Жол
Ауа райы • 18 Желтоқсан, 2024
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе және Қызылорда облысындағы республикалық жолдардың учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2024
«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл-Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2024
«Атырау-Астрахань» автожолын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Республикалық маңызы бар «Атырау – РФ шекарасы (Астраханға) автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. 272 шақырымдық учаске жұмыстары 2018 жылы басталып, Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Желтоқсан, 2024
Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Қостанай облысында тас жолдың бірінде жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2024
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Қазақстанның екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Елорда • 15 Желтоқсан, 2024
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі 30 желтоқсанға дейін 105-ші LRT желісі станциясындағы қоршауларды бөлшектеуге байланысты жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2024
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
14 желтоқсан күні түстен кейін жолда Chevrolet Lacetti, Daewoo Gentra және Lexus LX470 көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2024
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып қалды
Абай облысындағы тасжолдың бірінде екпіні күшті желдің салдарынан жүк көлігінің тіркемесі аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2024
Биыл үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
2024 жылы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында Шымкент, Павлодар және Қызылорда қалаларындағы теміржол вокзалдарында толық реконструкция және күрделі жөндеу жұмыстары жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2024
«ҚазАвтоЖол» 6 өңір бойынша ескерту жасады
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2024
Жамбыл облысында 41 жолаушы эвакуацияланды
Жамбыл облысының Жуалы ауданы аумағында («Алматы-Ташкент» тас жолында) түнде жолаушылар автобусы бұзылып, тұрып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2024
Рудныйда автобус қағып кеткен 60 жастағы әйел көз жұмды
Рудный қаласында автобус жүргізушісі 60 жастағы әйелді қағып кеткен. Зардап шеккен әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Желтоқсан, 2024
Алматы облысында республикалық жолдардың бірінде қозғалыс шектелді
Алматы облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024
Сүйінші, жолаушы қауым! Елдің күткені – автобанның біткені еді. Сол көп күттірген күрежолдың құрылысы аяқталды. «Қарағанды – Балқаш» тасжолының төрт жолағы толығымен ашылды. Бұл бағыттағы автобан құрылысының сағызша созылғаны, мерзімінен не себепті кешіктірілгені аз жазылмаған еді. Газетіміздің 27 ақпан күнгі санында жауапты органның «жолды жыл соңына дейін тапсырамыз» деген уәдесін берген едік. «ҚазАвтоЖол» уәде үдесінен шықты. Сөйтіп төрт жолақты жолды салтанатты түрде тапсырды.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2024
Семейде балалар теміржолы ашылды
Семейдегі жаңартылған Бейбітшілік аралында балалар теміржолы пайдалануға берілді. Бұл облысымыздағы туризмді дамытуға ықпал ететіні айқын. Сонымен қатар аралда жаңа қоғамдық кеңістік және қала тұрғындары мен қонақтарынан арналған орындар салтанатты түрде ашылды. Қоғамдық кеңістікте балалар ойын алаңдары, футбол, волейбол, стритбол алаңдары мен воркаут аймағы бар. Барлық алаңдарда жаңа кәсіби тренажерлер орнатылған.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2024
Қостанай облысында жолдарды күтіп ұстауға 4,9 млрд теңге бөлінді
Ақша аймақтағы жолдардың барлық түрлеріне бөлінеді. Оларға 11 жол ұйымы қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 06 Желтоқсан, 2024
Ақын Қасым Аманжоловтың қызы өмірден өтті
Қаралы хабар туралы ақын Жанат Жаңқашұлы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2024
Қазақстанда 4 желтоқсаннан бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді
Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған заң күшіне енгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2024
Қостанай облысында жол жұмыстарының құны негізсіз көтерілген
Қостанай облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында жұмыстардың құнын негізсіз көтеру фактілері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2024
Шымкентте зейнеткерді көлік қағып кеткен
Шымкентте жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған зейнеткерді көлік қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2024
Павлодарда екі баланы көлік қағып кетті
Павлодар облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 03 Желтоқсан, 2024
Түркияда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды
Түркияның Денизли провинциясының Сарайкей қаласында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды. Одан бөлек 20 жолаушы жарақат алған, үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2024
«ҚазАвтоЖол» 7 өңірдің жүргізушілеріне үндеу жасады
Бүгін еліміздің 7 өңірінде қалың қар жауады деп болжанған. Осыған орай «ҚазАвтоЖол» АҚ жүргізушілерге ауа райын бақылауды ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2024
Астанада екі жеңіл көлік соқтығысты
Астанада екі көшенің қиылысында екі жеңіл көлікт соқтығысты. Салдарынан бір жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2024
Қарағандыда екі көлік соқтығысты
Қарағанды облысындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 01 Желтоқсан, 2024
Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды
Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды. Жол апаты Қамзин-Циолковский көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Egemen.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2024
Алматы облысында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Алматы облысында сенбі күні үш көлік көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қараша, 2024
Көкшетауда жаңа жол мен көпір ашылды
Көкшетауда Қопа көлі бойындағы жаңа жол бойында көлік қозғалысы және Застанционный шағын ауданындағы көпір ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ақтөбе облысында Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін жол жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Қараша, 2024
Батыс Қазақстанда көлік аударылып, екі адам көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам көз жұмды. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.