Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Күрес • 12 Шілде, 2017

Жарыстар күнделігі

Футбол • 12 Шілде, 2017

«Астана» екі ойыншысын таныстырды

Елордалық «Астана» футбол клубы «Хан Шатыр» ойын-сауық орта­лығында «АстанаFF» фристайл клубымен бірлескен «Футбол астанасы» мерекелік шарасын ұйымдастырды. Аталған шара аясында жаз­ғы трансферде клуб сапын толықтырған екі жаңа ойыншы – Ласло Кляйнхайслер мен Марин Томасовты жанкүйер­лерге таныстыру рәсімін өткізді. Футболшыларды команда жан­күйер­леріне клубтың атқарушы директоры Қайсар Бекенов таныстырып, ресми түрде спорт­тық жейделерін табыстады.

ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017

Ұлттың танымдық сөздігі

Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне тарту ретінде, қазақ этногра­фия­сының алты тілде, нақтылай түссек, қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб тілдеріндегі қысқаша сөздік күні кеше ғана жарық көріп, елордадағы Ұлт­тық академиялық кітапханада тұсау­кесер рәсімі өтті.

Аймақтар • 12 Шілде, 2017

Қуанышы мол қоныстойлар

Өткен Астана күні мерекесінде Ғазиза Шолпан­ба­е­ва­ның қуанышы еселеніп кетті десе болады. Облыс әкі­мі Архимед Мұхамбетовтің қолынан пәтер кілтін ал­ғанда жүрегі алып-ұшып, ерекше толқыды. Баспана қи­ындығы өздерін шаршатқандай еді. Ұлы мен қызы өсіп қалды, әлі күнге дейін отбасы жоғары оқу орнының жа­тақханасындағы аядай бір бөлмеде күн көріп келді. Үлкен қызы 13 жасқа толды, ұлы 10 жаста. Балалардың сабаққа дайындалуына бөлмесі тарлық ететін. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы болып қызмет істейтін өзінің кітаптары мен көрпе-төсегі қатар жиылып тұрады. Отбасы болған соң мерекелерде, отбасылық қуаныштарында туған-туыс, дос-жаранға үйден дәм таттырып, дастарқан жаюдың өзі жұбайы Ерұлан екеуіне қиын болатын. Әйтеуір, «көңіл сыйса – бәрі сыяды» деп қонағын атқарғанмен де, өздері қысылып-қымтырылатын.

Қазақстан • 12 Шілде, 2017

Әдеп жөніндегі уәкілдің ұтымды жұмыстары

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өз жұмысын облыстық және орталық мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдермен тығыз байланыста жүргізіп келеді.

Аймақтар • 12 Шілде, 2017

Қарқаралы – қараусыз, Егіндібұлақ – елеусіз...

Ғаламтор бетін «қолсыз салынған картиналар жолсыз жатқан елді мекен үшін аукционға шығарылыпты» деген жаңалық шарлап кетті. Әуелде, мұндағы қолсыз талант кім, жолсыз ауыл қайсы, көзсіз ерлік қан­дай дедік? Сөйтсек, өзіміздің өңірдің өлмес хәлі екен... Пікірлер екі­ұдай. Бір жағы, «Туған жер­ге туыңды тік!» бағ­дар­­ламасына таптыр­майтын еңбек десе, екін­ші та­рап «қысылған­нан қыз болдының кері» дей­ді... Біз бейтарап пі­кір­­де ғана қалып қой­май, ойды оймен қозғай келе, өзіміздің уәжді ал­ға тартпақшымыз. Сонымен...

Медицина • 12 Шілде, 2017

Президент тарту еткен томограф

Қарағандылық мамандар он жыл бұрын Мемлекет басшысы сыйлаған магнитті-резонансты томографты қайтадан іске қосты. Бұл Қазақстандағы алғашқы томография аппараттарының бірі. Томограф мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша жөнделді.

Медицина • 12 Шілде, 2017

Медициналық сақтандыру дербес жауапкершілікті күшейтеді

Қазақстанда 1 шілдеден бас­тап енгізілген, міндетті әлеу­меттік медициналық сақ­­тандыру жүйесінің ма­ңы­зы зор. Еліміздің барлық ай­мақ­та­рында бағ­дар­ламаның не­гіз­гі қағидаларын ақ­па­рат­тық түсіндіру жұ­мыс­та­­ры жүргізілді. Осы ретте Денсаулық сақтау мини­стр­лігі жанынан құрылған жұ­­мыс тобының мүшесі, «Сыз­ғанов атындағы Ұлт­тық хи­рургия орталығы» АҚ бас­қар­ма төрағасы, ме­ди­­ци­на ғылымдарының докто­ры, профессор Болатбек БАЙМАХАНОВТЫ әңгі­ме­ге тартқан едік.

Қазақстан • 12 Шілде, 2017

Уақыт талабына жауап беретін құжат

Ме­млекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дін саласындағы уә­кілетті органның ғылыми-са­рап­шылар қау­ымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдері кеңінен тартыла отырып әзірленген Қазақстан Республикасының дін са­ласындағы 2017-2020 жылдарға ар­налған мемлекеттік сая­сат тұ­жы­рым­дамасын бекітуі – қуан­тар­лық жайт.

Аймақтар • 12 Шілде, 2017

Хат қоржын

Оқырман

Яндекс.Метрика