ас
Алматы • 24 Қазан, 2023
Тарихшы ғалымдарға дөнгелек үстел ұйымдастырылды
«Қазақ мемлекеттілігінің тарихи дәстүрі және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелеріне» арналған дөңгелек үстел өтті.
Аймақтар • 24 Қазан, 2023
Екібастұз, Павлодар қалаларында дін тақырыбында семинарлар өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Екібастұз және Павлодар қалаларында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.
Президент • 24 Қазан, 2023
Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты - Мемлекет басшысы
Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсімінде ел Президенті Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформа қоғамдық сананың түбегейлі өзгерісіне ұласуы керектігін айтты. Бұл туралы Ақорда ресми телеграм арнасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 24 Қазан, 2023
Футболшы Асхат Тағыберген Президент марапатына ие болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Асхат Тағыберген «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2023
Құрмет грамотасымен 143 адам наградталды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2023
Веломарафоншы Республика күніне орай 106 шақырымды 6 сағатта жүріп өтті
Журналист, аудармашы, веломарафоншы Ернат Мелсұлы Республика күніне орай Астана қаласында 106 шақырымды басып өтті. Түркияның Қазақстандағы Елшілігі ғимараты маңынан басталған 106 шақырымдық марафонды әріптесіміз 6 сағатта өндірді.
Республика күні • 23 Қазан, 2023
Елордада Республика күніне арналған концерт өтті
Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында «Республика – ел тұғыры» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 22 Қазан, 2023
IV Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті
Ханчжоудың «Үлкен Лотос» олимпияда стадионында IV Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Қазан, 2023
Ынтымақтастықтың ықтимал перспективалары талқыланды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың кореялық Doosan Enerbility компаниясының атқарушы вице-президенті Чон Гван Киммен өткен кездесуінде ынтымақтастықтың ықтимал перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қазан, 2023
Астанадағы Қарасу өзені бойына 40 мың ағаш көшеті отырғызылды
Республика күні мерекесі аясында еліміздің барлық өңірлерінде «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 22 Қазан, 2023
Алматыда «Ататүрік сквері» пайда болуы мүмкін
Алматы қаласында атауы жоқ сквер Ататүріктің есімімен аталуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Қазан, 2023
Елордада Республика күні қандай іс-шаралар өтеді
Астанада Республика күні қарсаңында 200-ден астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қазан, 2023
Орал қаласында дін мәселелері бойынша тренинг өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Орал қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Несие • 20 Қазан, 2023
21 жасқа толмаған жастарға несие берілмеуі мүмкін
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беруді шектеу туралы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
Елордада Асқар Забикулинге ескерткіш қойылды
Астанада №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
«Өрт болған жерге асыққанда, жол бермейтіндер көп кедергі келтіреді» – Манас Қайырханұлы
Бүгін – адамдарға қашанда көмек қолын созуға әзір Құтқарушылар күні. Айтулы мереке қарсаңында олардың жанкешті еңбегін қалай айтсақ та жарасады. Бақсақ бұл күні көбіне өрт сөндіруші-құтқарушылар туралы көп айтылады. Ал өрт сөндіру бөлімінің жүргізушілері тасада қалып қойып жатады. Бұл олқылықтың орнын толтырмасқа болмас деп апат орнына дереу жеткізетін жүргізушінің бірі азаматтық қорғау сержанты Манас Қайырханұлымен әңгімелесіп көрдік.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
Илон Масктың жаңа платформасына Президент қаржы сал демеді
Жақында әлеуметтік желілерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Илон Маск жасаған инвестициялық платформаға инвестиция салуға шақырған видеосы тарады. Бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Елордада медиа саласының мамандарына арналған семинар өтті
5 түрлі бағытты қамтыған «Цифрлы дәуірдегі журналистика: әдістер мен инновациялар» атты семинар екі күн бойы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Үйсіздік пен күйсіздік: Алматыда 300-ден астам адам көше кезіп жүр
Еңсесі – төмен, рухы – пәс. Жанында жалын, көзінде от жоқ. Үйсіз-күйсіз көше кезіп жүрген мұндай адамдар еліміздің әр қаласында, тіпті қарқынды дамыған мегаполистерде де кездеседі. Көрінгенге көз сатып, көше кезуді кім армандайды дейсіз? Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Арман Октябрь «Тоз-тозы шыққан тағдырлар» атты мақаласында жазды.
