Әлем • 10 Мамыр, 2017
Эммануэль Макрон – Францияның жаңа президенті
Өткен жексенбі күні Францияда президенттік сайлау өтті. «Ұлттық майдан» партиясы атынан үміткер Марин Ле Пен мен «Алға!» партиясының жетекшісі Эммануэль Макрон арасындағы бәсекеде сайлаушылардың 66% дауысымен Эммануэль Макрон ел президенті болып сайланды.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Түйткілді мәселелер талқыланды
«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының «Индустриялық даму» бағыты бойынша комиссиясы Өскеменде көшпелі мәжіліс өткізді.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Жұмысымыздың басталу уақыты өзгере ме?
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өткен аптада «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» жобасына қатысты.
Әлем • 10 Мамыр, 2017
Халықаралық конференцияға қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Италияның Рим қаласында парламентшілердің «G7/20-Рим 2017» халықаралық конференциясына және Азия парламентшілерінің халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі форумы (ХҚДАПФ) Атқарушы комитетінің 82-ші отырысына қатысты.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Біздің әкелеріміз де – соғыс балалары
Соғыс балаларының драмасы бізге бейтаныс емес. Қазақ әдебиеті табалдырығын «бес жетім» болып аттаған, кейін классик жазушыларға айналған Төлен, Дулат, Қалихан, Асқар, Әбіш шығармаларынан бұғанасы қатпай еңбекке араласқан, батысқа телміріп, әкесiн күтуден талмаған, жетімдіктің жырын жаралы жүрегінде жылдар бойы сақтаған, құмары қанбай қалған балалықтың дастанын бала жастан басымызға жастанып оқып жүріп есейдік. Өзіміз көрмеген аталарымыздан ести алмаған жыр-дастандар мен ертегілерге деген қажеттілігімізді Төлен мен Әбіштердің кейіпкерлерінен естідік. Соларды оқи отырып, атамызбен сырласқандай болдық.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Шолпан Сәдуова облыс орталығындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеттің «Архитектура және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы. Мүсінші Шолпан жасаған барельеф тақтада бозбала жігіттердің ауылдан соғысқа аттанып бара жатқан сәттерінен бастап, ұрыс кезі және Мәскеуде «Жеңіс» деп айғалап тұрған қазақ солдаты бейнеленген.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Оның рухын үйден келетін хат-хабар көтеретін. Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери пошташылар да жеңіске баға жетпес үлес қосты. Олар өз өмірлерін тәуекелге тігіп, үшбу хаттарды қан-қасап соғыс жүріп жатқан алдыңғы шептерге көп жағдайда қазіргі кездегіден де жедел жеткізіп тұрды. Жеңіс солдаттарының рухын үйден келген хат-хабар ерекше көтеретін.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Аңдуда отырғанда кірпік қағуға болмайды. Өйткені, сені де жау аңдуда. Бір мезгілде көзіме бір нәрсе қылаң ете қалғандай болған еді. Қасымдағы серігім Люба кірпігін қағуға келтірместен қағып сұлатты. Сұлай түскенін анық көрдім. Ол жалғыз емес. Серігін мен де күтудемін. Сұлағанның қасына біреу бауырымен жер сызып келіп аударам дегенде, өзі аударылып түсті.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Астана қаласындағы 19132 әскери бөлімінің Ми-171Ш тікұшағы экипажының командирі, майор Әлібек Оршабековтің осы кезге дейін зеңгір көкте өткізген уақытының жиынтығы 1 500 сағатты құрайды. Ол Ми-8/21 борт экипажының командирі ретінде Жеңістің 72 жылдық мерейтойы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылатын әскери парадқа қатысады. Бүгінде 2-класты әскери әуе ұшқышы – Ми-8, Ми-17, Ми-171Ш және «Еврокоптер» ЕС-145 сияқты тікұшақ түрлерін басқаруды меңгерген білікті маман.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Еліміз бойынша Тәуелсіздік жылдарында 39 әскери қызметкер ерліктері үшін мемлекеттік наградаларға ие болса, соның бірі «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты №35804 әскери бөлімінің взвод командирі, 2-санатты сержант Ержан Садықов. Ол қаладағы коммуналды шаруашылық бөлімінің екі жұмысшысының өмірін сақтап қалған.