Ер
Қоғам • 09 Қараша, 2023
«Браконьер» іс-шарасы барысында 76 құқықбұзушылық анықталды
Осы жылғы қазан айының жиырмасында басталған бір айлық «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында табиғат қорғау заңнамасын бұзғандар, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын ұйымдастырғандар анықталып, бірқатар экологиялық қылмыс ашылды.
Саясат • 09 Қараша, 2023
Қазақстан елшісі Кореяның жоғарғы дипломатиялық орденімен марапатталды
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы бұрынғы елшісі Бақыт Дүйсенбаевты Корея Республикасы Президентінің I дәрежелі «Дипломатиялық еңбегі үшін» орденімен (Кванхва ордені) марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Қараша, 2023
Түркістандағы жаңа саябаққа Димаш Құдайберген жолдаған ағаш отырғызылды
Елімізде алғаш рет «Қаржылық мониторинг агенттігінің» саябағы ашылды. Басты ерекшелігі – 30 жерде QR код орналастырылған. Азаматтар аталған кодтарды сканерлеу арқылы елімізде қаржылық пирамида ретінде танылған ұйымдардың толық тізімін көре алады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Қараша, 2023
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына отандық жиһаздар сатып алынады
Үкімет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына отандық жиһаз және әрлеу материалдарын өндірушілердің қатысуын арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Қараша, 2023
Астаналықтар көліктеріне газ таппай сенделіп жүр
Жуырда бас қала жүргізушілері көгілдір отын тапшылығына шағымданған еді. Осы тұста Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Астанада газ тапшылығы неден болғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 08 Қараша, 2023
Дүние тауқыметінен екі-ақ адам құтылар: біреуі – әлі тумаған адам, екіншісі – өлген адам – Құтып
Афоризм – бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін түйіндеп, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. «Афоризмдер» айдарында Махмұт Қашқари, Құтып ойларын ұсынып отырмыз.
Президент • 08 Қараша, 2023
АЭС-тің тағдырын халықтың талқысы шешеді
Ресейдің «Известия» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт мақсатта қолданылатын атом саласындағы ықпалдастық – энергетикалық ынтымақтастығымыздың негізгі бағытының бірі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 07 Қараша, 2023
Жақсыдан ғибрат ала бергеннің ісі оңға басады – Ахмет Иассауи
Афоризм – бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін түйіндеп, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. «Афоризмдер» айдарында бүгін Қорқыт, Әбу Насыр Әл-Фараби, Ахмет Иассауи ойларын ұсындық.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Димаш Женевада БҰҰ басшылығымен кездесті
Кеше, 6 қарашада Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевалық филиалының басшысы Татьяна Валовамен кездесті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Қараша, 2023
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды
Ержан Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ANTIKOR • 07 Қараша, 2023
Қай өңірдің шенділері жемқорлыққа жиі барады?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 10 айдағы жұмыс нәтижесін қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын іздеп барып Сәкен Сейфулиннің бейнесін таптық – зерттеуші
Жуырда Ресей мұрағатында зерттеу жобасы бойынша еңбектеніп, Сәкен Сейфуллиннің бейнесі жазылған таспаны тауып елге әкелген Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Ермұхамет Маралбек әлі де алар олжамыз аз емес дейді. Тек індете іздеп, тереңдей зерттеуге қаржылай қолдау көрсетуді күшейту қажет. Ресейдің мемлекеттік архивінде тағы қандай құнды қазына «көмулі» жатқанын зерттеуші маманнан сұрадық.
Спорт • 07 Қараша, 2023
Жазғы Азия ойындары: таудай уәде, түймедей нәтиже
2023 жылдың басты додасы саналған жазғы Азия ойындарындағы спортшылардың көрсеткіші көңіл көншітпейді. Мұны Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев әр спорт түрінен федерация басшыларын қабылдау кезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Балалар ойнап жүріп алтын қазынаны тауып алғанын білмеген
Сабақтан келе жатқан ауыл балалары көне әшекейлер қазынасын тауып алған. Олар оның бағалы жәдігер екенін білмей, қалтасына басып кете барған.
