Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Қолға қалам алдырған азаматтық тұлға – Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлиев – ұлық ұстаз, көрнекті ғалым. Шындығында мен ол кісіні осы екі қырынан жақсы біледі екенмін. Ендеше мен білмейтін оның басқа қыр-сырында нем бар, біреудің өрісіне жайылып не береке таппақпын?.. Ол жайлы басқалар жаза жатар. Білгенімнен білтелі шырақ жағып көрейін, нар тәуекел!
• 21 Қыркүйек, 2017
«Рухани жаңғыру» – бірнеше жылға арналған, кезең-кезеңге бөліп атқаруды талап ететін бағдарлама. Сондықтан бір жыл ішіндегі атқарған қандай жұмыс болмасын, бұл алдымен келешекте іске асуы тиіс жобалардың бастамасы іспетті.
Ауыл • 21 Қыркүйек, 2017
Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы негізінде жүзеге асқан тағы бір игі шаруа Еңбекшіқазақ ауданының Ащыбұлақ ауылында ашылған саябақ. Әр азаматты өзі туып-өскен жердің өсіп-өркендеуіне үлес қосуға шақыратын бағдарламаны іске асыру барысында әкімдік пен жеке кәсіпкерлердің әріптестігі негізінде бірқатар шаруалар қолға алынған. Жеміс-жидек пен көкөністерді озық үлгідегі технология бойынша өсіріп, облысты сапалы өніммен қамтамасыз етіп отырған «Amal Bio» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иесі Сабыровтар отбасы ауылдан жаңа саябақ ашуды құп көріпті.
Ауыл • 21 Қыркүйек, 2017
Бұрынырақта Қазақстанның киелі, көрікті жерлерін дамытуға тек туризм немесе табиғатты қорғау тұрғысынан қарап келсек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынғалы басқаша қарай бастаған жайымыз бар. Әр төбесінің өзі бірнеше аңыз айтатын, әр тасы бір тарихқа бастайтын ерекше есептегі табиғи орындар, алдымен қазақ халқының өзі үшін керек екен.
Оңтүстік Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Бұлың-бұлың жол, кібіртік жүрістен титықтап болдым дегенде, алдыңнан осы көрініс шығып тұрсашы!
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Жиынды Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ұйымдастырды.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Мемлекеттік қызметтер пошта арқылы көрсетіледі
«Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпошта»АҚ-пен бірлесіп, қанатқақты жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпошта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа деңгейі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев білім сапасын арттыру және халықаралық деңгейге көтеру, жаңа формациядағы мамандар мен ғалымдар дайындау, ғылыми жобалардың тиімді нәтижесін өндіріске енгізу (коммерцияландыру), агроөнеркәсіптік кешенде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған ауылшаруашылық өнімі көлемін ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері бойынша нақты тапсырмалар беріп отыр.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Нұрсұлтан Назарбаев мемориалдық кешендегі Қазақстанның сақ мәдениетінен бастап Алашорда үкіметінің құрылуына дейінгі тарихын бейнелейтін экспозициялармен танысты. Мемориалдың орталық бөлігі қазақтың батырларына арналған.