ер
Қазақстан • 08 Қараша, 2021
Интернет-контентке заңнамалық шектеу ұсынылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев интернет-контентті заңнамалық шектеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Қараша, 2021
«Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы әзірленді
ҚР Энергетика министрлігі «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы мен тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Қараша, 2021
БАҚ туралы заңға қандай түзетулер енгізіледі
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев БАҚ саласының заңнамалық дамуын талқылауға қатысты конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Қараша, 2021
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалайтын ерітінді жасап шығарды
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары жатыр мойны обырын кешенді диагностикалау үшін ерітінді жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 08 Қараша, 2021
Қазақстан «Мызғымас бауырластық-2021» оқу-жаттығуларына қатысады
ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ Бітімгершілік күштерімен Ресей Федерациясындағы оқу-жаттығуларға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 07 Қараша, 2021
Германияда климат мәселесі өзекті
Германияда үкімет құрамын жасақтау қиынға соғатын түрі бар. Қыркүйекте өткен сайлауда жеңіске жеткен Социал-демократтар (SPD) әріптестерімен кей мәселеде тіл табыса алар емес. Әсіресе, қазіргі таңда күйіп тұрған климат тақырыбында партиялардың пікірі екіге жарылды.
Өнер • 07 Қараша, 2021
Қазақстандық брейкер әлем чемпионы атанды
Өз саласында B-Boy Mig деген лақап атпен танылған қазақстандық Әмір Зәкіров Red Bull BC One брейкингтен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2021
Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері сайланды
Талдықорғанда Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясы жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 06 Қараша, 2021
Серік Теміржанов – күміс жүлдегер
Қазақ боксшылары Белградтағы әлем чемпионатын 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен аяқтады. Соңғы болып рингке көтерілген 57 кило салмақтағы үкілі үмітіміз Серік Теміржанов күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Қараша, 2021
Қазақстанда мемлекеттік қордағы жер қойнауын басқару бағдарламасы өзгереді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қараша, 2021
Атырауда жүкті әйелге үш мәрте ота жасалды
Атырау қалалық перзентханасының дәрігерлері жүкті әйелге үш рет ота жасады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, жүкті әйел перзентханаға 4 қарашада түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Қараша, 2021
Нигерде ұлттық аза тұту жарияланды
Африка елінің тұрғындары екі күн бойы Малимен шекаралас Адаб Баб ауылында 2 қарашада болған қанды лаңкестік әрекеттің 69 құрбанын еске алады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 05 Қараша, 2021
«Барселонаға» жаңа бапкер келді
«Барселона» футбол клубының бас бапкері болып, әйгілі испаниялық команданың бұрынғы капитаны Хави тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Қараша, 2021
Семсерлесуден ерлер арасында ел чемпионы анықталды
Шымкентте семсерлесуден ерлер арасында Қазақстан чемпионы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Қараша, 2021
Демалыс күндері ауа райының қандай болатыны айтылды
Синоптиктер 6-8 қарашада Қазақстанда қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 05 Қараша, 2021
Кубалықты нокдаунға түсіріп, финалға шықты
Бокстан Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Серік Теміржанов жартылай финалдық жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Қараша, 2021
Қазақстан Глазгода өңірлік конференцияны табысты өткізді
2021 жылғы 2 қарашада Ұлыбританияның Глазго қаласында БҰҰ негіздемелік конвенциясының СОР26 тараптарының конференциясы шеңберінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Орта Азия өңірлік экологиялық орталығымен бірлесіп конференция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Қараша, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттік жастар кадр резервінің осы өңірдегі өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Бокс • 04 Қараша, 2021
Абылайхан Жүсіпов - үш дүркін қола жүлдегер
Белград төрінде бақ сынап жатқан боксшыларымыз ішінен алғашқы қола жүлдегер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Қараша, 2021
Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазидромет» РМК Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеңіл атлетика • 04 Қараша, 2021
Жеңіл атлеттеріміз Қырғызстанда жаттығып жүр
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қырғызстанның Бостери аймағында оқу-жаттығу жиындарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Қараша, 2021
Жерде магниттік дауыл басталды
Жер бетінде кейінгі жылдардағы ең күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының физика институты Күннің рентген астрономиясы зертханасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Қараша, 2021
844 шетелдік Қазақстан азаматтығын алады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы онлайн режимінде өтті, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Спорт • 04 Қараша, 2021
«Шахтер» стадионында ойын өткізуге тыйым салынды
Қазақстанның футбол федерациясының алаңдарды тексеру комиссиясының шешімімен OLIMPBET-Қазақстан Кубогының ½ финал «Шахтер» - «Тобыл» ойынын Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионында өткізуге тыйым салынды, деп хабарайлады Egemen.kz Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап.
Саясат • 04 Қараша, 2021
Чехия президенті орынтағын сақтап қалатын болды
Прагадағы орталық әскери ауруханада емделіп жатқан 77 жастағы Чехия президенті Милош Земан бүгін реанимациядан қарапайым палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2021
Павлодарда заңсыз ауланған 590 кг балық тәркіленді
Павлодарлық полицейлер 590 кг заңсыз ауланған балықты тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда • 04 Қараша, 2021
Елордада әл-Фарабиге ескерткіш орнатылады
Нұр-Сұлтан қаласында Әбу-Насыр әл-Фарабидің құрметіне ескерткіш қойылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Қараша, 2021
Талапқа сай келмейтін 19 диссертациялық кеңес жабылды
Қазақстанда жоғары оқу орындарының 19 диссертациялық кеңесі белгіленген талаптардың сақталмауына байланысты өз қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта университеттерде тағы 13 диссовет жабылу алдында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 04 Қараша, 2021
Мүше трансплантациясын күту тізімінде қанша бала тұр?
Сенатор Ақмарал Әлназарова Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында трансплантология саласындағы мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Қараша, 2021
Күріш пен мақта алқабы әлі де қысқарады – АШМ
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы мен 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында парниктік газ шығарындыларын азайту жоспарланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.