и
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Батыс Қазақстанда киіктер өліп жатыр
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында 400-ге жуық киіктің өлігі табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Мамыр, 2021
Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымы 3,4 есеге артты
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Вилле Скиннаримен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Мамыр, 2021
Атырау тұрғыны анасын ұрғаны үшін қамауға алынды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 46 жастағы ер адам ішкілікке салынып, анасына қол көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 14 Мамыр, 2021
Коронавирус пневмониясынан 4 науқас қайтыс болды
Елімізде коронавирустық белгілері бар пневмониядан 4 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 14 Мамыр, 2021
Өткен тәулікте 2549 адам коронавирус жұқтырды
Елімізде өткен тәулікте 2549 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Мамыр, 2021
«Астана» капитаны – алтыншы орында
Италияда өтіп жатқан велоспорттан «Джиро д’Италия» гранд-турының кезекті жарыс күні өз мәресіне жетті. 5-кезең бәсекесі аустралиялық велошабандоз Калеб Эванның жеңісімен аяқталды.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2021
«Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды
Ел астанасында мәдениет, өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасындағы IV республикалық «Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды. Биылғы байқау мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Көмір байыту фабрикасы іске қосылды
Қарағанды қаласында Qaz Carbon ЖШС жаңа көмір байыту фабрикасы іске қосылды. Кәсіпорынның ашылу рәсіміне Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр қатысты. Инновациялық кәсіпорын «Қазақстанның даму банкі» АҚ қаржылық қолдауымен салынды. Өндірісті толық автоматтандыру және жаңа әлемдік технологияларды қолдану арқылы жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда фабриканың жылдық өндірістік қуаты 1 млн 800 мың тонна көмір концентратын құрайды.
Тарих • 14 Мамыр, 2021
Өткен бейсенбіде елордадағы Елбасы кітапханасында «Қазіргі заманда адам мен қоғамның өзара үйлесімді ықпалдастығы үшін далалық атқа міну өркениетінің тарихи маңызы» тақырыбында сұхбат алаңы өтті. Іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылып, оған отандық тарихшылар, жоғары оқу орындары магистранттары мен докторанттары, тарих, археология, этнология және өлкетану бойынша ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанған мектеп оқушылары қатысты.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Несиенің несібесі көпбалалы аналарға кәсіп бастауға жол ашты
Жетісуда жеке кәсібін жолға қоюды мақсат етіп, ізденген жандарды мұратына жеткізетін мемлекеттік қолдау бағдарламалары жемісті жүзеге асып отыр. Соның нәтижесінде өзі де табыс тауып, өзгеге де жұмыс беріп отырған іскерлердің қатары тұрақты көбеюде. Дерек бойынша бүгінде аймақта қызмет көрсететін шағын және орта бизнес нысандарының саны 123 мың бірлікке жетіпті.
Медицина • 14 Мамыр, 2021
Нина Каюпова: Ұлттық медицинаның дамуы адам репродукциясындағы жетістіктерге жол ашты
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында демография, отбасы құндылықтары, жергілікті халықтың денсаулығын сақтау, ана мен баланы қорғау бағытындағы заңнамалық құжаттарды әзірлеу бірінші кезекте тұрды. Ұлттық акушерлік-гинекология саласының бастауында тұрған кәсіби маман, Тұңғыш Президенттің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нина КАЮПОВА заң шығару ісі мен отандық репродукция саласындағы ғылыми жетістіктердің ұлттық сипаты жайында әңгімеледі.
Президент • 14 Мамыр, 2021
Қалың қазақты толғандырған мәселеге Президент нүкте қойды
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Осылайша, қазақ қоғамын жылдар бойы толғандырған жер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.
Әлем • 13 Мамыр, 2021
Чехияда Қазақстанның ұлтаралық татулық тәжірибесін талқылады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде Қазақстанның Прагадағы Елшілігі Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесіп, онлайн форматта Чехияның мемлекеттік органдары, ғылыми-сараптамалық топтары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан халқы ассамблеясы – тұрақтылық пен өркендеу факторы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 13 Мамыр, 2021
Биыл жол картасын жүзеге асыруға 325 млрд теңге бөлінеді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2021
Аида Балаева Қостанайға жұмыс сапарымен келді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қостанайға жұмыс сапары барысында облыстық телеарнаның 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты. Басқосу барысында телеарнаның 14 тілшісі Министрліктің құрмет грамоталарымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Мамыр, 2021
ҚР Президентін шет мемлекеттердің басшылары Ораза айт мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 13 Мамыр, 2021
Асқар Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысымен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Orano» директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Мамыр, 2021
Қ.Тоқаев ЕЭО аясында мұнай өнімін реттеу туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ аясында мұнай өнімін реттеу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Мамыр, 2021
Владимир Зеленский Ресей мен Беларуссиядан электр энергиясын импорттауды шектеді
Украина президенті Владимир Зеленский ұлттық энергетикалық реттеушіге Ресей мен Беларуссиядан электр энергиясын импорттауды шектеуге құқық беретін заңға қол қойды. Бұл туралы бейсенбіде Жоғарғы Раданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Мамыр, 2021
Вакциналау паспорты «Ashyq» қосымшасында көрсетілетін болады
1 шілдеге дейін вакциналау паспорты «Ashyq» қосымшасында көрсетілетін болады. Вакцинаның екі компонентін толық алған азаматтардың мәртебесі жасыл түспен белгіленеді. Бұл туралы көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2021
Шымкентте көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді
Шымкентте көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.
Технология • 13 Мамыр, 2021
Әр үйге 4G интернет орнатамын деп уәде бермеймін – Бағдат Мусин
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы әрбір үйге оптикалық-талшықты интернет жүргізу үшін миллиардтаған доллар инвестиция қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Мамыр, 2021
Ерлан Қарин Президент шешіміне қатысты пікір білдірді
Ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге сату және жалға беру туралы көп жылға созылған қызу талқыға біржола және түбегейлі нүкте қойылды. Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Мамыр, 2021
Елорда әуежайында екі жолаушыдан вирус анықталды
Нұр-Сұлтан әуежайының баспасөз қызметі Ashyq жобасының алғашқы күнін қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Мамыр, 2021
Германия туристерге енгізілген шектеулерді жеңілдетті
Германия туристердің елге кіруіне енгізілген шектеулерді жеңілдетті. Енді COVID-19 жұқтырып, аурудан жазылған және оған қарсы вакцина салдырған туристер шекарадан өткен кезде ПТР-тестінен және карантиннен босатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Мамыр, 2021
Алматыда бір тәулікте 3 мыңнан аса адам вакцина салдырды
Алматы қаласында бір тәулікте 3053 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Мамыр, 2021
Аида Балаева қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 13 Мамыр, 2021
Қазақстанда алты өңір «қызыл» аймақта тұр
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 13 Мамыр, 2021
Коронавирус пневмониясынан 5 адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Мамыр, 2021
Мемлекет басшысы Латвиядағы кітапхана директорына алғыс хат жолдады
Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия университетінің Академиялық кітапханасының директоры Вента Коцереге екіжақты мәдени-ағартушылық байланыстарды дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ өз елінде қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.