Тағайындау • 18 Қазан, 2023
Астанада Байқоңыр ауданының әкімі тағайындалды
Президент Әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл қызметке Талғат Рахманберді тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Қазан, 2023
Президент: қазақ-қытай қатынастары стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейіне жетті
Мемлекет басшысы Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөз жүргізді, оған ілтипат білдіре отырып, оны аталған лауазымға сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды
Құтқарушылар күні қарсаңында кеше Астанадағы Үркер шағын ауданында өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Франциядағы шенеунік қазақ қызының әкесі тері илеп, анасы мейрамханада жұмыс істейді
Этникалық қазақ Есім Сабаш Францияның Крей қаласында тұрады. Осы қала мэрінің орынбасары. Негізінен қаланың мәдениет саласына жауапты. Атажұртқа алғаш табаны тиген Францияның саяси қызметкерімен аз-кем тілдесіп, дидарласудың сәті түсті.
Президент • 17 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ІІІ форумына қатысатын делегация басшыларының құрметіне орай ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қазан, 2023
Президент: Екі ел арасында белсенді әрі сенімді саяси диалог орнаған
Қазақстан Президенті Бейжіңге ресми сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қазан, 2023
800 теңге: Мектепте ыстық тамақ қымбаттайды
Мектеп асханасындағы түскі астың құнына енді азық-түлік бағасы ғана емес, кәсіпкерлердің басқа да шығындары кіреді. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 17 Қазан, 2023
Жаңа түскен келіндер қандай ырым-тыйымдарды білу керек?
Келінге байланысты тыйымдардың екі түрі бар. Бірі – келіннің жеке басына салынатын тыйымдар (келін ата-енесінің төсегіне отырмайды, жалаңбас жүрмейді т.б.), екіншісі - басқа үлкен-кіші адамдардың жаман ырымдарынан сақтанып, өздерін тыйып ұстайтын іс-әрекеттері (жаңа түскен келіннің төсегіне басқа әйелді отырғызбайды, себебі жаман ырым жасап кетеді деп қауіптенеді). Мәселен, баласы түсіп қала беретін әйелдер жаңа түскен келіннің төсегіне ешкімге білдірмей отырса, бала тоқтап, перзентті болады, есесіне жас келін баланы аз табады деп ырымдап, ондай жағдайға жол бермейді. Ертеден келе жатқан ырымдарға байланысты қазақ келіндерінің қайсыбір нәрселерді істеуден тыйылып, олардан аулақ болуға тырысатын тыйым түрлерінің күні бүгінге дейін тәрбиелік мәні бар. Төмендегілер осы айтылғандарды айғақтай түседі:
Айбын • 17 Қазан, 2023
Жетісуда әскерге асық жастар көп
Қазіргі геосаяси жағдай ушығып тұрғанда еліне қорған болар жастарды тәрбиелеу маңызды. Осы ретте Жетісуда түрлі іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Тіпті, Екінші дүниежізілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді туған жеріне жерлеу рәсімі де қолға алынып отыр. Осы ретте Жетісу облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы подполковник Медет Турскелдиевпен әңгімелескен едік.
Президент • 17 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы: Ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз
Мемлекет басшысы SINOPEC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэнді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қазан, 2023
Қытайда Әл-Фарабиге қойылған бюст салтанатты түрде ашылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі білім алған Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орта ғасырлық философ, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған бюстті салтанатты түрде ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.