Театр • 10 Қазан, 2022
«Кармен-сюита» көрерменін күтеді
Жақында «Астана Балет» театрында үлкен өнер оқиғасы өтеді. 14-15 қазан күндері театр сахнасында Альберто Алонсоның Жорж Бизенің «Кармен» операсының негізінде қойылып, композитор Родион Щедрин оркестрге арнайы лайықтаған «Кармен-сюита» бір актілі балетінің премьерасы көрерменін қуантуға асық.
Театр • 09 Қазан, 2022
Көптің көңілінен шыққан Күлбике
Қуанышпен аяқталатын ертегіні кім жақсы көрмейді? Балалық шаққа қайта оралтып, қиял-ғажайып әлемнің қызығына бойлататын туындылардың қай кезде де көрерменінің көңіл төрінен орын алары сөзсіз. Күні кеше «Астана Опера» театрында тұсауы кесілген «Күлбике» («Золушка») балеттік спектаклінің дәл осы санаттан табылғанына күмән жоқ.
Сұхбат • 09 Қазан, 2022
Жапондық сценограф Йоко Сеяма: Арманымызбен үндес
«Астана Опера» театрында 8-9 қазан күндері премьерасы сәтті өткен «Күлбике» балетінен кейін қойылымның сценографы жапониялық жас маман Йоко Сеямамен тамаша туындының өмірге келу процесі жайында тілдесудің сәті түскен еді. Суретші шығармашылық ізденістері туралы ойын бүкпесіз ортаға салды.
Театр • 05 Қазан, 2022
«Астана Опера» труппасы – Кремль төрінде
«Астана Опера» балет труппасының қазан айына жоспарлаған шығармашылық жобалары мол. Соның бірі 29 қазанда Ресейдің ең танымал әрі беделді театрлық-концерттік алаңы Кремль сарайының сахнасында өтеді. Мәскеулік көрермендер назарына Борис Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балеті ұсынылады.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2022
Оралхан драматургиясының даралығы
Қазақ драматургиясында Оралхан Бөкей есімі айрықша аталады. Өткен ғасырдың 70-жылдарында сахна әлеміне енген суреткердің өнер саласына әкелген жаңалығы мол. «Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес», «Зымырайды пойыздар», «Жау тылындағы бала», «Жанар», «Атау кере» сынды сахналық туындылары – Оралхан Бөкейдің драматург ретіндегі жұлдызын жарқырата түскен шоқтықты шығармалар.
Театр • 26 Қыркүйек, 2022
Жазушы Оралхан Бөкейдің драматург ретіндегі төл мұрасын сахнаға шығарып, көрерменімен қауыштыруда Қазақстанның еңбек сіңірген белгілі, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың сіңірген еңбегі ерен. Ең алғаш 1982 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында корей режиссері Мең Дон Уктың режиссерлігімен қойылған «Қар қызы» лирикалық драмасында бас кейіпкердің бірі – Бақытжанды театр тарихында алғаш болып сомдаса, кейінірек режиссер ретінде де және бірқатар пьесасына сахналық ғұмыр сыйлады. Сондай туындының бірі – «Атау кере» шығармасы.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2022
Заманымыздың мынадай мың құбылған алмағайып кезеңінде адамды адам етіп қалдыратын, ізгілікке ұмытылдырып, жақсы істердің бастамашысы ететін – ол, әрине, жүректегі сезім мен тазалыққа, сұлулыққа деген құштарлық һәм соны өмір мәніне айналдырсам деген ұлы мақсат мұраты болса керек. Елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында суретші, галерист, педагог, қоғам қайраткері Ләйлә Махаттың жетекшілігімен ұйымдастырылып жатқан керемет көрме дәл осы ойымыздың айғағындай.
Өнер • 08 Қыркүйек, 2022
Көрнекті композитор Илья Жақанов әндерінің цикл-цикл боп тууы өзінше бөлек салиқалы сыр. Бұл ретте сазгердің сырлы жүрегінен туған «Қырғыз» циклы, яғни Шыңғыс Айтматовтың шығармаларына қатысты жазған әндері, «Сарыарқа» циклы, оның ішінде «Балқантауды» жырлаған төрт әннің ерекше жарқырауы, «Жайлаукөл кештері» әні әр берген «Қаратау» циклы, «Еділ-Жайықтан» басталатын «Батыс» циклы деген сынды бірнеше циклға бөлініп туған әуезді әндері бүгінгі қазақ руханиятының алтын қоры, мол қазынасына айналып отыр.
Кино • 07 Қыркүйек, 2022
«Ағайындылар» фильмі Германияда көрсетіледі
Қазақ киносы тағы да әлем сарапшылары назарында. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген режиссер Дархан Төлегеновтің «Ағайындылар» дебюттік толықметрлі фильмі қыркүйек айының 14-18-і аралығында өтетін Германияның Oldenburg International Film Festival-іне қатысады. Бұл туралы киноиндустрияның жетекші әлемдік басылымы Hollywood Reporter хабарлады.
Сұхбат • 06 Қыркүйек, 2022
Ғалым Ахмедьяров: Жаңа маусымда жаңалық көп
«Астана Опера» үшін маңызды күн таяп қалды – 9 қыркүйекте театрдың Х мерейтойлық маусымы басталады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров елімізден тыс жерде де танымал болып үлгерген шығармашылық ұжымның көрермен қауымға не дайындағаны туралы айтып берді.