ас
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2020
Ерсары батырға кесене орнатылды
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында XVIII ғасырдың ІІ жартысындағы Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы сардарларының бірі Ерсары батыр Бегетайұлына кесене орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 07 Қыркүйек, 2020
Алматы праймеризге қатысушылар саны бойынша көш бастап тұр
Бүгінде праймеризге қатысушылардың саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 07 Қыркүйек, 2020
Ұлттық банк басшысының кеңесшісі тағайындалды
Экономист Олжас Төлеуов Ұлттық банк басшысының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2020
"ҚазТрансОйл" медициналық мекемелерге ӨЖЖ аппараттарын алып берді
"ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстанның медициналық мекемелері үшін 68 стационарлық көп функционалды өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 07 Қыркүйек, 2020
"Астана Опера" театры жаңа маусымын ашады
"Астана Операның" сегізінші театр маусымы ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz Театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 07 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда өткен тәулікте 131 адам коронавирустан емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 131 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2020
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы төрт жаңа жобаны таныстырды
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы аймақтық жастар ресурстық орталықтарымен онлайн-кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2020
Каспий жағалауында өртеніп жатқан қамысқа тікұшақпен 30 тонна су себілді
Шымкент қаласынан барған "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-17 тікұшағы жану ошағына 3 тоннадан 10 рет су шашты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2020
Шымкенттен шыққан тікұшақ Каспий жағалауында өртенген қамысты сөндіруге кірісті
Шымкент қаласынан барған тікұшақ Атырау облысында жанып жатқан қамысты сөндіруге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2020
"Қайрат" пен "Астана" кездесетін күн белгілі болды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы бірінші айналымның қалған турларының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz лига сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2020
Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртеніп жатыр
Атырау облысында Атырау қаласынан 30-40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2020
Алматыда отбасы апталығы өтеді
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыстық орталығы" КММ "Бақытты отбасы" көпбалалы отбасылар орталығы, "Дағдарыс орталықтарының одағы" ЗТБ, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі Алматы аудандық полиция бөлімшелерінің Басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы Отбасы күні аясында 7–11 қыркүйек аралығында "Өмірде ең қымбат нәрсе – отбасы" апталығын жоспарлауда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2020
Бір жыл тағатсыздана күткен жеңіс!
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы матчында Литва құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті. Голдардың авторлары – Бахтиер Зайнутдинов пен Исламбек Қуат.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020
"Көкшетау – Атбасар" жолының учаскесінде тұрақтандырғыш "Acrosoil" технологиясы сыналды
Еліміздің автомобиль жолдарында инновацияларды енгізу шаралары жалғасуда. "Көкшетау – Атбасар" жолының 7+150 – 7+250 шақырым учаскесінде "Acrosoil" тұрақтандырғыш қоспасы сыналды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020
"Жас ғалым" ұғымын заңды түрде бекіту ұсынылды
Бұл туралы "Jas Otan" ЖҚ 2025 жылға дейінгі "Жастар-Отанға!" бағдарламасын талқылау мақсатында өткізілген бейнеконференцияда мәлім болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің 7 айдағы жұмысының қорытындылары мен елдің отын-энергетика кешенін дамыту перспективалары туралы есебін тыңдады.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020
Түлкібас ауданында 5064 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылады
Түркістан облысы Түлкібас ауданында көп жылдан бері қордаланған ағынды су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Бұл орайда 2022 жылға дейін аудан аумағындағы 13 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7015 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Қыркүйек, 2020
Әлемде астық бағасы қымбаттайды
Дәнді дақылдар халықаралық нарықта да қымбаттайды. 2021 жылдың соңында әлемдегі дақылдар қоры 895 млн тоннаға жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020
Алексей Цой Алматы облысындағы жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысымен танысты
Іссапармен өңірлерде жүрген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысына барып, Еркін ауылындағы тұрғындарға арнап салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты. Медициналық нысан бір ауысымда 100 келушіні қабылдай алады. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін мекеменің аумағы 1100 шаршы метр және 14 500 адамға арналған, - деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы Мәдина Әбілқасымованың есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы нарығының биылғы дамуы жөнінде есеп беріліп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканы несиелеу ісін ынталандыруға қатысты реттеу шараларын жүзеге асыру және тұтыну несиелерінің шектен тыс артуына жол бермеу туралы Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндалды, - деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 03 Қыркүйек, 2020
БҒМ білім берудің онлайн-платформаларына бірыңғай талаптар әзірлейді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг кезінде Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Жолдауын іске асыру аясында білім беру саласында қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2020
Еуроодаққа мүше елдердің аумағында коронавирус қайта өршіді
Кәрі құрлықта коронавирусты жұқтырғандардың саны өрши түсуде. Шекаралар қайта жабылып жатыр. Дәл наурыз айындағы қойылымның қайталанбасына кім кепіл? Сондықтан Еуропа Еуроодаққа мүше елдерден келетін туристерге шектеу қоя бастады, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 03 Қыркүйек, 2020
Президент Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік қызметінің қорытындылары, атап айтқанда, мәдениет, спорт, туризм, тіл саясаты, ономастика мәселелері, архивтер бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының нәтижелері туралы есеп берілді, - деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020
Зейнетақы жинағына алынған баспана 5 жылдан кейін ғана сатылуы мүмкін
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының бір бөлігіне сатып алынған баспана 5 жылдан кейін ғана сатылуы мүмкін екенін айтты, -деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2020
Алик Шпекбаев: Шенеуніктердің заңсыз байығаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік енгізіледі
Шенеуніктердің заңсыз байығаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Екібастұзда жанып жатқан пәтерден ес-түссіз жатқан үш адам табылды
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте 20 сағат 23 минутта № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультіне Ломоносов көшесі, 15 мекенжайы бойынша пәтердің жануы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу кезекші қарауылы жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оңтүстік Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2020
Жоғалып кеткен 3 жасар бала аман-есен табылды
Шымкентте жоғалып кеткен үш жасар бала табылды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Коронавирус • 02 Қыркүйек, 2020
Өткен тәулікте 472 адам коронавирустан емделіп шықты
Өткен тәулікте 472 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 01 Қыркүйек, 2020
Семей полигонына қатысты экологиялық қауіпсіздікті күшейтетін заң жобасы қолға алынды
"Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары Қауіпсіздік Кеңесінің және ҚР Үкіметі басшылығының тапсырмаларына сәйкес әзірленді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020
Атырауда 200-ге жуық отбасыға жаңа баспана берілді
Бұл туралы Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.