Парламент • 25 Мамыр, 2017
Сенаторлар бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін тыңдады
Бүгін Парламент Сенатында 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебі таныстырылды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Медицина • 25 Мамыр, 2017
Астанада 70-тен аса балаға тегін операция жасалды
«University Medical Center» корпоративтік қорының филиалы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында туа бітті жарымжан, күйіктен кейінгі ауыр жарақаттары бар 70-тен астам балаға реконструктивті-пластикалық операция жасалды. 21-25 мамыр аралығында жүргізілген «Болашағымыз – балалар» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл бала» республикалық қауымдастығы мен АҚШ-тың «Халықаралық көмек тобы» бірлесе жұмыс атқарды. Жоба мақсаты – медицина мамандарының өзара тәжірибе алмасуына ықпал етіп, елдегі мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуге арналған.
Парламент • 25 Мамыр, 2017
Қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша түзетулер қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Парламент Сенатының отырысы өтті. Палата Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы Келісімді және оны іске асыру тәртібі туралы атқару Хаттамасын ратификациялады, деп хабарлайды Сенаттның баспасөз қызметі.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2017
Ақтау тұрғындары облыстық сотты «Алғыс хатпен» марапаттады
2009 жылы Ақтау қалалық әкімдігі балабақшаға айналдыру мақсатында медициналық колледж орналасқан ғимаратты босатып, аталмыш колледжге қаланың 35-шағын ауданынан медициналық қалашық салу үшін жер телімін бөлген болатын.
Парламент • 25 Мамыр, 2017
Табиғи емдік-дәрілік өсімдіктерді заңмен қорғау керек
Бүгін Парламент Сенатының отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады.
Қаржы • 25 Мамыр, 2017
Атырауда ішкі мемлекеттік аудит комитеті жүйелі жұмыс жүргізуде
Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жыл басынан бері 32 іс-шара өткізді. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 1522,0 млн теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Бұл туралы департамент басшысы Еркебұлан Марайымов мәлім етті.
Бизнес • 25 Мамыр, 2017
Оңтүстікқазақстандық бағбан тастақ жерде жүзім өсіруде
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы, Тасарық ауылында жүзім өсіру ісі қолға алынды. Жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаев тастақ жерді тиімді пайдаланып, 2016 жылы жаңа технологиямен 10 гектарға жүзім еккен, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Үкімет • 25 Мамыр, 2017
Үкіметте «Инновациялық технологиялар паркін» дамыту мәселесі қаралды
Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр экономиканың шынайы секторына Индустрия 4.0 элементтерін енгізу аясында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz
Қазақстан • 25 Мамыр, 2017
Астанада жеделсаты компанияларының жұмысы бақыланады
Қазіргі таңда заңдағы қайшылыққа байланысты Астана қаласының билігі жеделсаты компанияларының жұмысына ықпал ете алмай отыр. Осыған орай елордада жеделсаты компанияларының жұмысын бақылау бойынша инспекция құрылмақ, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
Қаржы • 25 Мамыр, 2017
Қазақстанда байлығы доллармен өлшенетін миллионерлердің саны қанша?
Британдық Knight Frank компаниясының сараптамасымен қазақстандықтардың 0,04%-ы ғана 2016 жылы байлығы доллармен өлшенетін миллионерлер болуы мүмкін деген тұжырымдама жасады.