Қазақстан • 16 Маусым, 2017
Бұрнағы күні Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Қазақстан Республикасы ұлттық ұланы астаналық жедел мақсаттағы бригадасына жұмыс сапарымен барып, 5573 әскери бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Білім • 16 Маусым, 2017
Білімді бәрінен биік қоятын ұлт табысқа жетеді
Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат тұтады. Осы тұрғыдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті білім, бизнес, құқық, жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы, өнер, мәдениет және қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша мамандар дайындайтын көп салалы жоғары оқу орындарының бірі.
Қазақстан • 16 Маусым, 2017
«Туған жер» бағдарламасы қоғамда жаңа рухани дәстүр қалыптастыруы тиіс
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамда кең түрде талқыланды, жүздеген пікір, ой айтылды, айтылып та жатыр. Ең бастысы, Президенттің болашақта Қазақстан қоғамының рухани дамуы қай бағыттарда болуы жайлы ойлары және ұсынған бағдарламалары халықтың көңілінен шықты, көпшілік тарапынан қолдау тапты.
ЭКСПО-2017 • 16 Маусым, 2017
Украина жасыл энергетиканың дамуына үлес қосуда
Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қалашығында Украина күні өтті. Олар ұлттық мерекелері қарсаңында Гиннестің рекордтар кітабына енген 30 метрлік алып тоқыма орамалды таныстырып, баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Салтанатты жиында Украина Премьер-министрінің орынбасары, Өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық кешені министрі және ұлттық секцияның комиссары Геннадий Зубко өз еліндегі жасыл энергетиканың дамуы жайында әңгімеледі.
ЭКСПО-2017 • 16 Маусым, 2017
Жаһандық шара – жалпыхалықтық мереке
«Елімізде әлемдік деңгейдегі ЭКСПО көрмесі өтіп жатқанын Астана ғана емес, бүкіл өңір сезінуі керек». Бұл – Талдықорғандағы Достық үйінің алаңында «Болашақтың энергиясы» форумын ұйымдастырушылардың сөзі. Шараға мұрындық болған – Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы.
Қазақстан • 16 Маусым, 2017
«Бәйтерекке» барыңыз, Астананы көріңіз
Алты айдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жабылған «Бәйтерек» монументі ертеңнен бастап қала тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашпақ. Елорданың символына айналған монумент 1997 жылы бой көтергеннен бері елордаға алыс-жақыннан келгендердің ат басын бұрмай өтпейтін көркем орындарының біріне айналған болатын.
Қазақстан • 16 Маусым, 2017
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында өтетін Поляк диаспорасы күніне қатысуға Астанаға келген Польша Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Мария Коц бастаған делегациямен кездесті.
Қазақстан • 16 Маусым, 2017
Кітап көрмесі – оқырман олжасы
Кеше Астанадағы «Көрме» орталығында баршаға арналған «Eurasian Book Fair-2017» атты Еуразиялық халықаралық көрме-жәрмеңкесі ашылды. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.
Парламент • 16 Маусым, 2017
Сенат Үкіметтің есебін тыңдады
Кеше Парламент Сенатының жалпы отырысында дауысқа салынған төрт заң жобасының үшеуі қабылданып, біреуі Мәжіліске қайта жіберілді. Отырыста қызу талқыға түскен мәселе - "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жөніндегі" құжат болды.
Парламент • 16 Маусым, 2017
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Риксдагының (Парламенті) Төрағасы Урбан Алинмен жұмыс бабында кездесті, деп хабарлайды осы палатаның баспасөз қызметі.