карантин
Үкімет • 13 Тамыз, 2020
Мемлекеттік комиссия карантинді кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.
Қоғам • 13 Тамыз, 2020
2,3 миллионнан астам қазақстандық карантин кезінде біржолғы төлем алды
13 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 541 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 320,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 304,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
Б.Сағынтаев: Алматыда эпидемиялық ахуал тұрақтанды
Қалада 5 шілдеде қайта күшейтілген шектеу шараларының енгізілуі нәтижесінде эпидемиялық ахуал тұрақтанды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Aкimat Live бағдарламасының тікелей эфирі барысында баяндады, деп жазады Egemen.kz
Елорда • 12 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда карантин кезінде мейрамханалар мен жалға беру пункттері жұмыс істеген
Тексеру барысында 11 тамызда түнгі уақытта Ерімбетов көшесінде екі "Шашлык" және "Белый дом" дәмханалары жұмыс істеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
Қызылорда облысында вирус динамикасы тұрақталып келеді
Карантиндік шектеулердің әсері өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына, вирус динамикасының тұрақтануына алып келді. Індет өршіген кезден бергі жағдаймен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны азайып, сауығып шыққандар қатары көбейді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Тамыз, 2020
Карантин жеңілдетілген жағдайда мешіттер қалай жұмыс істейді?
12 тамызда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 11 Тамыз, 2020
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен алып тастауға дайындық жөніндегі шаралар кешенін қарады.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2020
Шымкентте карантин кезінде 8 мыңнан астам нысанға мониторинг жүргізілді
Бүгінгі таңда карантин режимін сақтау бойынша 8392 нысанға мониторинг жүргізілген. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Ержанов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Тамыз, 2020
Си Цзиньпин қытайлықтарды азық-түлікті үнемдеуге шақырды
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қытайлықтарды тамақты үнемдеуге шақырды. Бұл туралы Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2020
Алматыда бизнесті қайта бастау мәселелері бойынша call center іске қосылды
Алматы облысының әкімдігі қажетті кеңес беру және карантиннен кейін шағын және орта бизнес қызметін кезең-кезеңімен қалпына келтіру алгоритмін түсіндіру үшін сall center-ді іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 10 Тамыз, 2020
Азияның дамушы елдеріне жаңа шындыққа бейімделуге не кедергі?
Азия Даму Банкінің вице-президенті Шиксин Чен бүгін журналистермен кездесуінде Азияның дамушы елдеріне жаңа шындыққа бейімделуге не көмектесетіні туралы айтты. Пандемия сансыз отбасыларды күйзеліске ұшыратып, бұрын-соңды болмаған экономикалық залал әкелгенін жиналғандардың қаперіне салып өтті. Пандемиямен күресу үшін үкіметтер халықаралық сапарларды тоқтатты, карантин шараларын енгізді, көп елді мекендерді оқшаулап, медициналық қызмет түрлерін әртараптандырды, - деп жазады Egemen.kz "Азия даму банкі" сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Тамыз, 2020
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды
Еліміздің кейбір облыстарында бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды. Бұл өзгеріс жеті аймаққа – Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Тамыз, 2020
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жасады
Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан тұрғындарын карантин кезеңінен кейін де сақтық шаралары мен санитария нормаларын барынша сақтауға шықырды. Бұл туралы әкім өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 10 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзушыларға айыппұл салынды
Мониторинг топтары санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2020
Карантин кезіндегі туған күн караоке-барда тойланған
Петропавлдың орталық аудандарының бірінде орналасқан "Royal Palace" мейрамханасы ең жақсы сауық орындарының бірі. Бірақ қазір карантин болғандықтан оның есігі айқара ашық болмауы керек-ті. Алайда осы мейрамхананың ішінде сауық болып, музыка ойнап жатқандығы, тіпті жанжалдың айғай-шуы естілетіні туралы дабыл полицияға түнгі сағат үште түскен, деп хабарлайды Egemen.kz
Туризм • 07 Тамыз, 2020
Алматыда демалыс аймағы карантинге қарамастан жұмыс істеді
Жүзу бассейні бар кешен, тексеру көрсеткендей, әдеттегі кестеге сай жұмыс істеді: келушілер қарсы алынды, санитарлық шаралар сақталмады. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2020
Қысаң заманда той жасауға құлшынатындар азаймай тұр
Карантин режімі кезінде отбасылық салтанатты шараларға рұқсат етілмейтіні, адамдардың жиналуға болмайтыны жөнінде ескерту алғанына қарамастан Петропавл қаласының бір тұрғындары 5 тамыз күні қала іргесіндегі Қызылжар ауданына қарайтын Архангелка селосының шіркеуіне келіп, үйлену рәсімдерін жасаған. Олардың қонақтарға жайып қойған дастархандары да фото және бейнекөріністерге түсірілген. Шіркеу қызметкерлері карантиндік режімнің бұзылатынына қарамастан осы шараның өтуіне рұқсат берген.