Технология • 07 Қараша, 2023
«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді
Қазақстан Үкіметі «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын бекітті. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 06 Қараша, 2023
Ауылға барып жұмыс істейтін жас дәрігерлер 9 млн теңге алады
1 қаңтардан бастап ауылға барып, жұмыс істейтін жас дәрігерлерге берілетін үстемақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan.tv ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Сайлау • 06 Қараша, 2023
Жаңа сайланған әкімдердің орташа жасы қандай?
2023 жылғы 5 қараша күні алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті. Осы тұста Орталық сайлау комиссиясы науқан қорытындыларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 06 Қараша, 2023
Ата-ана ескере бермейтін жайт: Бала жиі ауырмас үшін не істеу керек – дәрігер кеңесі
Бала балабақшаға бармаймын деп қиғылық салса, жиі ауырып қала беретін болса, мінез-құлығында өзгеріс байқалса, демек, мәселе бар деген сөз. Біз әдетте мұның барлығын баланың еркелігіне теліп қоямыз. Оның ішкі жан дүниесіне үңіле бермейміз. Психологиялық һәм медициналық дайындықтың жоқтығынан жаңа ортаға бейімделу өте ұзақ уақытқа созылады. Бұдан шығар жол қайсы? Мамандардан сұрап көрдік.
Аймақтар • 06 Қараша, 2023
Түркістан облысында 4 аудан әкімі сайланды
Түркістан облысы бойынша Созақ, Мақтаарал, Шардара, Бәйдібек аудандарында әкім сайлауы өтті. Осы орайда облыстық сайлау комиссиясы төрағасы Жеңіс Мақұлбаев 5 қарашада пилоттық режимде өткен 4 аудан әкімін сайлаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Қараша, 2023
Жүз екі жастағы майдангер аудан әкімі сайлауында өз таңдауын жасады
Қызылорда облысына қарасты Сырдария, Шиелі аудандары әкімдерін сайлау өтіп жатыр. Осы орайда сырдариялық 102 жастағы майдангер Яхия Тасыров алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 05 Қараша, 2023
Соғыс ардагері аудан әкімі сайлауында дауыс берді
Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев аудан әкімін сайлау шарасына қатысып, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады, деп жазады Egemen.kz аталған облыстың өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Қараша, 2023
Үш күн хабар-ошарсыз кеткен жасөспірім қыз табылды
Семей полицейлері 2 қараша күні сағат 08:30-да колледжге сабаққа кетіп, одан кейін оралмаған 15 жастағы Валерия Ефанованы тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Қараша, 2023
Түркістанның төрт ауданында әкімдер сайлауы өтіп жатыр
Түркістан облысына қарасты Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал, Шардара аудандарында алғаш рет пилоттық жоба бойынша әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыстың өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Қараша, 2023
Жетісу облысында 94 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
Жетісу облысына қарасты Кербұлақ және Сарқан аудандарында әкімдерді пилоттық режимде сайлау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Қараша, 2023
Әкімдер сайлауы: Сайлау учаскелерінде дауыс беру жүріп жатыр
Бүгін пилоттық тәртіпте облыстық маңызы бар үш қала және 42 аудан әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Қараша, 2023
Непалдағы жер сілкінісі 100-ден астам адамның өмірін қиды
4 қараша, сенбіге қараған түні Непалдың батысында болған жер сілкінісі салдарынан 128 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz DW-ге сілтеме жасап.
Президент • 03 Қараша, 2023
Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлік сыйлады
Мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қараша, 2023
«Қазақстанға көшу арманым»: Америкалық қыздың Қазақстанға деген ықыласы ерекше
16 жастағы америкалық қыз қазақ тілін, оған қоса еліміздің тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін зерттеп жүр. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілін қалай меңгергендігі туралы қазақша жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 03 Қараша, 2023
Гурбангулы Бердімұхамедов екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалады
Гурбангулы Бердімұхамедов Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне өзі арнайы қатысқаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.