ет
Әлем • 18 Қыркүйек, 2023
Ыстанбұл мемлекеттік университетінде халықаралық форум өтті
11-15 қыркүйек аралығында Ыстанбұл мемлекеттік университетінде IASA халықаралық дыбыс және аудиовизуалды мұрағаттар қауымдастығының және ICTMD дәстүрлі музыка және би жөніндегі халықаралық Кеңесінің қазіргі заманның ең маңызды мәселелерінің бірі - адамзат мәдени мұрасын сақтау мен қорғауға арналған «Аудиовизуалды мұраны сақтау және қорғау мақсатында бірлескен» халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 18 Қыркүйек, 2023
Жыл басынан бері 2,2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 200,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 675,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 525,6 млрд теңге қарастырылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Қыркүйек, 2023
«Жұмыс орындары қазір қажет»: Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алды
ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында 8 ай ішінде негізгі капиталға инвестициялар тарту қарқыны және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Қыркүйек, 2023
«Ауыл аманаты»: Ауыл тұрғындарына 7,5 мыңға жуық шағын несие берілді
Үкімет Президенттің ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бұл мақсатта «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылып отыр, оның шеңберінде ауыл тұрғындарына жылдық 2,5%-бен 5-7 жыл мерзімге шағын несие беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Қыркүйек, 2023
Президент Ұлттық Олимпиада комитетін құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 15 Қыркүйек, 2023
Рудныйда полиция қызметкері сәбидің өмірін құтқарып қалды
Рудный қаласында болған кездейсоқ жағдай нәрестенің өмірін қия жаздап, полиция қызметкері Әділ Қадірбеков шұғыл әрекетімен сәбидің өмірін құтқаруға жәрдемдесті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Қыркүйек, 2023
Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
«Қазгидромет» РМК 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2023
Қытайда Азия ойындарының алау эстафетасы басталды
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарының алау эстафетасы 14 қыркүйекте өз шеруін бастағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 14 Қыркүйек, 2023
Түркістан туралы мюзикл жарыққа шығады
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәдениет саласын дамыту бағытындағы жұмыстарды саралау үшін мәдениет және өнер қайраткерлерін қабылдады. Кездесуге Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дәуешов, продюсер, режиссер, сценарист Сержан Молдасанұлы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев қатысып, Түркістанда өнер, мәдениет салаларын дамыту бағытында пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 14 Қыркүйек, 2023
Орталық Азия елдерінің басшылары «Қасри Миллат» сарайында кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне қатысу үшін «Қасри Миллат» сарайына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2023
Ауыл мектебіне «жарылғыш зат» қойылғаны туралы ақпарат тарады
Полиция басқармасының пультіне Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылындағы мектепке «мина қойылды» деген қоңырау түсіп, оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланған. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Қыркүйек, 2023
Елдің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады
Синоптиктер 2023 жылдың 15 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2023
Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңгенің мүлкін қайтарды
Қайрат Боранбаев құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023
Қазақстанда Мемлекеттік туды қолдану аясы кеңейеді
ҚР Туризм және спорт министрлігі Мемлекеттік туды, елтаңбаны және олардың бейнесін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізетін Үкімет қаулысының жобасын жария етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023
Бағдат Мусин Қазақстанда интернет баяу екенін мойындады
Бұған дейін «Қазақстандағы интернет Токиоға қарағанда жақсырақ» деген мәлімдеме жасаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әдеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді. Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында министр елде байланыс сапасына қатысты мәселелер бар екенін мойындады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2023
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Жапонияның үкіметі толығымен отставкаға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News+ басылымына сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2023
Қазақстанда эстетикалық топтық гимнастика спорты дамып келеді
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Мәдина Бектұрғанова еліміздегі эстетикалық гимнастиканың даму әлеуеті туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz ОҚК сайтына сілтеме жасап.
Президент • 12 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы бизнесті қолдау шараларын жаңғыртуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бизнесті қолдау шараларына қатысты тетіктерді сапалы түрде жаңғыртуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Егемен Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2023
«Қазақ газеттері» сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді
«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес 2023 жылғы 27 қыркүйектен бастап өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2023
«Апаттарға әкелуі мүмкін»: 11 ЖЭО-ның әбден тозығы шыққан
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында республиканың бірқатар жылу-электр орталығының қызметін тексеру қорытындысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023
Төтенше жағдайлар министрінің тағы бір орынбасары тағайындалды
Үкімет қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 12 Қыркүйек, 2023
Еліміздің оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады
Синоптиктер 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 11 Қыркүйек, 2023
Ғалымдар суды баяу сүзу технологиясын жаңартты
Қ.Сәтбаев атындағы университет ғалымдары су тазалаудың қолжетімді жүйесін ойлап тапты, нақтырақ айтқанда, суды баяу сүзу технологиясын қайтадан жаңартып отыр. Бұл табиғи су қоймалары бар жерде жоғары тиімді су тазарту құрылыстарын салуға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2023
Бикен Римованың 100 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі өтеді
Жетісуда театр саңлағы, әйгілі актриса Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «BIKEN» I Халықаралық театр фестивалі өтеді. Айтулы іс-шараға өңір әкімі қолдау көрсетіп отыр. Одан бөлек ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы да атсалыспақ. Онға жуық мемлекеттен келген театр майталмандары Талдықорған төрінде бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2023
Министр Аида Балаева хиджаб мәселесіне қатысты пікір білдірді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында оқушылардың мектепке хиджаб киіп баруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 11 Қыркүйек, 2023
Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру жолдары пысықталды
Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындау жөнінде жоспар бекітіледі. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында арнайы қаралды. Жиында бірнеше басқарма басшысының есептері тыңдалып, жоспарлар бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 11 Қыркүйек, 2023
Елімізде BalaQorgau бірыңғай байланыс орталығы ашылады
Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар жүзеге асырылады. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 11 Қыркүйек, 2023
«Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды». Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 11 Қыркүйек, 2023
Әскери қызметшілер Отбасы күнін атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Отбасы күні мерекесін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.