Кино • 12 Қараша, 2020
Қазақ және Еуропа киносы: Негізгі тенденциялар мен ортақ пайым
Еуропа Одағының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырған V Еуропа онлайн-кинофестивалінің ашылуы өтті. Шығармашылық деңгейін дәлелдеп үлгерген белгілі кино режиссерлардың қатысуымен кино өнерінің бүгінгі тенденциялары мен заманауи байланыс негіздері талқыланды.
Кино • 12 Қараша, 2020
Қарашада қандай фильмдер көруге болады?
Мәдениеттің рөлін ұғынуға деген бүгінгі көзқарас жаңа әлеуметтік-мәдени орталарды қалыптастырды. Дәл бүгінгідей жаппай оқшаулану тәртібі мәдениет пен өнер саласының жаңа негізде өркендеуіне жол ашты. Жаһандық мәдени диалогтің белсенді қатысушылары үшін ай сайын, тіпті апта сайын ірі стриминг алаңдар, онлайн кинотеатрлар жаңа тұсаукесерлер ұсынып келеді.
Руханият • 12 Қараша, 2020
«Абай» және «Әл-Фараби» сериалдары көрсетілмек
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Абай» және «Әл-Фараби» сериалдары эфирге шығады. Бұл туралы кеше «Astanа Media Week-2020» апталығында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының басқарма төрайымы Ләззат Танысбай мәлімдеді.
Кино • 10 Қараша, 2020
Триллер жанрының шебері атанған Хичкок «Фильм жер сілкінісінен басталып, содан кейін шиеленіс күшейуі керек», дейді. Көрерменін қорқыта отырып күлдіретін, сөйте тұра қайтадан үрей құшағынан босатпайтын «Жаным, сен сенбейсің!» фильмі тың тақырыпқа жол ашып берді.
Аймақтар • 06 Қараша, 2020
Ертіс өңірінің басты телеарнасына 55 жыл
Бұл күндері Павлодар облыстық телеарнасы 55 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт ішінде телеарна қалыптасу, өсу және даму, ең озық цифрлық телевизиялық технологияларды игеру, түрлі шығармашылық жобаларды іске асыру кезеңдерінен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Өнер • 04 Қараша, 2020
Моңғолияда тұратын Сайлау Түкібайқызы Ұлан-батыр қаласына қарасты Налайх ауданында ұлттық өнерге үндейтін жеке музей ашты. Жарты ғасырдан бері қолөнерді жанына серік еткен шебер шәкірт тәрбиелеп, әлемдік көркем мәдениеттің негізіне айналған ұлттық өнерді жастарға аманаттамақ.
Өнер • 04 Қараша, 2020
Қазақ анимациясының жаңа белесі
«Менің бар арманым мультфильмдер де адамға көмектессе екен, өмір сүруге баулып, ұстаздық құрса екен», деген тұңғыш қазақ мультипликаторы Әмен Қайдаровты асқақ мұраттарға жеткізген ұшқыр қиялы мен табандылығы еді. Кешегі жексенбі балалар жүрегіне жол тапқан осынау суреткер жанның келешекке артқан үмітінің орындалған күні болды. Олай дейтін себебіміз, халықаралық «ÁMEN» Animation film festival салтанатты жиыны ашылып, бауырлас түркі жұртының аниматорлары бас қосты.
Руханият • 04 Қараша, 2020
Сыпыра сөзінің мағынасы қандай?
Дәстүрлі қазақы ортада қоғам, адам және қоршаған табиғи ортаның арасындағы тереңге кеткен сан-салалы қатынас уақыт озған сайын кейін қалып бара жатқаны жасырын емес. Кейбір этнографиялық атаулар мен ұғымдар қолданыстан алыстаған сайын ұмытылып, көнеріп те қалды. Десе де соның кейбірін жаңартып, жаңғыртып кәдемізге асыра алсақ қой деп кейде қиялға ерік береміз.
Өнер • 03 Қараша, 2020
"Сарыарқа" фольклорлық ансамблі онлайн концерт өткізді
2020 жылдың 2 қарашасында Сарыарқаның сары даласын жаңғыртып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы, "Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің "Ауылым – алтын бесігім" атты онлайн концерті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 03 Қараша, 2020
Алматыдағы қара шаңырақ ҚазҰУ қалашығында шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің алып портреті күзгі жапырақтардан бейнеленді. Бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына арналған тамаша тартудың авторы – Джохар Юнусов.