Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Байланыстарды кеңейтуге шақырды
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Парламентінің Төрағасы Халима Якобпен кездесті. Ол ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне өз елінің ұлттық делегациясын бастап келген болатын, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Парламент • 09 Маусым, 2017
Төртінші деңгейлі бюджет 2020 жылы бекітіледі
Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілік еткен Парламент Сенатының жалпы отырысында сенаторлар бірқатар заңнамалық құжаттарға қатысты оң шешімдер қабылдады. Соның ішіндегі ең негізгісі Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің таныстыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы болды.
Аймақтар • 09 Маусым, 2017
Қазақтың айбыны әлем алдында тағы бір асқақтайтын күн туды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты бұл жолы да абырой жолына бастады. Бұл күні асқақ рух, шалқар шабыт айбынды Астана төрінде салтанат құрып, сәнімізді келтірері анық.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Бірлігімізді паш етуге үндейді
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысты үндеу жариялады.
Аймақтар • 09 Маусым, 2017
Көңілге қанат бітірер көрмені көргенше асық
Әлем алдындағы өткір мәселені көтерген көрмені өткізу әр елдің маңдайына жазыла бермейтін оқиға әрі мақтаныш. Адамзаттың тіршілік көшінің жүгін аудармай, жұмыр жерді дамылдату үшін энергияның балама көздерін табудың бәйгесіндей болған халықаралық көрмеге Қостанай хал-қадерінше тақырыптық жағынан қатысуға талап жасады.
ЭКСПО-2017 • 09 Маусым, 2017
Ел тілегі – ЭКСПО-ны жоғары деңгейде өткізу
Елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты жағымды жаңалықтар легі күн санап жаңаруда. Көпшілікті құлағдар ету мақсатында барынша салмақты, ілкімді дүниелерді іріктеп алудамыз. Әлем көз тіккен ғаламат шараның қазақтың астанасында ұйымдастырылуы, әлбетте әрбірімізге жауапкершілік жүктейді. Көрменің көп күткендей жоғары деңгейде өтуіне тілекшіміз. Осындай мүддеге жұмылған отандастарымыздың әрекеті тіпті көңіл қуантады.
Әлем • 09 Маусым, 2017
Ресей, Қытай, Үндістан және Пәкістан сарапшылары ШЫҰ-ға жаңа мүшелердің кірігу процесі оңай болмайтынын айтады. Мұны ресми құжаттардың мазмұнын өзгертуге тура келетінінен-ақ байқауға болады.
Әлем • 09 Маусым, 2017
Сейсенбі күні Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға төрт күндік сапарын бастады. Әріптесі, Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Си мырза бұл елге мемлекеттік сапар жасайды және Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшыларының саммитіне қатысады.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Мүше елдердегі жастар мәселесі де ортақ
Кеше Астанада «Жасыл экономиканың, туризм мен спорттың дамуы» тақырыбында Шанxай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің Х-ы отырысы өтті.