әлеумет
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарт кісілердің жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекітті. Құжат ҚР-ның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасын және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2021
30 мыңнан астам қазақстандық жұмысынан айрылуына байланысты төлем алды
Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 30,8 мың адамды құрады, бұл ретте осы жылы 6 754 адамға алғаш рет төлем тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Ақпан, 2021
Әлеуметтік сала депутаттардың жіті назарында
Өткен жылы адамзат баласына төнген індеттің салмағы оңай болған жоқ. Жүздеген адам жақындарынан айырылды, әлемдік экономика дағдарысқа тап болды. Сондай қиын-қыстау шақта ел азаматтары ынтымақтастық пен жаппай жанқиярлық танытты. Nur Оtan партиясы және оның белсенді мүшелері «Біз біргеміз» акциясын ұйымдастырып, көптеген мұқтаж жандарға көмек қолын созды. Осы кезде Nur otan жетекші саяси ұйым екенін тағы бір дәлелдеп, нақты істердің партиясы екендігін көрсетті.
Қоғам • 08 Ақпан, 2021
Қазақстанда «әлеуметтік әмиян» жүйесі енгізіледі
Алдағы уақытта Қазақстанда цифрландыру жобалары үш негізгі топқа бөлініп дамиды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Елімізде «Әлеуметтік кодекс» әзірленеді
Алда әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта қарау міндеті тұр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2020
Әлеуметтік сала жұмысшыларының жалақысы көбейеді
Елімізде әлеуметтік салада еңбек ететін жұмысшылардың жалақысын көбейту мақсатында ел қазынасынан алдағы үш жылға арнап 95 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2020
Шымкентте 400 мыңнан аса тұрғынға әлеуметтік төлем тағайындалды
Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеніңде табысынан айырылған азаматтарға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» есебінен әлеуметтік төлем беру жұмысы жүзеге асырылды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз брифинг барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 19 Қараша, 2020
Қаражаттың жартысынан астамы әлеуметтік салаға жұмсалады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қарады. Алдағы үш жылдық бюджет стратегиялық бағдарламаларды және Президенттің биылғы Жолдауында көрсетілген маңызды әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды іске асыруға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қараша, 2020
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 21 мыңнан астам оңалтудың техникалық құралы берілді
Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылғалы бері мүгедектігі бар адамдар үшін 21, 3 мың оңалтудың техникалық құралы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2020
Біржан Нұрымбетов әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазанның соңғы жексенбісінде атап өтілетін Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні қарсаңында әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Қоғам • 22 Қазан, 2020
Айман Омарова адвокаттардың әлеуметтік қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында кеңес мүшесі Айман Омарова адвокаттардың әлеуметтік қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 13 Қазан, 2020
Елордада әлеуметтік пәтерлер берілді
Нұр-Сұлтанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрған 900-ден астам салымшы көптен күткен пәтерлерін алды. Биыл жеңілдетілген тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Қазан, 2020
Қазақстанда зейнеткерлерді қолдауға 32,6 млрд теңгеден аса қаржы қарастырылды
2020 жылы зейнетақы төлемдерін қоспағанда, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Медицина • 18 Қыркүйек, 2020
Індет жұқтырған қанша медицина қызметкері төлем алғаны белгілі болды
1,6 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер алды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 17 Қыркүйек, 2020
Үкіметте мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен онлайн-режимде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласын жақсарту мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2020
ТЖ кезінде 4,6 млн және карантин кезінде 2,4 млн қазақстандық 42 500 теңге алды
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) табысты жоғалтқан жағдайда көлемі ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең біржолғы төлем көмегімен, төтенше жағдай режимі (бұдан әрі – ТЖ) кезінде 4,6 млн адамға, карантиндік шектеу шаралары қолданылған кезеңде – 2,4 млн қазақстандыққа әлеуметтік қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020
2,4 млн-нан астам қазақстандық әлеуметтік төлем алды
2020 жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең біржолғы төлемді 2 млн 406 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 400 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2020
2,4 млн-ға жуық қазақстандық әлеуметтік төлем алды
2,4 млн-ға жуық қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды. Бұл туралы Еңбек министрлігінің баспассөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 28 Тамыз, 2020
1 мыңнан астам медицина қызметкері бір жолғы әлеуметтік төлем алды
COVID-19-бен күресуге тартылған 1048 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін бір жолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 5 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды, - деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 27 Тамыз, 2020
Әлеуметтік-экономика саласының даму барысы қалай?
Мемлекет басшысы өткен жылы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнады. Жолдауда айтылған мәселелердің кей тұсын сарапшылар көзімен зерделеп берелік.
Қоғам • 20 Тамыз, 2020
Балалар үйінің қаржысын жымқырған күдікті ұсталды
Алматы полицейлері балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің қаражатын жымқырды деген күдікпен облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 20 Тамыз, 2020
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 9,4 мыңнан астам оңалтудың техникалық құралы берілді
Ағымдағы жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосқан сәттен бастап ол арқылы мүгедектігі бар адамдар үшін 9 491 оңалтудың техникалық құралы берілді. 2 662 тапсырыс жеткізілу сатысында. Бұл туралы Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда • 20 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда ҚИК-пен бірлесе іске асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылар санаты көбейді
Елордада қол жетімді баспана көлемі 2020 жылы үш есеге артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Карантин кезінде жарты миллионға жуық шымкенттік әлеуметтік төлемдер алды
Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығында болды. Сенаторлар карантинге байланысты қиын қаржылық жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету шараларын талқылады. Бұл туралы Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Білім • 17 Тамыз, 2020
Әлеуметтік осал топтағы балаларды қолдау акциясы 18 тамызда басталады
Әлеуметтік осал топтағы балаларды қолдау акциясы 18 тамызда басталады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Елорда • 12 Тамыз, 2020
Елордалық оқушыларға 34,5 мыңға жуық компьютер сатып алынады
Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 11 Тамыз, 2020
Әлеуметтік қызметкерлерге арналған кәсіби этика туралы ұсынымдар бекітілді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезіндегі мінез-құлықтың кәсіби этикасы бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітті. Бұл Қазақстан тарихындағы әлеуметтік сала мамандарының жұмысын реттейтін алғашқы құжат. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 06 Тамыз, 2020
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған алматылықтарға газ қосу үшін пайыссыз несие беріледі
Бүгінгі таңда қалада 2800-ге жуық жеке тұрғын үйлер газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2020
Шілде айында азық-түлік үшін қазақстандықтарға 5,4 млрд теңге аударылды
Ағымдағы жылдың шілде айында 1 млн-ға жуық қазақстандық жалпы сомасы 5,4 млрд теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін төлем алды. Әлеуметтік қолдаудың бұл түрімен 1,1 млн адамды қамту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 06 Тамыз, 2020
Министрлік өңірлерде МӘМ жұмысын тексеруде
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Министрліктің медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту және оларда карантиндік шаралардың сақталуы жөніндегі ұсынымдарының орындалуын тексеру мақсатында Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне барды.