1
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Алтындала ауылынан 125 адам эвакуацияланды
Қостанай ауданына қарасты Алтындала ауылынан 125 адам, оның ішінде 35 бала эвакуацияланды.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Бейнеу ауданында мектептер қашықтан оқыту форматына көшеді
Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданындағы 15 мектепте Атырау облысының Жылыой ауданынан келген тұрғындарға арналған эвакуациялық пункттердің орналасуына байланысты, сабақ дәстүрлі форматтан онлайн форматқа ауысады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2024
Ұландықтар есіл ерлерді еске алды
Астанада «Отан-Ана» Отан қорғаушылар алаңында 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 құқық қорғау әскері жауынгерлерінің обелискіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Ұлттық ұлан мен Шекара қызметінің қолбасшылығы, әскерлер мен жергілікті қақтығыстардың ардагерлері, Астана гарнизонының әскери қызметшілері және елордалық №25 мектептің «Жас бүркіт» кадет сыныптарының оқушылары қатысты. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2024
Ерлікпен қаза тапқан 17 сарбазды еске алу рәсімі өтті
Осыдан тура 29 жыл бұрын 7 сәуірде Памир тауындағы Пшихавр шатқалында бес сағатқа созылған қарулы қанды қақтығыс кезінде ішкі әскердің 17 жауынгері ерлікпен қаза тауып, 33-і ауыр жарақат алды. Содан бері жыл сайын 7 сәуір – Ерлік күні болып саналады. Қазақстан батальонының құрамында тәжік-ауған шекарасын күзеткен шекарашылар қаза тапқан жауынгерлердің есімін ұлықтауды дәстүрге айналдырған.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Құлсары қаласының 7 шағын ауданына тасқын су қаупі төніп тұр
Атырау облысының жедел штабының мәліметінше, Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй мен әкімшілік нысандарды тасқын су басқан.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
ТЖМ: 63 927 адам эвакуацияланды
Осы уақытқа дейін Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке тұрғын үй, 1059 саяжай үйі, түрлі мақсаттағы 79 ғимарат су астында қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою Департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.
Тағзым • 05 Сәуір, 2024
Биыл Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы атап өтіледі
12 сәуір – ұлт мақтанышы, қазақ елінің қазына байлығын ашушы, Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті, алғашқы академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні және осы датаға орайластырылған Ғылым қызметкерлері күні. Мерейтойға санаулы күн қалды. 12 сәуір күні Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын жыл көлемінде атап өту рәсімінің ресми ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы «Халықаралық Қаныш Сәтбаев» қоры хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
БҚО-да 7 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Төтенше жағдайлар департаментінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен ТЖ вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында су тасқыны кезеңінің өту барысы талқыланды. ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Руслан Қасымбаев облыстағы су тасқыны жағдайы туралы соңғы мәліметтерді баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Сәуір, 2024
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Сәуір, 2024
2019 жылы апатқа ұшыраған «Bek Air» ұшағына қатысты тергеу аяқталды
Алматыда 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Fokker-100» «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Сәуір, 2024
Жұқамырза Шүкірбеков Гран-при турнирінде жеңімпаз атанды
Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан Гран-при турнирінде Жұқамырза Шүкірбеков алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Су тасқыны кезінде дәрігерлер 24 әйелді босандырып алған
Су басқан аудандарда қажырлы еңбектері үшін Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан барлығы 19 медицина қызметкері Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Спорт • 02 Сәуір, 2024
«Ұлы дала жорығы» марафонына Әзербайжанның Қарабақ жылқысы қатысады
1 сәуірде «JORYQ» республикалық ат спорты федерациясының жетекшісі Бақытжан Тұрлыбеков Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ағалар Атамоғлановпен кездесті.
