ат
Қазақстан • 16 Қараша, 2023
20 миллионыншы балаларға тұрғын үй сертификаттары беріледі
Отбасы банк еліміздің бірнеше өңірінде дүниеге келген «20 миллионыншы тұрғын» атанған балаларға 2 000 000 теңгелік сыйлық сертификаттарын сыйлады. Мұндай қуанышты жаңалықты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады. Қаржы құрылымының жетекшісі бұл бүлдіршіндердің болашағына қосқан өз үлесіміз деп атап өтті.
Қазақстан • 16 Қараша, 2023
Атырауда дүниеге келген 20 миллионыншы сәбидің есімі – Мұхаммад
Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған бес сәбидің бірі Атырау қаласында өмірге келді. Жұмағазиевтер отбасының тұңғыш сәбиінің есімі - Мухаммад. Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қалалық перинаталдық орталығына барып, ақжолтай қуанышқа кенелген отбасыны құттықтады. Сәбидің туу туралы куәлігін ата-анасына табыс етті.
Аударма • 16 Қараша, 2023
«Кемал Ататүрікті еске алғанда» кітабының таныстырылымы өтті
Бүгін Түркі Академиясы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Түркия Республикасының елшілігімен бірлесіп «Түркия Республикасының 100 жылдық белесінен Түркі әлемінің болашағына» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. Аталған жиын Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Мәдениет • 16 Қараша, 2023
«Umai-2023» сыйлығына өтінім қабылдау 5 желтоқсанда аяқталады
Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған «Umai-2023» сыйлығына өтінім қабылдау 5 желтоқсанда аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қараша, 2023
Қазақстан халқының саны 21 миллионға қашан жетеді?
Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев Қазақстанның 21 миллионыншы тұрғыны 2027 жылы дүниеге келуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қараша, 2023
Харассменттің алдын алатын арнайы заңның болмауы үлкен мәселе – сенатор
Сенатор Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы әйелдер жұмыста зорлық-зомбылық пен қудалауға тап болатыны туралы Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында елімізде Еңбек министрлігімен бірлесіп жүргізілген БҰҰ зерттеуінің нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғары Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 16 Қараша, 2023
Мажарстан профессоры энергетиканы интеграциялау бойынша дәріс өткізді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Globalia» компаниясының бас директоры, Мажарстан профессоры Габор Шаги «Қазақстанның энергия тізбегіне жаңартылатын энергетиканы интеграциялау мүмкіндіктері» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
Таразда екі театр бір сахнаға таласып жүр
Тарихы терең Тараз шаһарда А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры мен Жамбыл облыстық орыс драма театры сынды екі театр ұжымы бар. Алайда екі театрға - бір сахна. Өнер мен мәдениетті өркендетуді жоспарлаған талай әкім аймақты тізгіндегенмен мәселе шешілмеді. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында Жамбыл облысындағы меншікті тілшіміз Табиғат Мұсылманқұл «Өңір мәдениетіне тың серпін керек» мақаласында тарқата жазды.
Қоғам • 15 Қараша, 2023
Экс-шенеуніктің ісі қоғамда алаңдаушылық туғызды. Қатаң заң қабылдайтын уақыт жетті – депутат
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар қабылдау жөнінде Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
Атырауда кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды
Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына Полымбет Хасанов тағайындалды. Ол осы кезге дейін Исатай ауданының әкімі болған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Қараша, 2023
Си Цзиньпин мен Джо Байден келіссөздер жүргізеді
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Азия-Тынық мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастығы саммитіне (АТЭС) қатысу үшін Калифорния штаты, Сан-Францискоға барды, деп жазады Egemen.kz XInhua ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Қараша, 2023
Пенчак-силат: Ұлттық құрама 11 медаль жеңіп алды
Дубай (БАӘ) қаласында ересектер арасында пенчак-силаттан VII Азия чемпионаты және Таяу Шығыстың I ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Қараша, 2023
Президент Ішкі істер министрлігіне «Бишімбаев ісін» ерекше бақылауға алуды тапсырды
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовпен, Бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен, сондай-ақ басқа да салалық ведомстволардың басшыларымен кездесіп, консультациялар өткізді. Мемлекет басшысы заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге баса мән берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Қараша, 2023
Қазақстан құрамасының Сан-Марино және Словенияға қарсы ойындарының тікелей көрсетілімі
Футболдан келер жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы екі тур ойынын «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 14 Қараша, 2023
Сенат ақпараттық қауіпсіздікті талқылады
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелеріне қатысты заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Театр • 14 Қараша, 2023
Әнші Досымжан Таңатаров театр директоры қызметінен неге кеткенін түсіндірді
Досымжан Таңатаров «Ұйқым келмейді» бағдарламасында «Жастар театрының» директоры қызметінен неге кеткенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қараша, 2023
Qazaq Air әуекомпаниясының акциясын сату бойынша конкурс өтпей қалды
«Самұрық-Қазына» Qazaq Air әуекомпаниясын сату бойынша конкурс өткізілмеді деп танып, ережеге сай алдағы уақытта қайта сатылым жариялайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz «Самұрық-Қазына» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Спорт • 14 Қараша, 2023
Шавкат Рахмоновтың кезекті жекпе-жегі: Өтетін күні мен қарсыласы белгілі болды
16 желтоқсаннан 17 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетін UFC 296 турнирінде жекпе-жекке шығатын UFC шеберлері анықталды, деп жазады Egemen.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қараша, 2023
«Қыз қууда талай жігітті қамшымен сабадым». Шабандоз қыз асау түйені қалай үйреткенін айтты
Аружан Амангелдіқызы шабандоз, атбегі, көкпаршы. Қыз қууға қатысып, жамбы атумен танылған бойжеткеннің түйеге мініп жамбы атуды меңгергені көпшілікті сүйсінтті. Жоғары оқу орнының 2-курс студенті бос уақытын қыдыруға емес, атқа мініп, ұлттық ойынымызды ұлықтауға арнағанды жөн көреді.
Аймақтар • 13 Қараша, 2023
Атырауда көпірден әйел адам секіріп кетті
Бүгін сағат 15:00-де Атырау қаласындағы Орталық көпірден әйел адам секіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қараша, 2023
Джиу-джитсудан әлем чемпионатында Қазақстан командасы топ жарды
Даугавпилс (Латвия) қаласында қарашаның 10-12 күндері аралығында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатына жаһанның 29 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты, оның ішінде еліміздің 80 спортшысы бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2023
«Антикор» басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев сотталды
Шымкентте «Антикор» ұйымы басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2023
Жатақханалар мен хостелдерде өрт қауіпсіздігі тексеріледі
Жыл басынан бері 15 жатақхана өртке оранған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 13 Қараша, 2023
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Павлодар облысы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің келісімімен Серік Батырғожинов облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2023
Бүгін Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қараша, 2023
Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатыспауы мүмкін
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі Бахтиер Зайнутдиновтің жарақатына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Prosports.kz сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қараша, 2023
«Алтын домбыра» биыл кімге бұйырады?
Астана қаласында «Amanat» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. «Еңбек – ел ырысы» тақырыбындағы дәстүрлі жыр аламаны биыл қарапайым еңбек адамдарына арналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Қараша, 2023
Азия чемпионаты: Қазақстан спортшылары көш бастады
Алматыда каратэден І Азия ашық чемпионаты мәрсіне жетті. Еліміздің спортшылары 8 алтын, 8 күміс, 14 қола медаль олжалап, жалпы командалық есепте топ бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Польша елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.