Коронавирус • 06 Тамыз, 2020
Бір күнде 892 адамнан вирус анықталғаны жайында Британ үкіметі мәлімдеді, дейді REGNUM.
Коронавирус • 06 Тамыз, 2020
COVID-19: Мексика бір күнде 829 адамынан айрылды
Мексика халқы COVID-19 салмағын қатты сезінген елдің қатарында. КВИ-дан өлім-жітім жөнінен Бразилия мен АҚШ-ты алдына салған жұрттың вирустық ахуалы турасында Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің деректерін REGNUM келтіреді.
Коронавирус • 06 Тамыз, 2020
COVID-19: Латын Америкасы лапылдап жатыр
Мұхиттың арғы бетіндегі қос құрлықтан COVID-19 жайлы мекен тапқандай. REGNUM хабарларына қарағанда оңтүстік Америкадағы елдердің тұрғындары вирустан қатты зардап шегуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 06 Тамыз, 2020
Алматы облысында ауыр науқастар 60 пайызға азайды
Қазір Алматы облысындағы стационарларда орын тапшылығы жоқ. Жалпы 3345 адам медицина қызметкерлердің бақылауында. Оның ішінде стационарлық емдеуде 1 637 науқас бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2020
Атырауда карантин талабы өзгерді
Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов өзінің 2020 жылғы 2 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Тамыз, 2020
Карантин кезінде бірқатар мемлекеттік органның қызметке қабылдау шарттары жеңілдетілді
Президент жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия пандемия кезеңінде денсаулық сақтау органдарында мемлекеттік қызметке тағайындауды және конкурстық рәсімдерді жеделдетіп жүргізу мәселесін пысықтау тапсырған болатын, - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.
Коронавирус • 06 Тамыз, 2020
ДДҰ сарапшылары мектептерді ашуға асықпау керектігін ескертті
Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 18 миллионнан асты, ал күнделікті жаңа жағдайлардың саны 250 мыңға жуықтайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әлеуметтік желіде көп көтерілетін мәселелер бойынша шұғыл жиын өткерді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 05 Тамыз, 2020
Елордада карантин кезінде ойын-сауық орындары жұмыс істегені анықталды
Елорданың ойын-сауық орындарында бірқатар карантин режімін бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Полицейлер карантин режимін бұзған 18 нысанды анықтады
Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Туризм • 04 Тамыз, 2020
Алакөл жағалауында қауіпсіздік пен карантин талаптары қатаң сақталуда
Алматы облысының тәртіп сақшылары облыстағы Алакөл жағалауында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындар мен демалушылардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды атқарады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Карантин кезінде жертөледе компьютерлік клуб жұмыс істеген
Ойын мекемесін Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясы бірқатар нысан әкімшілігінің карантин нормаларын сақтауын бақылауға бағытталған рейдтер кезінде "Ақсай-1" ықшам ауданында анықтаған. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Елорда • 30 Шілде, 2020
Елордада бетперде тағу жөнінде халықтан блиц-сауалнама алынды
Әкімдіктің баспасөз қызметі елорда тұрғындарынан блиц-сауалнама алып, барлығы дерлік бетперде тағып жүргеніне көз жеткізді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Әлем • 30 Шілде, 2020
COVID-19: Франциядағы сақтық шаралары
Франция Денсаулық сақтау бас басқарамасының деректері бойынша елде SARS-CoV-2 жұқтырғандар саны артуда деп жазады "Le Figaro" және "REGNUM".