардың былғары қолғабын алғашқы болып әкелген Шоқыр Бөлтекұлы екенін дүйім жұрт жақсы біледі. Бұл – ХХ ғасырдың отызыншы жылдары еді. Алматыда, кейіннен республикамыздың басқа да аймақтарында арнайы үйірмелер ашылып, жергілікті жастар осы спорт түріне ден қоя бастады. Түрлі жарыстар ұйымдастырылып, бағы мен бабы қатар шапқандар жеңіс тұғырына көтерілді. Міне, осындай игі істердің барлығы да болмысы бөлек Бөлтекұлының бастамасымен жүзеге асты.
• 08 Қараша, 2018
• 07 Қараша, 2018
Алматыда бейтараптандырғыш цехы іске қосылды
Алматыда «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты» мен «Ғылым қоры» АҚ бірлескен жобасы аясында отандық каталитикалық бейтараптандырғыш цехы іске қосылды. Жаңа өнімді таныстыруға «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институтының» Бас директоры, ҚР ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрынов, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мелс Елеусізов, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары қатысты.
• 06 Қараша, 2018
Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: қауіпсіздік –тұрмыс сапасының айырықша бөлігі екенін атап көрсеткені белгілі. Бұл бағытта Ақтөбе аймағында арнайы жобаның қолға алынғаны құптауға да, қолдауға да әбден лайықты іс. Осы арада тағы да Жолдау жолдарына көз салсақ, халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізу жөніндегі мәселе қазіргі күні Ақтөбе облысында тәжірибеге ене бастады. Осынау саналуан халықтық іс-шаралар Елбасы Жолдауында қойылған талаптармен үндес әрі өзектес. Өйткені қоғам мен халық қауіпсіздігі қай кезде де ең маңызды, ең елеулі істердің бірі болып қала бермек.
Саясат • 06 Қараша, 2018
Жапонияның үкімет басшысы С.Абэнің жақында өткен Қытайға сапары барысында 26 қазанда Бейжіңде «Қытай мен Жапонияның үшінші елдер нарықтарындағы ынтымақтастығы» атты бірлескен бизнес-форум өтті.