Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Әлем • 03 Қазан, 2019

Қазақстанның даму бағыты айқын

Коммунис­тердің 70 жылдық билігі Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени құрылымына күшті ықпалын тигізді. Бірақ арада Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ішкі және сыртқы салаларда ірі жетістіктерге қол жеткізуіне куә болып отырмыз.  Соңғы жылдарда Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеу­мет­тік және мәдени өзгерістер оң бағытта дамыды.

Медицина • 03 Қазан, 2019

Болашақ ұрпақ саулығының іргетасы

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылады. Президенттің Жолдауында жария етілген бұл жаңалық медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етумен байланысты. Жаңа жүйе арқылы халықты медициналық көмекке негізсіз жұмсалатын артық шығыннан арылтуға мүмкіндік туады.

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Саяси жаңғырудың қос міндеті: сабақтастық пен тұрақтылық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Осы уақыт ішінде Қазақ­станның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­­баевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнық­ты мемлекетке айналды», деп биылғы жылдың 2 қыркүйегі күнгі алғашқы Жолдауының әлқиссасында атап көрсетуі біздің тәуел­сіз­дік жолымен жүріп өткен кезеңімізге берілген әділ баға деп па­йым­даймыз. Қ.Тоқаевтың өзінің президенттік қыз­метіне кіріскен сәтінен бастап Елбасының саясатын жалғас­тыра­тындығын ашық мәлімдеуі де тәуелсіздіктің баянды болуының тағдырын тереңнен ойлаған пайымды да парасатты шешімі еді. 

Аймақтар • 03 Қазан, 2019

Жігермен істеген жұмыстың жемісі мол болады

Бағуын білсең, бабын тапсаң, төрт түлік мал – табыстың көзі. Жас кәсіпкер, жас та болса «Ерасыл» шаруа қожалығының басшысы Медет Бақдәулет ата кәсіппен айналысып, шаруасын дөңгелетіп отырған жандардың бірі.

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Саммитке дайындық мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан қаласында Түркі Кеңесінің Бас хатшысы, Бағдад Әміреев Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Әлем • 03 Қазан, 2019

Күзгі сессияның жұмысына қатысуда

Парламент Сенатының депутаттары Сәуле Айтпаева және Сергей Плотников Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) жетпісінші сессия төртінші бөлімінің жұмысына қатысуда.

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Басым бағыттар айқындалды

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен өткен жұмыс отырысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XVIII Хатшылығының қорытындысы нақтыланды.

Президент • 03 Қазан, 2019

Қаржы нарығындағы қызметті тиімді үйлестіру тапсырылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Президент • 03 Қазан, 2019

Елорда әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Руханият • 30 Қыркүйек, 2019

Ерекше дауысты әншіні еске түсірмек

3 қазан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында тыңдарман назарына дүниеден ерте өтіп кеткен бірегей қазақстандық опера әншісі, ең жоғарғы ерлер дауысының иегері – контртенор Ерік Құрманғалиевті еске алуға арналған концерт ұсынылмақ. «Вокалдық параллельдер» атты музыкалық кешке танымал қазақстандық және ресейлік әртістер, соның ішінде әлемнің жетекші сахналарында онымен бірге өнер көрсеткен дос­тары қатысады.