Ет
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021
Шымкент Құрметті азаматтарын дәріптеуде
Шымкент қаласының құрметті азаматтарын таныту мақсатында қала әкімдігі «Құрметті азаматтар циклын» ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қыркүйек, 2021
30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2021
Әлеуметтік саясаттың әлпеті – Әлеуметтік кодекс
Қай мемлекеттің болсын жемісі мен жеңісі түптеп келгенде тұрғындардың әл-ауқатымен, елдің ұстанған әлеуметтік саясатымен бағаланатыны анық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс екенін пайымдай келіп, елімізде Әлеуметтік кодекс әзірленіп жатқанын айтқан болатын.
Білім • 29 Қыркүйек, 2021
Еліміздің ең үздік ұстаздары бас қосты
Тобыл өңіріне Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен келді. Министр ең алдымен облыс әкімімен бірге Қостанайдағы Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ағартушының рухына тағзым етті. Қостанайда биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы да кеңінен аталып өтуде.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021
Петропавлда 60 шақты соғыс ардагері сыйақы алды
Бүгін Петропавлда Екінші Дүниежүзілік соғыс, Ауған және тәжік-ауған шекарасындағы соғыс ардагерлері 100 мың теңгеден сыйақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021
Алматы әуежайында қарулы шетелдіктер ұсталды
28 қыркүйекте көлік полицейлері Қазақстанға «Алматы-Франкфурт» әуе рейсімен ұшып келген 64 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйелді ұстады. Тексеру кезінде оларда 30-06 мм және 300 мм калибрлі патрондар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ Көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 29 Қыркүйек, 2021
Аймағамбетов Қостанай облысындағы ЖОО-ға барды
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қостанай облысындағы колледждер мен жоғары оқу орындарына барды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2021
Ауыр атлетикадан ерлер құрамасының аға бапкері қызметінен кетті
Сергей Седов ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасының аға бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда дактилоскопиялық тіркеу қашан енгізіледі?
ҚР ІІМ шетелде ҚР азаматының төлқұжатын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан ҚР визаларын алу кезінде дактилоскопиялық ақпаратты жинау және өңдеу қағидаларының қолданылуы тоқтатыла тұратын бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Қыркүйек, 2021
Зейнетақы жинағында қанша қаржы бар?
Ұлттық банк 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, салымшылардың зейнетақы жинағы 0,25%-ға ұлғайып, 12 945,8 млрд теңгеге жеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Хоккей • 29 Қыркүйек, 2021
ҚХЛ: Бүгін «Барыс» «Металлург» командасымен кездеседі
Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Қыркүйек, 2021
Елордада 297 млн теңгеге жер сатып алынады
Нұр-Сұлтан қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов елорда әкімдігі қала қажеттілігі үшін 13 жер учаскесін 297 млн теңгеге сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Қыркүйек, 2021
ДДСҰ қызметкерлеріне зорлық жасады деген айып тағылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті кезінде гуманитарлық қызметкерлерге жыныстық зорлық-зомбылық туралы тағылған айыптарды тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның есебін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2021
Қазақстандық авиакомпания ішкі рейстердің тарифтерін төмендетеді
«Эйр Астана» 2021 жылдың 1 қазанынан бастап ішкі бағыттар бойынша эконом-класстың шекті тарифтерін 10%-ға төмендетеді, деп жазады Egemen.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 28 Қыркүйек, 2021
Шетелдік әскери кадрлар Өзбекстанда даярланады
Шетелдік әскери кадрларды даярлау Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында ұйымдастырылады. Тиісті жарлыққа Президент Шавкат Мирзиёев 20 қыркүйекте қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.
Ауыр атлетика • 28 Қыркүйек, 2021
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті
Қызылордада ауыр атлетикадан 2007 жылға дейін және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 28 Қыркүйек, 2021
Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қыркүйек, 2021
Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
Мемлекет басшысына ол 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Экономика • 28 Қыркүйек, 2021
Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі
Бұл туралы Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезінде айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2021
Журналистер офлайнға қашан оралады?
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ASTANA MEDIA WEEK алаңында журналистердің баспасөз конференцияларына және мемлекеттік органдар ғимараттарына қолжетімділігінің жоқтығына қатысты министрліктің атына айтылған сынға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2021
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлім еткендей, бүгінгі күні Қазақстанда нан құнын арттыратын алғышарттар жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2021
Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жөніндегі заң жобасы талқыланды
Сенатта мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жөніндегі заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 28 Қыркүйек, 2021
Елордада 100 киберқылмыскер ұсталды
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов мәлім еткендей, жыл басынан бері елордада интернет алаяқтықтың 3250 қылмысы анықталды. Ұсталған 100 адам 150 млн теңгеге шығын келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021
Индустрияландыру картасына 17 жоба енгізген Шымкентте оң серпін байқалады
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің бүгінгі отырысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2021
Энергетика саласында 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
Бүгін Үкімет отырысында Индустрияландыру картасы жобаларын талқылау кезінде Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев отын энергетикасы саласындағы жобалар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 28 Қыркүйек, 2021
Кембридж университетінде «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды
Кембридж университетінің Фицуильям мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды. Оған Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі сақ қорғандарынан табылған алтын артефактілер қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қыркүйек, 2021
Асқар Мамин өңдеуші өнеркәсіпке қатысты бірқатар тапсырмалар берді
Премьер-Министр Асқар Мамин Индустрияландыру картасын іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қыркүйек, 2021
Жыл басынан бері 7,5 мың өрт оқиғасы тіркелді – Юрий Ильин
Осы жылдың басынан бері еліміздің аумағында 7,5 мың өрт тіркелді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда биылғы сегіз айда ет бағасы 7,4 пайызға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қыркүйек, 2021
Биыл елімізде 128 жоба іске қосылады – Бейбіт Атамқұлов
2021 жылы өңірлер жалпы сомасы 1,23 трлн теңге болатын 128 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрияландыру картасы Жобаларын талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.