Театр • 18 Мамыр, 2021
Музыкалық жас көрермен театры көрермен назарына жаңа премьераны тарту етті. Демалыс күндері театр сахнасында Евгений Щварцтың «Күлше қыз» атты музыкалық ертегісінің премьерасы өтті.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2021
Мәдениет және спорт министрлігінің кезекті есептік кездесуінде былтырғы және 2021 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар легі мен алдағы міндеттер барысы баяндалды. Министр Ақтоты Райымқұлова ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына баса назар аударды. Кинематография туралы заң жобасы, архив ісі саласындағы оң өзгерістерді баяндай келе, ұлттық мәдениет пен дәстүрді жаңғыртуға, бұқаралық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған бірқатар жаңа жобаны таныстырды.
• 11 Мамыр, 2021
Бұл әнді сонау басқыншылық жылдары жан аямай соғысқан италиялық партизандар сүйіп айтқан деседі. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң ән антифашистік әнұранға айналды. Композицияның авторы белгісіз болғандықтан, халық жыры делінеді. Бұл күндері де ұмытылмаған Bella Ciao (Қош бол, сүйіктім) әнінің шығу тарихына қатысты көптеген нұсқа бар.
Өнер • 10 Мамыр, 2021
9 мамыр күні «Астана Опера» сахнасы мазмұнды концерттермен қарсы алады. Үлкен залда тыңдарман қауым назарына «Көктемнің жеңіс симфониясы» жарқын бағдарламасы ұсынылып, камералық залда «Естелік әрі даңқты әндер» концерті орындалады.
Сұхбат • 04 Мамыр, 2021
Моника Госсман: Финчерге «Оскардың» берілмеуі – әділетсіздік
Биыл Дэвид Финчердің «Манк» картинасы қос бірдей аталым бойынша «Оскар» жүлдесіне ие болған-ды. Ал осы фильмде басты рөлде ойнаған белгілі актриса Моника Госсман – Алатаудың баурайында туған алматылық. Мәскеуде білімін толықтырып, кейін әлемнің бірқатар театр сахнасында өнер көрсеткен актриса бүгінде көптеген жобаларға ұйытқы болып келеді. 2014 жылы Берлинде өзінің жеке мектебін ашып, ол үйреткен LucidBody техникасы аз ғана уақытта әлемге танылған еді. Осылайша Нью-Йорк университетінің Берлиндегі өкілдігінде, Копенгаген Мемлекеттік Университетінде, МХАТ мектеп-студиясында және Actors Space Berlin студиясында актерлер тобын оқытып шығарды. Айта берсек, жерлесіміздің жетістіктері таңғаларлық. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығында өткен кездесу барысында Моника өмір жолындағы жетістіктері мен жаңа жобалары жөнінде әңгімелеп берді.
Руханият • 30 Сәуір, 2021
Отандастар «Астана Операда» бас қосады
Дүние жүзіндегі көрермен қауым, оның ішінде Бразилия, Аргентина, Боливия, Венесуэла, Колумбия, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор, сондай-ақ Ресей, Польша, Бельгия, Сингапур, Швеция мен Аустралияда тұратын отандастарымыз Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аясында «Астана Опера» театрының эксклюзивті спектакльдерін тамашалай алады.
Оқиға • 28 Сәуір, 2021
Толғанай Хасен: «Бала дауысы» бала арманын орындайды
Дәл осы күндері Әлия Назарбаева қорының авторлық жобасы «Жандану әлемі» – ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының алтыншы маусымына қашықтан іріктеу өтіп жатыр. Үміткерлерді анықтау мамыражай мамырдың бел ортасына дейін жалғаспақ. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп келе жатқан байқауға Нұрсұлтан Назарбаев қоры алты жыл бойы ресми серіктес болып келеді. Кішкентай таланттарды танытып жүрген байқаудың атқарушы продюсері Толғанай Хасен газетімізге байқаудың биылғы ерекшеліктері мен талаптары жөнінде айтып берді.
Театр • 27 Сәуір, 2021
Алан Бөрібаев: «Абай» операсы – әлемдік классиканың озық үлгісі
Биыл кемеңгер композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115 жылдығына орай «Астана Операда» «Абай» операсы сахналанбақ. Симфониялық оркестрдің дирижерлік тұғырына тұрған алғашқы қазақ дирижері Ахмет Жұбановтың туған күні қарсаңында «Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаев атасы туралы әңгімелеп берген еді.
Оқиға • 27 Сәуір, 2021
К.Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтында «Сарыарқаның киелі ландшафты» кітабының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл – Сарыарқа аумағы киелі кеңістік ретінде қарастырылған алғашқы еңбек.
Кино • 19 Сәуір, 2021
Үлкен-кіші бас алмай көріп, қызу талқыға салған бір ғана «Паразиттер» (Пон Чжун Хо) комедиялық драмасының қызуы әлі басылған жоқ. Оңтүстіккореялық киногерлер жанрлық фильмдерді жақсы меңгере отырып, бүгінде диснейлік блокбастерлерді өкшелей қуып келеді.