Әдебиет • 17 Тамыз, 2020
«Көкбалақ» романы ағылшын тілінде жарық көрді
Жазушы Мұхтар Мағауиннің өнер тағдыры туралы «Көкбалақ» романы АҚШ-тың беделді әдеби журналы The Massachusetts Review-де жарық көрді. Соңғы уақытта энтузиастық бастамаларымен көзге түсіп жүрген жекелеген тәуелсіз аудармашылар мен баспагерлер толайым жұмыстар тындырып келеді. Бұл ретте аталған романды ағылшын тіліне аударып шыққан Миргүл Қалидің еңбегі айрықша.
Қоғам • 10 Тамыз, 2020
Мемлекеттік басқару жүйесіне өзгеріс керек
Кез келген басқару жүйесінде заман талабына сай өзгеріс болмаса, мемлекеттің де қарыштай түсуі неғайбыл. Мәселен, қазір қашықтықтан білім алу, жұмыс істеу, түрлі қызметтер мен тауарлар ұсыну трендте. Енді мұндай жүйе мемлекеттік басқару саласына да енгізіле бастады.
Таным • 31 Шілде, 2020
Құрманғазы Ақашев. «Ол жасаған тарих»
Ұлағатты жылдардың ізі мен дала төсіндегі ұрпақтар сабақтастығын шебер қиюластырған суретші Құрманғазы Ақашев тарихи тақырыпқа жиі қалам тартады. Ен даланы еркін жайлаған дала перзентінің ән-күйі мен салтанаты жарасқан ойын-сауығы суретші қылқаламында түрлі-түсті реңмен лезде жарасым тауып, көрермен көңіліне қанат бітіреді. Реализмнен бастап, академиялық кескіндеме әдістерін тең меңгерген суретшінің шығармашылығы туралы сөз қозғалғанда қозғалысқа ерекше жан бітірер шеберлігі алдымен айтылса керек-ті.
Қоғам • 16 Шілде, 2020
Темірдей тәртіп пен шыдам қажет - Ерлан Дакенов
Адам - әлемнің басты және абсолютті құндылығы.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев карантин уақытын екі аптаға созды. Бұл халық мүддесі үшін жасалған таңдау екені белгілі, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 13 Шілде, 2020
Алапат індет арамыздан жақсыны да, жайсаңды да алып кетіп жатыр. Барлығымызға оңай тимеді, індетпен адамзат болып күресіп жатырмыз, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Шілде, 2020
Шолаққорғаннан жетпіс шақырымдай жерде Созақ ауылы жатыр. Жазға салым аяқ асты жол түскен. Дәшті-Қыпшақтың падишахы Тәуекелдің сауын айтып, жақсы-жайсаң атаулыны жинаған Қаратаудың терістігіндегі Созақтағы құрылтай осы маңайда өткен екен ғой деп ғасырлар қойнауында қалған бабалардың ізін көріп қалардай, төңірекке тебірене көз тастаған едік.
Таным • 19 Маусым, 2020
Суретшінің ырқына салсаң, ішкі және сыртқы әлемнің түйісер көкжиегінде бір ғана күй бардай. Көз қарықтырар алып күннен тараған көңіл күй, сезім, ақыл-ойдың алтын шұғыласы төңіректі, көз жетер маңайды түгел шарпып, даланың қойны қонышын толтырған. Бірде өрттей қаулап, қызыл жалынымен баурап алса, бірде тымық кештің сыбдырына еріксіз құлақ түргізеді.
Елорда • 16 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері елорда тұрғындарына арнап жазғы флешмоб ұсынды. Ашық аспан астында Арбат бойында халық жүрегінен орын алған, кең таралған әуендер орындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 16 Маусым, 2020
Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев түсірген «Томирис» фильмі осыған дейін түркі дүниесінде зор қызығушылық тудырған еді. Енді Arclight Films компаниясы көркем туындының АҚШ аумағында тарату құқығын Well Go USA компаниясына сатты. Бұл туралы Variety, Hollywood Reporter және Screen Daily сынды ауқымды баспалар жарыса жариялауда.
Қоғам • 11 Маусым, 2020
Кезінде орталық аудандарды Қазақстанның жаңа, мүлде аяқ баспаған, қазыналы өлкелерімен байланыстырған Түркістан – Сібір темір жолы Кеңес Одағы аумағындағы аса ірі құрылыс санатында еді. Сібір магистралінің 90 жылдығына орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Түрксіб: өткені мен бүгіні» тақырыбында фотобайқау жариялап отыр.