Спорт • 01 Сәуір, 2024
Париж Паралимпиадасы: Қоржынға 11 жолдама түсті
28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Париж қаласында 23 спорт түрінен XVII Паралимпия ойындары өтеді. Оған Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2024
Ақтауда 17 жастағы спортшы жекпе-жек кезінде қайтыс болды
Кеше, 31 наурызда Ақтау қаласындағы «Батыр» спорт кешенінде өткен Nomad MMA бойынша облыстық жарыс кезінде 17 жастағы спортшы көз жұмды. Қайғылы хабарды Маңғыстау облысының Nomad MMA федерациясы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Сәуір, 2024
Ескек есуден лицензиялық Азия чемпионаты өтеді
Жапонияның бас қаласы Токиода каноэ мен байдаркада ескек есуден лицензиялық Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан спортшылары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 30 Наурыз, 2024
Әскери қызметшілер 100-ге толған майдангерге құрмет көрсетті
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагер барлаушысы Василий Иванович Зинченко 29 наурызда 100 жасқа келген мерейтойын атап өтті. Оны Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларының қоғамдық қорының өкілдері, десантшы-сарбаздар құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Су тасқыны: 7 облыс жедел штаб бақылауында тұр
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны ахуалы бойынша соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 27 Наурыз, 2024
Қостанай облысында 12 адам Ми-8 тікұшағымен құтқарылды
Төтенше жағдай министрлігі «Қазавиақұтқару» қызметкерлері Ми-8 тікұшағымен Қостанай облысындағы Екідің елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан 12 адамды құтқарды.
Экономика • 26 Наурыз, 2024
Жастарға 1 миллион теңге беріледі. Өтініш қабылдау басталды
Zhas Project жобасы аясында ел жастарына 1 миллион теңге көлемінде шағын гранттар беріледі. Жобаға қатысу үшін өтінім беру басталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Наурыз, 2024
Париж-2024: Ұлттық құрамада 31 жолдама бар
Париж қаласында алауы тұтанатын Жазғы Олимпия ойындарына санаулы айлар қалды. Төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтеді. Оған 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысатындығы жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Наурыз, 2024
«Ұлы жібек жолы» турнирі: Қазақ боксшылары 11 салмақ бойынша жұдырықтасады
Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан наурыздың 23-і күні басталып, бір аптаға созылатын «Ұлы жібек жолы» халықаралық турниріне Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Наурыз, 2024
Елордалық құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен азаматтық қорғау жүйесінің әскери қызметшілерін, өрт сөндірушілерін, құтқарушыларын әлеуметтік қорғауды жақсарту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Елорда әкімдігінде салтанатты жағдайда Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, қала әкімі Жеңіс Қасымбек елордалық құтқарушыларға он бес қызметтік пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2024
«15 см»: Алматы қаласында қалың қар жауды
Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы наурыздың 14-15 күндерінің жауын-шашыны кездегі коммуналдық қызмет жұмысы туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2024
Елдегі автожолдардың 10 учаскесін су басты
10 учаскенің біреуі республикалық маңызы бар автожол, ал қалған 9-ы облыстық маңызы бар жол (оның ішінде жергілікті маңызы бар 1 автожол). Аталған учаскелерде су шаюы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Наурыз, 2024
«Қорапта аяқ іздері қалған»: Кейуанадан 100 млн жымқырып кеткендер ұсталды
Петропавл қаласы тұрғынының 100 млн теңгесін жымқырған ұрыларды криминалист қорапта қалған аяқ іздері арқылы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Білім • 13 Наурыз, 2024
Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы артады
Ашық НҚА порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын екі жыл қатарынан (2024, 2025) арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Қаулы жобасында шәкіртақы тағайындау тәртібіне өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Наурыз, 2024
Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Қазақстан елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевке салтанатты түрде 15 мың тонна мазутқа сертификат тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Наурыз, 2024
«Сабақ тоқтатылған күн». Оқушыларға берілмеген тамаққа миллиондап ақша аударған мектептер анықталды
Жетісу облысының прокурорлары сабақ тоқтатылған күндері мектеп асханасын тамақпен қамтитын кәсіпкерлерге негізсіз ақша аударған мектептерді анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2024
«Қарқынды еріген қар»: Жетісу облысында 19 аулаға су жайылды
Жетісу облысында егістіктерден қардың қарқынды еруінен Бескөл станциясының жеке тұрғын үйлерінің алдын ала ақпарат бойынша 19 аула аумағын су басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.